10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

ИАССАУИ ҰРПАҚТАРЫ

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 17 Август 2011 – 17:24Пікір жоқ
Бұл мақала 1359 рет оқылды, 1 рет бүгін

Көптеген деректерде Ахмет Иассауи хижраның 562 жылында дүниеден өтті деп көрсетіледі. Бірақ, Иассауидің: «Сол себептен 63-те жерге кірдім» дегені -өлдім дегені емес. Қожа Ахмет сонау балалық кезінен бері пайғамбар сүннатын орындап келген. Пайғамбар 63 жасында көз жұмғандықтан, Иассауи де пайғамбар жасында жер астына кірген. Хонақтың (мешіттің ішкі бөлігі) бір жағынан жер қазылды, қам қыштан жер астында бір құжыра құрылды, құжырада лақат түрінде бір орын жасалды. Өмірін сол мәуетханада ғибадатпен, адамдарға софыльқ жолды ұғындырумен өткізді.

Түрік галымы Мухаммад Фуат Кетрци Заданың «Түрік әдебиетіндегі алғашқы софылық ағым өкілдері» деген үлкен еңбегінде сол құжыраньң бүгінгі заманға шейін тіпті бұзылмай жеткені айтылған (кітаптың 1918 жылы жарық көргенін еске алайық).

Бір кітапта Иассауидің Шейх Нәжімиддин Құбрамен замандас болғаны айтылады. Кубра Хижраның 618 жылында қайтыс болғанын есепке алсақ және Ахметтің туылған жылы Хижраның 499 жылы десек жоғарыдағы аңыздардың дұрыстығына сенгің келеді.

«Диуани хикмет» сол Мәулітханада жазылған. 99 муриді одан рухани сабақ алған.

Иассыда осы күнге дейін жұрт аузында жүрген сөздер мен «Жауохир вл-абрордағы» аңызға қарағанда, Қожа Ахметтің Ибраһим атты ұлы көп ұзамай шетінеген. Сондай-ақ Гвуһары Хушназ (кейбір кітаптарда Гауһры Хушнас, Гәуһары Шәһназ делінген) есімді қызы болған.

Жалпы алғанда, шығыс пен батыс түрікілерінің арасында өздерін Иассауидің нәсіліненбіз деп айтатындар барінылық. Қожа Хасан Нахибұл Шароф Бухоридің «Мазакири ахбоб» шығармасының қолжазбасында Хижраның X ғасырында Самарқанда тұрған, Абдуллаханның сарай ақыны Шәйх Зжриә Иассауидің әулетінен екені айтылады. Хижраның XI ғасырындағы османдық мәшһур саяхатіны аулие Шалаби де өзінің Иассауи нәсілінен екенін жазған. (Әулие Шалабидің 10 томдық «Саяхаттар кітабы» Ыстамбұлда, одан орысшаға аударылып Мәскеуде басылған екі кітабы бар). Біздің дәуіріміздің XV ғасырында Түркістанда ғұмыр кешкен мәшһур ақын Атой да Иассауидіи нәсілінен.

«Хазинатул суфие» кітабында жазылғанындай, Хижраның XI ғасыры аяғында нәсілі Иассауиден тараған бір адам - Қожа Хафиз Ахмад Иассауи Нақышбанди есімді софы өмір сүрген. Бұл дәуір заманның зайылымен отаны Түркістаннан жырақта - Арабстан, Мекке, Мәдина, Кудыс, Шам, Ирақ, Рум, Рус мемлекеттерінде болып, Үндістанға барған, Кашмірге келіп, сол жерде Ыжраның 1116 жылы дүниемен қоштасқан. Бүгінгі күнде де дүниенің түрлі бүрыштарында Иассауидің ұрпақтары бар. Мәселен, сондай ұрпақтардың бірі Арабстан мен Түрікияда тұратын Шейһ Исмайыл ұлы Шаһоббидин Иассауи. Ол 1919 жылы Түркістанда туылған екен. Әкесі Исмайыл Ханақох та шейх болған. Ол 20-30-жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, содан жан сақтап қалу үшін шет елге қашып бара жатқанда кеңес әскерлері атып тастаған.

Ақын хикметтерінен алынған мына шумақтарға назар аударалық (26-хикмет):

Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште суннат деді, жерге кірдім.
Жер астында жан-жүрегіммен құлшылық еттім,
Аятын, оқып, жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым,
Хақ Мұстафа суннаттарын қыла алмадым.
Адамдардан қош көңіл мен жылылық ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым.

Көріп отырғанымыздай, Иассауи шамамен 125 жыл өмір сүрген екен. Егер оның 1166 жылы қайтыс болғанын еске алсақ ұлы тұлғаның туылғанына биыл 951 жыл толады екен.

Мухтар ҚОЖАЕВ
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ҰСТАЗЫ АРЫСТАН БАБ

Кез келген ілімді танып білуде оны тудырған заман мен оны берген орта зерттеу нысанасына айналуы тиіс. Осы тұрғыдан иассауитану ғылымы үшін Арыстан Баб жөніндегі деректер аса құнды. Оларды жинау, талдау арқылы ұлы ойшыл нәр алған рухани көздерді анықтауға жол ашылмақ. ғылыми әдебиетте Арыстан Баб жайындағы мағлұматтар аз. К.Г.Залеман, Ә.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А.Семенов1, Дж.Тримингэм,2 И.Меликофф3 еңбектерінде Арыстан Бабтың Қожа Ахмет Иассауиге ұстаздық еткені бір сөзбен ғана аталып өтеді. Ә.Муминовтың пікірініне, Арыстан Баб Отырардағы мубайидийа ілімін ұстаушылар кауымының рухани жетекшісі болған.4 Ал мубаййидийа бағыты сол кезден алдыңғы қатарлы ілімдердің бірі болыпты. Оның негіздерінен ғулама ғалым Әбу Наср ел-Фараби де сусындағаны қазір далелденғп отыр. Арыстан Баб ислам дінінен басқа отыз үш дін негіздерін білгені жөніндегі халық аңызының хабары оның терең энциклопедиялық білім иеа болғанын аңғартады.

Молла Муса Сайрамидің «Тарих-и аминийа» еңбегінде XVI ғасырдың ханы Әбілғазы Убайдаллах куәландырған Арыстан Бабты Әзірет Әліден тарататын шежіре келтіреді: Әлі-имам Мухаммед Ханафийа - Абд ал-Фаттах Баб - Абд ал-Жаббар Баб - Абд ар-Рахман Баб -Абд ар-Рахим Баб - Абд ал-Жалил Баб -Абд ал-Карим Баб - Ысқақ Баб- Исма’ил Баб-Омар Баб-Осман Баб-Ифтихар Баб-Махмуд Баб-Илйас Баб-Арыстан

1 Залеман К.Г. Легенда про Хаким-Ата/ Известия императорской Академии наук. 1898.Т.ІХ, №2, 126;

2 Диваев А. Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун.Казань, 1899, 5;

3 Бартольд В.В. Соч., Т.5. М., 1968, 18.112 Тримингэм Дж. Суфийские ордены в исламе. М., 1989, 54.

4 Муминов А.К. Новые направления в изучении истории братства йасавийа. Общественные науки в Узбекистане. 1993. №11-12, 36.

Баб’ О.Муминов муны Арыстан бабтың ататегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірініне, бұл Отырардың бас әулиесіне Мухаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила).

Арыстан Баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан Бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірініні хикметте «Жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем» деп К-Ахметтің ұстазымен алғаш кезіккен уақытын көрсетеді. Және бұл кездесу ақын өмірінде шешуші болғанын екініні хикметтегі мына жолдар байқатады:

«Жеті жасымда Арыстан Бабам іздеп таптым.
Көре сала пердемен бүркеп жаптым,
Биһамди-л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді.
Сол себептен алпыс үште жерге кірдім»

Тәрбие, оқудың кейбір қырларын «Арыстан Бабам ислам дінін баян қылды»2 (екініні хикмет), «Мың бір зігар үйретіп, мейірбандық жасады» (тоқсаныніны хикмет) деген сөздерден танығандай боламыз.

«Арыстан Бабам айтты», «Арыстан Бабам сөздері естіңз, тәбәррәк»3 деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныніны хикмет Арыстан Баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Оның бірініні бөлігі құдай жолына түскен шәкірттер қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабы сияқты. Онда дүние мен мансап үшін күтілетін жамандық пен қиянат атаулының бәрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған. Хикметте «кісі малын жейтіндерді», «айла қылатындарды», «иманын, дінін бергендерді» әшкерелейді, нысапшылдың, қанағт-рақым дәріптеледі.

Осыдан Арыстан Бабтың кейбір зерттеушілер жазғандай, әдеттегі сауат ашатын мектеп дәрежесіндегі мұғалім емес екенін аңғаруға болады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан Бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмуны софылық, адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін көрсетіп тұр.

Арыстан Бабты кейбір аңыздарда Салман Парсы деп таныстырады. Бұл пікірдің негізсіз екенін қолымызда бар материалдармен Арыстан Баб кесенесі жайындағы зерттеуімізде көрсеткен болатынбыз. «Әмір Темір аманаты» деген тарихи шығармада Салман Парсының

1 Молла Муса бен Молла Айса-ходжа Сайрами. Тарих-и амнийа. Перевод В.П.Юдина/ Материалы по истории казахских ханств XV-ХУШ вв. Алма-Ата., 1969, 488.

2 Қожа Ахмет Иассауи. Кырық хикмет. Түркістан, 1991, 21.

3 Қожа Ахмет Иассауи. Диуани Хикмет. Ежелгі дәуір әдебиеті. 2 кітап. Алматы, 1991, 130-131.

нурлы гулзарасы (ягни мазары) аталады да, оган Мада’ ин (қазіргі ал-Мада’ ин қаласы) қазынасынан өз дәрежесінде күтіп тұру үшін қаражат (уақф) белгіленгені жөнінде хабар бар. Бұл Салман Парсы кесенесінің Иракта орналасқанының тағы бір дәлелі. Тоқсаныніны хикмет Арыстан Бабты «арабтардың ұлығы» деп көрсетеді. Арыстан Баб ұрпағымыз деп санайтын әулиенің байырғы шырақшылары Нарымбетов әулеті де өздерін арабтан тарататын қожаларға жатқызады. Ал Салман Парсы ирандық (яки парсылық) болғаны белгілі. Ол қазіргі жыл қайтаруымыз бойыніна шамамен 655-667 жылдары дүние салыпты.

Арыстан Бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында. Бұл түрік тілді халықтардың ертеден қастерлеп келе жатқан орындарының бірі. Мысалы, «Қиса Алпамыста» Байбөрі мен Аналықтың перзентке зар болып, әулие жерлерді аралап, бала сүрауы темендегідей сүреттеледі:

«Самарқанның қаласын

Самарқанда сансыз бап,

Ардақтап әбден арасын.

Жалықпай сүрап әркімнен,

Әр әулие намасын.

Бұқарға жол тартты,

Аллага тартып наласын.

Баһауәдин Нақиінбент

Зиярат қылды моласын.

… Түркістанда түмен бап,

Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап.

Бабалардың бабын сүрасаң,

Ең үлкені Арыстан Баб».

Әулиелер иерархиясында Арыстан Бабтың ең басты, ең жоғарғы темкішекте тұрғанын Байбөріге құдай бала берді деген қуанышты хабарды жеткізген Баба түкті Шашты Әзіз сөзінен де аңғаруға болады:

«Жам әулие жиналдық,

Бастығы болып Арыстан Баб,

Жабыла тілеп жыладың

Жарылқап берді Жаппар Хақ.

 

Арыстан Баб есімінің қазақ бақсылары үшін де қадірлі болғаны Әбубәкір Диваевтің 1899 жылғы мақаласындағы материалдардан да белгілі болып тұр. Осыған қарағандаг Арыстан Баб ислам мен көне түрікілердің ескі сенім-нанымдарын түсіндіріп жақындастырған жоқ па? — деген жорамал туады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Арыстан Баб кесенесіндегі қабірлердің орналасу ерекшеліктері де назар аударарлық. Арыстан Баб жатқан бөлмеге кіре берісте есіктің екі жағында көлемі жағынан шағын екі белгі көтерілген. Зиярат етіп келгендерге бұлардың бірінде Лашын Баб, ал екінінісінде Қарға Баб жатыр деп тусіндіреді. Алайда Лашын Баб пен Қарға Баб жайлы ешқандай әіңгме айтылмайды. Осыған орай, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайында сақтаулы тұрған, осы жинақта жарияланып отырған Баян ауылдан келген зияратінының қолжазбасы қызық. Онда Арыстан Баб дүние салған соң, оның моласына екі құс ұшып келіп, қонады. Бірі - қарға, бірі - лашын делінеді. Көне тұрғаларде бұл екі құс - қарға мен лашын киелі деп есептелген. Тұрға халықтарының шығу тегі жайындағы көне аңыздарда Ашина елін (тұркілердің бабасын) жау шауып кеткенде, жалғыз бала аман қалып, оған ру тотемдері көмекке келеді. Касқыр баланы бауырына алып емізіп, аспан әлемінің емінісі - қарға ет әкеліп береді. Көне шаманизм белгілері көп сақталған якут бақсылары да қарғаны пір тұтады. Якуттердің ішінде кангалас руының тотемі қарға болған екен. Кейбір деректерде огуздардың бегдили тайпасының пір тұтатын жануары ретінде қарға аталады.

Казақ тілінде қарға сөзіне байланысты туған мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер оның қасиетті құс болғанын аңғартады. Мысалы, «біздің де қолымызга қарға тышар», «қарға тамырлы қазақ» делінеді, ал «қарғам-ау» деген сөз «қарағым», «қалқам» деген ұғымда қолданылады. Ертеде қазақ қаніна балаң бар деген сүраққа - пәлен қарға ұстап отырмыз деп жауап берген. Орта жүздегі Қара-керей руының атауын қарғаға байланыстырады.

Қырандар тұрік тайпаларының тотемдері болған. Лашын сұңқар тектестер ішінде ең қыраны да, атақтысы да болып саналады. Арыстан Бабтың есімі қазақ бақсыларының өлеңдерінде аталуы, Арыстан Баб дүние салған соң түрікі тайпаларының қасиетті құстарының ұшып келуі жөніндегі әңгімелер Х-ХІ ғасырларда исламның шаманизмнің қабысу процесінің орнағанының айғагы. Сырдың орта бойында интенсивті тұрде жүріп отырған сенім-нанымдар синкретизмі Арыстан Баб тұлғасында кейін оның шәкірті негізін қалаған иассауийа ұймінде орын алды.

Арыстан Баб Қожа Ахметтің рухани әкесі болды. Дж.Тримингәм жазғандай: «Иассауи дәстұрі таза тұріклік баөытта болды. Ол түрікі шайхы Арыстан Баб дүние салғаніна оның қолында тәлім-тәрбие алды». «Диуани Хикмет» пен Сулеймен Бақырғани өлеңдерінде және аңыз әңгімелерде Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы ретінде тек Арыстан Баб көрсетіліп, Хамаданидің аталмауы, бұқаралық софының ұстаздығы женіндегі зерттеушілердің тұжырымын қайта тексеруді талап етеді. Қалай болғанда да, Қожа Ахмет іліміне тән тұлғалық бағыттың тамырлары түрікі тайпаларының мекені оның туған өлксі - Сыр бойында жатқаны хақ.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.