10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Паскаль туралы

Информатикадан мектеп олимпиадасы 2011-2012

Опубликовал inust в 12 Ноябрь 2011 – 17:303 пікір
Бұл мақала 4772 рет оқылды, 7 рет бүгін

В есебі Саяхат
Сіздің досыңыз бір мемлекеттің N қаласы бойынша саяхатқа шығуға шешім қабылдады. Екі қаланың арасындағы жол бір күнді алады. Күнде ол бір қаладан бір қалаға көшіп жүреді (ол болған қаласына қайта оралады) Егер ол өзінің саяхатын бірінші қаладан бастаса К күннен кейін қай қалада бола алатынын анықтаңыз

Алгоритм идеясы:
Егер қала саны күн санынан аз немесе тең болса (N<=К) онда жауап ретінде N-нің өзін алуға болады. Болмаса (N<К) күндерді кесте ретінде ka[1..10000] аламыз да сол кестені қала нөмірлерімен (1, 2, … n) толтырамыз. N-ге жеткен соң 1-ші қаладан бастап жазамыз. Сонда соңғы күнге (кестедегі соңғы ұяшық i=k) cәйкес келетін қала нөмірі есептің жауабы болады.

program sayahat;
var i,j,k,n:integer;
ka:array[1..10000] of integer;
begin
write(‘neshe kala n=’); read(n);
writeln(‘neshe kun k=’); readln(k);

j:=1;
for i:=1 to k do
begin
if j<=n-1 then j:=j+1 else j:=1;
ka[i]:=j;
end;
writeln;
writeln(ka[i],’-kalada bolady’);
end.

Е есебі Сиқырлы шаршы
Сиқырлы шаршы деп 1ден 1000 дейінгі сандар жазылған , әр жолдағы және әр қатардағы сандардың қосындысы тең, N жолдан және N қатардан тұратын кестені айтамыз. Сиқырлы шаршыдағы барлық сандар әр түрлі болуы тиіс. Сізге N берілген , кез- келген N х N болатын сиқырлы квадратты құрыңыз

Бұл есептің жауабы интернетте көп:

http://forum.pascal.net.ru/index.php?showtopic=3633

http://levvol.ru/ar2.php

С есебі. Түбір
Берілген А санының N дәрежелі түбірін табыңыз (яғни, Х-тің N-дәрежесі тең А шарты орындалатындай Х саны) Егер жауап бүтін емес сан болса, онда оны жуықтау ережесіне жуықтаңыз

Алгоритмдеу идеясы есептің шартында бар (қалың жазу).

program Koren_stepen;
var i,j,x,a,n:integer;
label 10;
begin
write(‘san engiz a= ‘); read(a);
write(‘tubir darejesi n= ‘); read(n);writeln;
for i:=1 to Round(a/2) do
begin
x:=i;
for j:= 1 to n-1 do x:=x*i;

if x=a then begin
writeln;writeln(a,’ sanynyn ‘,n,’ darejeli tubiri = ‘,i); goto 10; end;
end;
10:end.

Бұл программалардың басқа да нұсқаларын жазған болсаңыз осы жерге жарялауызды өтінем.Түбір туралы есепті логарифм амалын қолданып жазса, программа бұдан қысқа болуы мүмкін және жуықтау ережесін ескеруге болатын шығар. Мен жуықтау ережесін ескермедім. Осы мақаланың төменгі жағындағы жазу өрісіне өз нұсқаңызды көшіріп түсіріп, “пікірді жөнелту” дегенді басаңыз болды.

Ұқсас тақырыптар:

3 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.