Басты бет » Сайт туралы

Сайт туралы

Сайтта екі жоба бар:

1. “Информатик ұстаздар” - информатик ұстаздардың интернеттегі ерікті бірлестігін құра отырып, олардың өзара көмегін ұйымдастыруға және жас ұстаздарға қолдау/көмек көрсетуге арналған жоба.
2. “Шығыстың жеті жұлдызы” - бұл жастарға патриоттық тәрбие беруге арналған жоба.
3. “Әртүрлі” - автордың хоббилары мен сайтқа кездейсоқ кіргендерге, туыстарына/достарына арналған жұмыстар.

Көшіру үшін ИИЕБ-не мүше болыңыз:

1. Сайтқа тіркеліңіз. Аты-жөніңізді жазып, суретіңізді қойыңыз.
2. Бұрын Интернетте жаряланбаған жұмысыңызды салыңыз;
3. Жұмысыңызды [email protected], [email protected] е-майлдарының біріне жіберіңіз!
4. Осы сайтты информатика бөлмесіндегі оқушылардың және өзіңіздің компьютеріңізге басты жүкетелу беті етіп белгілеңіз.
Пуск/ панель управление/ Свойства обазревателя/ домашняя страница/ http://infust.kz деп өзгертіңіз/ применить/ ОК

Басқа пән мұғалімдері жұмыстарын, егер информатик ұстаздар көмегін пайдаланса, осы сайтқа сала береді.

Жылдам байланысу үшін мына телефонға хабарласыңыз 87025493013

Құрметті ИНФОРМАТИК ҰСТАЗ! Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар “Информатиктердің интернеттегі ерікті методикалық бірлестігін” құрған едік. Мақсаты: Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек көрсету және өзара қолдау жасау. Оның белсенді мүшелерінің жұмыстары осы сайтқа орналастырылған. Бірлестік мүшелері өз-ара м-агент немесе т.б әдістер арқылы байланысады. Егер қажет болса Информатик-ұстаздардың е-майлдарын мүше болған соң менен аласыз.
ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, инф.аттестациялық тестілер, антивирус-программаларының кілттерін, конкурсқа қатысқандар тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге ерікті түрде міндеттеме алады.
Біздің басқаруымызбен www.elp.kz сайтындағы интерактив-комнаталар арқылы тәжірибелік сабақтар өткіземіз, оқушыларымыз да онлайн-сұқбат өткізеді.
Арамызда мотерадорлық қызмет атқаратын информатик-ұстаздар көмегімен интераткивті сабақтар өткізіп, үйренеміз және басқаларды үйретеміз.
Үстаздарға керегі бар барлық материалдар мүшелер үшін тегін.

ИИЕБ мүшесі болу үшін осы сайтқа кем дегенде 5 жұмыс (информатикадан сабақ жоспары, презентация, флипчарт, сынып сағаты, тәрбие жұмысы, педагогика тақырыптарының кез-келгені бойынша жалпы саны бесеу) салуыңыз керек. Жұмысты жоғарыда көсетілген е-майлға жібересіз. Жіберген жұмысыңыз сапалы, басқалардың қажетіне жарайтын болса сайтқа шығады. Жұмысыңыз сайтқа шыққан кезден бастап сіз мүше болып саналасыз сайт материалдарын еркін қолданасыз.

Сайтымыз былтырғыдай дәрежеге жеткен соң, сайтқа шыққан сабақтар үшін Білім министрлігінің бөлімдері арқылы, сертификат беру жағын ұйымдастырам.

Сайтқа жіберген әр жұмыстың басқы жағына (колонтитулға) автор туралы толық мәлімет жазыңыздар (аты-жөні, облысы, қала/аудан/ауыл, мектеп аты).

Автор туралы

_________________________________________________________________