10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бейнематериалдар

Көк тудың желбірегені - әншісі, компазиторы, ақыны.

Опубликовал в 24 Декабрь 2012 – 10:45Пікір жоқ
Бұл мақала 21 рет оқылды, 3 рет бүгін

“Көк тудың желбірегені” - рухты оятатын нағыз патриоттық ән

Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндердің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні - сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған….

Толық ақапарат: http://massaget.kz/madeniet/music/2813

Көк тудың желбірегені
Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы
Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан
Орындаушысы: Ибрагим Ескендір

Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.