10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер, Таңдаулы, Ұстаздар шығармашылығы

Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық

Опубликовал ДАМИР БЕРДІБЕКОВ в 26 Январь 2012 – 20:443 пікір
Бұл мақала 2064 рет оқылды, 23 рет бүгін

 

Бердібеков Дамир Жұмантайұлы
БҚО. Теректі ауданы. Подстепное ауылы. Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

“Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет”
Н.Ә.Назарбаев.

Электрондық оқулық пен оқытудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.»
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып, бейнелеу өнері бойынша электронды оқулық құрастыруды қолға алған болатынмын.
Электрондық оқулықтарды пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша  тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады.
Бұл электронды оқулық бейнелеу пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер үшін және оқушылар үшін жасалған (6 сынып). Электронды оқулық негізінен бейнелеу оқулықтары бойынша дайындалды. Электронды оқулық жалпы Macromedia Flash бағдарламасымен және қосымша Adobe Fotoshop және CorelDRAW бағдарламаларының көмегімен жасалды.
Мұнда оқушылар жалпы бейнелеу өнер саласын толықтай танып білуі қарастырылады. Бұл электронды оқулық бойынша бейнелеу өнерінен оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді деп ойлаймын. Оқушыларды есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түсетінін, затқа қарап сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық қабілеттерін дамытып, үйлесімдік шешім табуға, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді.
Бұл оқулықтың жалпы мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек:
Түрлері бөлімі бойынша бейнелеу өнерінің кескіндеме (кескіндеме түрлері), графика (графика түрлері), мүсін өнері (мүсіндеу  түрлері), сәулет өнері (сәулеттік өнер түрлері), дизайн және халықтық  сәндік қолданбалы өнері (қолөнер түрлері) жайында материалдар қарастырылған;
Бейнелеу жолдары бөлімінде бейнелеу саласының негізгі ережелері  сызықтық бейнелеу, реңдік бейнелеу, орналастыру, үйлестіру, затқа қарап сурет салу, елестетіп салу және перспектива заңдылықтары туралы;
- Шығарманың ең бір басты және жалпы ерекшеліктеріне, мазмұнына қарай бірігуіне байланысты жанрлық құрылым кірістірілген (натюрморт, пейзаж, портрет, батальды жанр және анималистік жанр);
- Бояулар әлемі бойынша түрлі түсті қарындаштар, акварель, гуашь, пастель, майлы бояу және түстер үйлесімділігі жайлы түсінік беріледі;
- Суретшілер бөлімінде, мысалы оқулықта (Бейнелеу өнері, 6 сынып) осы суретшілер жайлы деректер аз келтірілген. Ал электронды оқулықтан Қазақстан халық суретшілерінің қысқаша өмірбаяны мен шығармаларын, сонымен қатар қазақтың бейнелеу өнерімен танысып өтіледі;
- Тапсырма бөлімі бойынша өзіңіз қалаған кез келген еркін тақырыпта компьютер арқылы сурет салуға және электронды тест тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Қолданушы электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып, белгілі тақырыпқа берілген тест сұрақтарына жауап береді және сурет салады;
- Термин сөздер. Бейнелеу өнеріне қатысты терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. Қолданушы түсiнбеген сөздi термин сөздер бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне болады;

Электрондық оқулықты көшіру бетіне өту

немесе көшіру үшін сілтеме:
http://files.gameworld.kz/h200020j13.html

Пікір жазуды ұмытпаңыздар!
[email protected]

 

Ұқсас тақырыптар:

3 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.