10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Microsoft Access бағдарламасымен танысу

Опубликовал Бақтыбай Суйрибаев в 21 Декабрь 2011 – 19:102 пікір
Бұл мақала 2722 рет оқылды, 22 рет бүгін

Суйрибаев Бақтыбай, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №14 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Access бағдарламасымен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың теориялық білімін практика жүзінде жетілдіру, MS Access бағдарламасының мол мүмкіндіктерінің бар екенін көрсету және тиімді жолмен пайдалануға үйрету.
Тәрбиелік: оқып-үйренгенін іс-тәжірибеде пайдалана білуге, өздігінен еңбек етуге, шапшаңдыққа, ұлтжандылыққа, тапқырлыққа, достыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге және пәнге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыра отырып, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру. Тұлғаның ойлау қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, компьютер, оқулық, тақта, бор, дидактикалық құралдар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, переспективалы оза оқыту технологиясы, On-line сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау, құрал-жабдықтарға көз жүгірту.

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем дей келе

Сабақты ынталандыру: сыныпты екі топқа бөлу, топтарға  Республикамыздың 20 жылда қол жеткізген жетістіктерін айта отырып, топтарға
мағынасын түсіндіре отырып, «Қыран» және «Самұрық» аттарын қою.

Үй тапсырмасын сұрау:

І тур: «Лототрон» ойыны. Ойынның шарты, лототрон арқылы сұрақтар беріледі. Әр топ ұпай жинау үшін жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

  1. Меню жолы қандай элементтерден тұрады?
  2. Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында…
  3. Слайдта орналастырылатын объектілерге нелер жатады?
  4. Жаңа презентацияны неше түрлі әдіспен жасауға болады және оларды ата
  5. Power Point үлгітүрінің типтерін ата
  6. Слайд дегеніміз не?

ІІ тур: «Калейдоскоп» ойыны. Ойынның шарты кестеде әріптер шашыраңқы түрде беріледі. Информатика тиісти сөздерді құрастыру керек. Қай топ көп сөз құрастырса, ұпай сол топқа беріледі.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Кіріспе
  2. MS Access – ті іске қосу
  3. MS Access - басты терезесімен танысу
  4. Мәзір командалары

1. MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

  • 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
  • 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
  • 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
  • 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
  • 2003 Access 2003 (MS Office 2003)
  • 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
  • 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.

Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ре-тінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компютерді осы бағытта пайда-ланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көп-теген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі.

Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдар. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиім-ді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрін де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды.

MS Accessақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office - MS Access, яғни

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.

Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.

Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады.

Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызме-ті бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.

Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарас-тырып өтейік.

Бастапқы терезесі:

Деректер қорын құрастырушы терезесінің түрі:

Мәзір қатары:

ІІІ тур: Практикалық тапсырма. Әр топ өздерінің қарсылас топтарының деректер қорын белгіленген уақыт ішінде құрастырулары тиіс. 5-6 адамнан кем болмайтын және енгізілген мәліметтерде мыналар болуы керек: оқушының аты, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен жайы және телефон нөмірі. Қосымша парақ бетінде MS Access-тің мәзір жолы беріледі.

Топтар сол мәзірлердің атауларын жазып, қосымша тапсырмаға кіріседі. Екінші тапсырмасы жеребе бойынша екі топқа MS Access және MS Excel терезелерінің элементтері салынған парақшаның қиындыларын араластырылып беріледі. Қысқа уақыттың ішінде екі топ екі жеребе бойынша түскен терезені қүрастыру керек.

ІV тур: «Самғау». Бұл жерде MS Access терезесінің түрі өзгертіліп беріледі, екі топ сол қателерін табу керек.

Сабақты бекіту: Тест тапсырмасын орындау.

Сабақты қорыту: Венн диаграммасы бойынша MS Access және MS Excel терезелерін салыстыру арқылы.

Үй тапсырмасы: Деректер қоймасы (29 – 45 беттер аралығы)

Бағалау: оқушылардың жинақтаған ұпайлары арқылы.

Ұқсас тақырыптар:

2 пікір »

  • АСЕМ пишет:

    как можно скачать

  • inust пишет:

    Асем, бүкіл тексті Word-тағыдай мауспен бөлектейсің, копировать ->Word-ты ашасың вставить.
    Сурет түспей қалса, суретті маусытың оң жағымен көрсетіп тұрып копироватьрисунок, ары қарай Word-тағы сурет түрған жерге апарып вставить басасың.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.