10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Repeat және While циклдік операторлары

Опубликовал Жеткизгенова Күнжақсы в 17 Март 2012 – 08:35Пікір жоқ
Бұл мақала 231 рет оқылды, 9 рет бүгін

Сабақтың тақырыбы: Repeat және While циклдік операторлары
Сабақтың білімділік мақсаты: Repeat және While циклдік операторларының Паскаль бағдарламалау тіліндегі формата-рын және жазылу ережелерін меңгерту;
дамытушылық мақсаты: Қайталану оператор форматтарын бағдарлама құруда тиімді пайдалануды және циклдарды ұйымдастыруды үйрету, логикалық ойлау қа-білеттерін дамыту;
тәрбиелік мақсаты: Бағдарлама құруда ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Демонстрациялау, топтық
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ДК, бейнепроектор, проекциялық экран, слайдтар, демонстрациялық карточка-лар, бағалау парағы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушыларды сабақ жоспарымен және мақсатымен таныстыру.
(Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, топтың атын анықтау мақсатында сұрақ қойылады. Сұрақтың дұрыс жауабы жауап берген топтың аты болады.)

1. Алғашқы мәліметтерді пайдаланып, іздеген мақсатқа жеткізетін түсінікті әрі дәл ұйғарым қалай аталады ? (алгоритм)
2. Бағдарламалау тілінде құрылған компьютерге дәл және толық нұсқау қалай аталады ? (бағдарлама)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1, 3, 5, 7, … қатарының алғашқы N мүшесінің қосындысын есептейтін бағдарлама құру. (Екі топтың екі оқушысы есепті компьютерде орындайды)

«Алгоритм» тобы
(есептеуіштің өсуі бойынша) «Бағдарлама» тобы
(есептеуіштің кемуі бойынша)
Program Example_1;
Var e,i, n, S: integer;
Begin
Writeln (‘Количество суммируемых членов:’);
Readln (n);
e:=1;
S:=0;
For i:=1 to n do
Begin
S:= S + e;
e:= e+2;
End;
Writeln (‘Сумма первых ’,n,‘ членов =’,S);
Readln
End. Program Example_2;
Var e,i, n, S: integer;
Begin
Writeln (‘Количество суммируемых членов:’);
Readln (n);
e:=1;
S:=0;
For i:=n downto 1 do
Begin
S:= S + e;
e:= e+2;
End;
Writeln (‘Сумма первых ’,n,‘ членов =’,S);
Readln
End.
(Қалған оқушыларға қойылатын сұрақтар)
1. Алгоритм дегеніміз не ? Оның қандай түрлері бар ?
2. Қандай алгоритмді сызықтық деп атаймыз ?
3. Қандай алгоритмді тармақталған деп атаймыз ?
4. Қандай алгоритмді циклдік деп атаймыз ?
5. Цикл дегеніміз не ?
6. Паскаль бағдарламалау тілінде циклды ұйымдастыратын оператопларды атаңдар.
7. Цикл есептеуіші дегеніміз не ?
8. «Үшін» циклінің жазылу форматтары.
9. FOR … TO циклінің FOR … DOWNTO циклінен айырмашылығы қандай ?

ІІІ. Жаңа сабақ материалын ашу

(Power Point бағдарламасындағы слайдтарды интерактивті тақтада презентациялау арқылы түсіндіру)
Сонымен Pascal бағдарламалау тілінде циклдарды ұйымдастырудың үш түрі бар: WHILE, REPEAT, FOR (1-сурет)

1-сурет

«Әзірше» циклінің жазылу форматы: (2-сурет)
While do ;
Цикл денесі логикалық өрнектің мәні true болғанша орындалады. While циклінде бастапқы кезде шарт тексеріледі, егер мән true (шарт сақталса), онда цикл денесі орындалып, басқару қайтадан логикалық өрнек шартының сақталуын тексеруге беріледі. Егер мән false болса (шарт сақталмаса), онда цикл денесі орындалмай басқару While циклінен соң кездесетін бірінші операторға беріледі. While циклдік операторы циклдік қайталау саны белгісіз болып, оның аяқталуының қандай да бір шарты берілген жағдайда қолданылады.
While операторының орындалуының схемалық түрі төмендегідей болады: (3-сурет)

2 – сурет 3 – сурет

«Дейін» циклінің жазылу форматы: (4-сурет)
Repeat until ;
Цикл логикалық өрнек false мәнін қабылдаған кезде аяқталады. Мұнда, Repeat (қайталау) – цикл тақырыбы, until (дейін) – циклдің аяқталу шарты. Логикалық өрнек мәні true болған кезде циклді орындау аяқталады. Repeat циклдық операторының жұмысы While циклдық операторымен бірдей. Айырмашылығы шартты тексеру цикл қадамынан кейін орындалады. Сондықтан цикл қадамы кемінде бір ретр орындалуы керек.
Repeat операторының орындалуының схемалық түрі төмендегідей болады: (5-сурет)

4-сурет 5-сурет

Айырмашылығы

R E P E A T
W H I L E
Шартты тексеру цикл соңында цикл басында
Логикалық өрнек ақиқат болса цикл аяқталады цикл жалғасады
Бөлімі бастапқы және соңғы бастапқы

Циклды ұйымдастыратын While және Repeat операторларын пайдаланып мынадай мысалды қарастырайық.
Мысал: y = 8, 6, 4, 2 болғанда y = x 2 функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құрайық. (6,7-сурет)

6-сурет 7-сурет

ІV. Жаңа сабақ материалын бекіту тапсырмалары

(Берілген есептің бағдарламасын циклды ұйымдастыру операторларын пайдаланып әр топ мүшелері компьютерде орындайды. Берілген есепті дұрыс орындаған оқушы қосымша тапсырманы орындайды.)(8,9-сурет)

8-сурет 9-сурет
Тапсырма «Алгоритм» тобы «Бағдарлама» тобы
8 Program Example_2;
Var x, y: integer;
Begin
x:=1;
While x = 9;
Readln
End
Y = ∑ x 2 – 2
x=1
Қосымша тапсырма
n = 1, 2, 3 және
k = 2, 4, 6, 8 болғанда y = 2 k + n мәнін есеп- тейтін бағдарламасын (кіріс және шығыс файлдарымен) құру
Program Example_3;
Var x, y: integer;
f1, f2: text;
Begin
Assign (f1, ‘sum.in’);
Assign (f2, ‘sum.out’);
Reset (f1); Rewrite (f2);
x:=1;
While x = 9;
Readln
Close (f1); Close (f2);
End.

V. Жаңа сабақ материалын қорытындылау

(Оқушылар пысықтау сұрақтарының жауаптарын интерактивті тақтада жазады)
1. Шартты алдын-ала тексеру циклін ұйымдастыратын оператор.
2. Шартты соңында тексеру циклін ұйымдастыратын оператор.
3. Екі циклдің арасындағы айырмашылығы қандай ?
4. «Әзірше» циклінің жазылу форматы
5. «Дейін» циклінің жазылу форматы

10-сурет 11-сурет

12-сурет 13-сурет

VІ. Үйге тапсырма беру

Берілген функцияның мәнін есептейтін бағдарламасын құрыңдар: (14-сурет)

14-сурет

VІІ. Бағалау

а) (Оқушылардың жұмысын бағалау шарты бекіту тапсырмаларын орындамас бұрыс хабарланады.) Шарты:
«5» - берілген тапсырма кіріс және шығыс файлдарымен құрылса немесе қосымша тапсырманы орындаса;
«4» - берілген есептің бағдарламасын құруда циклды ұйымдастырудың бір ғана тәсілін қолданса;
«3» - берілген есептің бағдарламасын қате орындалса

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.