И-9. Сабақтың тақырыбы: «Циклдік қайталау операторы»
Қазына төлеубай. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Д. Қонаев атындағы орта мектеп
Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз (сж+фч+pas)
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
оқытушылық: Паскаль тілінің операторларын ажырата және қолдана білу, олардың программада жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру , олардың өзіндік ойлау , шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа ақпараттық мәдениетке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қоладанатын әдістер: түсіндірмелі –илюстративті , сұрақ-жауап , баяндау.
Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиялық компьютерлік сынып, проектор
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздерме! Біз өткен сабақтарымызда Паскаль тілінің операторларын өткенбіз. Ол операторлардың Паскаль тілінде есеп шығаруда қандай қызмет атқаратының , олардың бір-бірінен айырмашылықтарын білеміз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде Паскаль тілінің операторларын қайталадыңыздар. Енді сіздердін операторлар негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен: Слайтар
1. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
Жауабы: 3 бөліктен тұрады.
2. Var операторының қызметі қандай?
Жауабы: Айнымаларды сипаттау.
3. Begin
Writeln(‘х-қа мән бер:’); readln(x);
If x>0 then y:=1 else if x=0 then y:=0 else y:=-1;
Writeln(‘Y=’, y)
End.
Сұрақ Begin мен end аралығы Паскаль программасында қалай аталады
( If x>0 then y:=1 else if x=0 then y:=0 else y:=-1;) мұны қалай түсінеміз?
Жауабы: Begin мен end аралығы операторлар бөлігі Шартты оператор
4. Паскаль тілінің оператор нешеге бөлінеді?
Жауабы: Интерактивті тақтамен жұмыс Бет 1
флипчарт
5. Мына операторлардан Паскаль тілінің программасын құрыңдар.
Program integer then writeln else read repeat
Wnile for var real begin if write end
Жауабы:
Program
var real integer
begin
read
writeln
if<өрнек> then<1 оператор> else<2оператор>
write
end
Осылайша Паскаль тілінің программасын құруға болады. Бізге таныс емес мына операторлар « repeat wnile for» циклдік қайталау операторлар.
Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Циклдік қайталау операторы»
Сабағымыздың мақсаты: оқытушылық: Паскаль тілінің операторларын ажырата және қолдана білу, олардың программада жазылу ерекшеліктерін меңгерту. дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру , олардың өзіндік ойлау , шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа ақпараттық мәдениетке ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқушылар нені білу қажет: Паскаль тілінің операторларын толық меңгеріп программада жұмыс жасай білуі қажет.
Оқушылар үйрену қажет: Есепті Паскаль программасына еңгізіп , оның мәнің есептеп, жеке папкада сақтап үйрену қажет.
ІІІ. Жаңа сабақ
Цикл операторы -белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
* қадамдар саны белгілі цикл
* қадамдары саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Циклдік оператордың үш түрі бар
параметрлі цикл шартын алдын ала шартты соңынан
тексеретін цикл тексеретін цикл
ағылшынша for while repeat
қазақша үшін әзір қайталау
Параметрлі For операторы
Цикл параметрін өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.
1. For i:=n1 to n2 do <оператор>;
2. For i:=2 downto n1 do <оператор >
Мұндағы
downto- кемуі
to-өсуі
Мысалы: Мысалы: 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосыныдысын табу керек.
Program қосынды;
var i, s : integer ;
begin
s:=0
for i:=1 to 100 do ( цикл басы)
s:=s+1; (қайталау операторы)
write (‘s=’,s);
end .
Цикл -әзір операторы
Шартын алдын ала тексеретін қайталану саны белгісіз операторы WHILE шарт ақиқат болғанда орындалады.
WHILЕ < шарт> DO <оператор >
Мысалы: Екі натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу. ЕҮОБ
Program ЕҮОБ;
var m,n : integer ;
begin
readln (m,n);
WHILЕ m<>n DO
If m>n then m:=m-n;
write (‘m=’,m);
end .
Цикл-дейін операторы
Шарт цикл соңында тексерілетін REРEAT (қайталану) операторы кем дегенде бір рет орындалады.
REPEAT <оператор> UNTIL<шарт>
Мысалы: S:= 10+9+8+7+6 қосындысын табу
Program esep;
var i,s : integer ;
begin
i:=10 ;
s:=0;
repeat s:=s+1;
i:=i-1;
until i<5;
write (‘i=’,i, ‘s=’,s);
end .
Жауабы: i:=4 ;
s:=6;
Кітаптан 103 беттегі №11 есеп
1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.
program taps37_11;
var
k:integer;
s1,s2,s:integer;
begin
s1:=0; s2:=0;
for k:=1 to 100 do
begin
if k mod 2 = 0 then s1:=s1+k
else s2:=s2+k;
end;
writeln(‘жұп сандар қосындысы =’,s1);
writeln(‘тақ сандар қосындысы =’,s2);
s:=s1+s2;
writeln(‘қосынды =’,s);
end.
Жауабы:
жұп сандар қосындысы s1=2550
тақ сандар қосындысы s2=2500
қосынды s=5050
Сабақты бекіту:
Есте сақтайық!
Цикл операторларында while , repeat, do түйінді сөздерінен кейін және until сөзінің алдында нүктелі үтір қойылмайды.
Сөздік
қазақша | ағылшынша | қазақша | ағылшынша |
Шығару | Write | үшін | for |
енгізу | Read | бүтін бөлік | Div |
егер | If | қалдықты табу | mod |
онда | Then | дейін | Do |
әйтпесе | Else | соңы | End |
қайталау | Repeat | бастау | begin |
әзір | While |
Үйге тапсырма:
а) Оқуға 90-95 бетке дейін оқу
ә) Мысал есептерді дәптерге жазу.
б) 102 беттегі №1 есеп шығару
Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз (сж+фч+pas)
Ұқсас тақырыптар:
- Инф-9. Паскалда есеп шығару.
- Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.
- Информатика-9. Шартты операторлар.
- Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).
- И-9. Сызықты құрылымды алгоритмдер мен программаларды құру
- Repeat және While циклдік операторлары
- Қалалық олимпиада тапсырмалары 2012.
- Паскаль. «Бақытты билет», Бүтін санды жай көбейтінділерге бөлшектеу, ASCII таблицасын шығару, Фамилияларды сұрыптау, Хоар процедурасы
- Информатикадан мектеп олимпиадасы 2011-2012
- Сабақтың тақырыбы: «Паскаль еліне саяхат».