10 Август 2011 – 18:58 | 37 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
бұрынғы сайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып еді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер, Тәрбие сағаттар

Ашық тәрбие сағаты: Ас адамның арқауы, 5-сынып.

Опубликовал nazok_89 в 28 Февраль 2012 – 11:24Пікір жоқ
Бұл мақала 520 рет оқылды, 34 рет бүгін

Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназ Қуанышқызы.

Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. 3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
 Нан туралы ақыл – кеңестер.
 Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
 Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап –атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
7.Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
8.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.
9.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
10.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.
Жамбас қойдық құдаға
Жал мен жая сыбаға
Қалақтай төс жездеге
Қазы қарта өзгеге.
Уыз, қаймақ тағы бар
Уылдырық табылар
Табан , сазан, майшабақ
Табақ тарттық қайталап.
11. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.
12.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.
13.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.
14.Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.
Балаларға – тортымыз,
Барлық жұртқа құртымыз
Балмен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
Қауын –қарбыз, көкөніс
Қанша жидек, көп жеміс.
Қане, тойда тойыңдар.
Кәдеден соң ойын бар .
Нан туралы тақпақтар
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан атталмас.
3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.

4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Тістем наның қадірін
Тарыққанда білерсің.
VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі»

1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
V бөлім. «Үй тарсырма»
Үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстыру.
VІ. Бата беру
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!

Ой қорыту:
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.

Тәрбие сағатының презентациясын көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.