10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Сабақтың тақырыбы: «Паскаль еліне саяхат».

Опубликовал Баян в 29 Февраль 2012 – 19:27Пікір жоқ
Бұл мақала 493 рет оқылды, 7 рет бүгін

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы.Подстепный, қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы

Сабақтың мақсаты: білімділік:Оқушыларға мәселені шешу процесінің негізгі мәнісі алгоритм құру екенін көрсету. Паскаль программалау тілінде программа құруға үйрену.Сызықтық ,тармақталған , қайталану командаларды қолданып программалауға үйрету, орындауға икемдеу.
дамытушылық:Теорияны практикада қолдануды  және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өзбетінше ДК жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік:Пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен    жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ, топтастыру.
Сабақта қолданылатын құрылғылар: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, тест жұмысы.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз.Өмір деген алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады.Ал кейбір шарт орындалуына байланысты тармақтар бойынша жүруі мүмкін ,не болмаса қайталана орындалуы мүмкін.Бүгінгі сабағымызда осындай мәселелерді шеше алатындай алгоритм және программа құруға үйренеміз. Бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ .(яғни өткен тақырыптарымызды  қайталап шығу)
Жайық өзенінің алыстағы “Паскаль” жағалауында экологиялық апат болған екен. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз

Көңіл күйлеріңіз қалай? /тамаша,жақсы,жабырқау/

2.Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Алгоритм дегеніміз не? Белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер тізбегін орындап шығуға берілген түсінікті де анық ұйғарым.
2.Алгоритм қасиеттерін атаңыз? Дискреттілігі/үздіктілігі/,анықтылығы,жалпылығы,нәтижелігі
3.Тармақту командасының программалау тілі қалай жазылады?
If шарт    then 1-серия  else 2-серия     end
4.Блок-схема не үшін қажет ? Алгоритм қалай кескінделеді?
Алгоритмді көрнекі тәсілі графикалық кескіндеу үшін қажет. Қызметші сөздер алг, басы, соңы, енгізу, шығару, меншіктеу арқылы.
5.Ең қарапайым Паскаль тілі қалай жазылады? Program  ,begin, end. readln ,writeln  , - сөздерін қолдану арқылы  және :=- меншіктеу командасын қолданамыз.

3.«Жорық жолы» -саяхатымызды бастаймыз
a) «Есте сақтау» елі /интерактивті тақтада жазады, тексереді/

// Математикалық өрнектер программалау
1 Х2 sgr(x)
2 sgrt(x)
3 IxI abs(x)
4 8,29 8.29
5 6 div 2 + 5 mod 2 3+1=4
6 tg(x) sin(x)/cos(x)
7 [x] Int(x)
8 Lnx Ln(x)
9 е x exp(x)
10 Sin300 Sin(30*pi/180)
11 5-0.5 exp(-0.5*Ln(5))

Сыныпты екі топка бөлу:
1.Алгоритм
2.Программа

б) «Сиқырлы есептер» елі.
Тапсырма 1.
1.Алгоримтің жазыңыз
2.Блок схема тұрғызыңыз
3.Паскаль тілінде программа құрыңыз

ДК орындау.
Begin
writeln((sqrt(15.2)-сos(25*pi/180))/(sin(2)+(sin(3)/cos(3))) :8:5);
end.

Тапсырма 2.
Программасын құрыңыз.
ДК орындау.
begin
writeln(abs(sin(60*pi/180)-2)+(2,5+sqr(cos(30*pi/180)))/ sqr(1,3) :8:5);
end.

Тапсырма 3.
Жаяу адам құрлықта 1 км/сағ ,тауда 2 км/сағ, тау етегінде 3 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Кеткен уақыттары t1,t2,t3.Жүрген жолдарын есептеу үшін алгоримтін құрыңыз?

Алгоритмің жазыңыз.

алг Физика
басы
енгізу v1, v2, v3, t1, t2, t3
1. S1 := v1 * t1.
2. S2 := v2 * t2.
3. S3 := v3 * t3.
4. S := S1 + S2 + S3.
шығару S
соңы

Тапсырма 4.
З л және 8 л  екі құмыра бар.Өзеннен бөшкеге 7 л су құюға бола ма? Алгоритм жазыңыз?

алг 7л алу
басы
1.Сегіз литрлік ыдысты сумен толтыру керек
2. Одан 3 л суды үш литерлік құмыраға құю керек
3.Құйған үш литерлік құмыраны төгіп тастау керек
4.Қалған 5 л судан үш литерлік ыдысқа 3 л су құю керек
5.Үш литерлік ыдыстағы суды төгіп тастау
6.Ыдысқа 2 л  су құямыз
7.8л ыдыстан 3л суды төгу керек
8.Қалған 5л суды құямыз
соңы

Тапсыпма 5.
Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер   олардың екеуі бір-біріне     тең болса, «иә» деп, ал ү шеуі де бірдей сан болса, бәрі тең деп жазу керек.  Программа құрыңыз.

ДК орындау.
var a,b,c:integer;
begin
writeln(’үш сан енгіз ’);
read(a,b,c);
if (a<>b) and (b<>c) and (a<>c) then writeln(‘жоќ ’)
else if (a=b) and (b=c) and (a=c) then writeln(‘бәрі тең ’)
else writeln(‘екеуі тең ’);
end.

в) «Демалыс сәті»- әуенмен Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жасаңыз

г) «Ойлау»-елі</em>

Тапсырма 6.
Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c жєне d, e, f берілген. Қай үшбұрыштың ауданы үлкен екенін аңықтау   қажет.

ДК орындау.
var a,b,c,d,e,f,p1,p2,S1,S2:real;
begin
writeln(’1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);
readln(a,b,c);
writeln(’2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:’);
readln(d,e,f);
p1:=(a+b+c)/2;
p2:=(d+e+f)/2;
S1:=sqrt(p1*(p1-a)*(p1-b)*(p1-c));
S2:= sqrt(p2*(p2-d)*(p2-e)*(p2-f));
if S1>S2 then writeln(‘үлкені 1-үшбұрыш, ауданы =’, S1:8:2)
else writeln(‘үлкені 2-үшбұрыш, ауданы =’, S2:8:2)
end.

Тапсырма 7.
P натурал сан болғанда,a p өрнегін есептейтін программа құрыңдар (программаны while do,  for to do операторларының әрқайсысын пайдаланып, шығаруға тырысыңдар)

ДК орындау.
program esep;
var i,n:integer;

program esep;
var i,n:integer;
p,a,S:real;
begin
writeln(‘шекарасын көрсет: ‘);
readln(n);
a:=5;
S:=1; p:=1;
while i<n do
begin
i:=i+1;
S:=S*exp(p*ln(a));
writeln(‘a= ‘,a:8:2,’   p= ‘,i:5, ‘  S =’,S:8:2);
end; 

p,a,S:real;
begin
writeln(‘шекарасын көрсет: ‘);
readln(n);
a:=5;
S:=1; p:=1;
for i:=1 to n do
begin
S:=S*exp(p*ln(a));
writeln(‘a= ‘,a:8:2,’   p= ‘,i:5, ‘ S =’,S:8:2);
end;
end.

Тапсырма 8.
ДК Excel редакторында өткенді ұмытпаc үшін тест жұмысын орындаңыз.

д) «Қорытынды»-елі.
Оқушыларды бағалау(топтардың ДК шығарған есептерін қарау- экранда бағалауды көрсету және тест бағасын қою)

ДК орындаған программалардың
5-дұрыс болса— “5” баға
4- дұрыс болса– “4” баға
3-дұрыс болса– “3” баға
2 аз болса –”2” баға

Программа бойынша көп тапсырма орындаған және тест жұмысында бес алған  топ алда болады.
«Паскаль жағалауы»- келіп,  біз бұл жағалауды  құтқардық.
Білім, достық, өзара көмек арқасында солай ма балалар?

Үйге: 35-55 беттер арасындағы тақырыптарды қайталап оқу , 59 бет №6,7 тапсырмаларды орындау .(Орындау үшін түсіндіріп жіберу)

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қосымша тапсырма:
Тоғыз тиынның біреуі жалған, яғни салмағы жеңілдеу.Тасы жоқ таразымен екі рет тарту арқылы жалған тиынды қалай табамыз.Алгоритмін жазыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.