Басты бет » (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

(ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!

Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик ұстаздар өз беделін көтерді. Информатик ұстаздар,  осы сайт арқылы, Қазақстандағы ақпараттық ортада өздерінің алдынғы қатарда екендіктерін көрсете білді. Информатик ұстаздар сайты қандайда бір пайда табуды көздемейді. Сайт админі мен де информатик мұғаліммін.
Сайтқа тіркеліп сабақтарыңызды салыңыздар. Басқаларға жақсылық жасайсыз, өзіңіздің мәртебеңізді өсіресіз.

2006 жылы Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар Информатиктердің интернеттегі ерікін бірлестігінқұрған едік.
Мақсаты: Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау. Оның белсенді мүшелерінің жұмыстарын осы сайттан көріп отырсыздар. ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, инф.аттестациялық тестілер, антивирус-программаларының кілттерін, конкурсқа қатысқандар немесе интерактив сабақ өткізгендер тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге, бір-бірінің жаряланған сабақтарына пікірлер жазуға ерікті түрде міндеттеме алады. Біздің басқаруымызбен арнаулы сайттағы (мысалы:www.elp.kz) интерактив-бөлме арқылы өзіміз де, оқушыларымыз да онлайн-сұқбат өткізеді.

Сайтқа мақала слау үшін оған мүше болып тіркелу керек. Мақалаңыз сайтқа шыққан кезден бастап ИИЕБ мүшесіболасыз. Сайтқа жіберген әр жұмыстың басқы жағына (жоғарғы колонтитул) автор туралы толық мәлімет жазыңыздар.

Бұрынғы сайттың белгілі/белгісіз себептен бұзылып қалғанына байланысты, сайт мекені өзгерді. Сол себепті қолданушылардың бұрынғы сайттағы жұмыстарын осы сайтқа салып жатырмын. Авторларды анықтаудан қиындықтар болып жатыр. Сайтқа шыққан жұмыстың авторы білгісіз болса *** белгісі тұрады, білсеңіз маған хабарлауыңызды өтінем. Жаңа жұмыстарыңызды [email protected]  e-поштасынае жіберіңіздер немесе осы сайтқа тіркеліп өздеріңіз сала беріңіздір.

Бұл сайт Информатик мұғалімдерге арналғандықтан, информатика сабақтарына басымдық беріледі. Басқа пән мұғалімдері де сабақтарын өз мектептеріндегі информатик-мұғалімнің көмегімен жіберсе жариялана береді.

Егер, информатикадан өзіңіз құрастырған есебіңіз болса осы сайттың Паскаль туралы бөліміне жарялаңыз немесе төменде көрсетілген е-майлға жіберіңіз.
Есеп еш жерде (кітаптарда, журналдарда, газеттерде, сайттарда, ЖОО лекторларының дәрістерінде) жарияланбаған болуы керек. Егер есебіңіз сапалы болса, есептер саны жеткілікті жинақталған соң өз сайтымыз арқылы олимпиада ұйымдастырамыз. Бұл жұмыс информатик мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытуына әсер етеді деп ойлаймын.

Сайтымыз былтырғы дәрежеден асып түскенін қуанышпен хабарлаймын. Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің бөлімдерінің (аудандық/қалалық білім бөлімдері, мектеп, колледж, университет, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарының) пән бойынша әдіскер маманының тексеруінен өткендеріне ғана беріледі. Ол үшін осы аталған мекемелердің ішінде сертификат алғысы келетін мұғалім жұмыс істейтін білім мекемесімен “Информатик ұстаздар” сайты арасында шығармашылық бірлестік ұйымдастырамыз.  Сертифкатты осындай жолмен беру арқылы мақалаңыздың (жаряланған сабағыңыздың) мәртебесі жоғары болатынына кепілдік жасаймыз.

Осы сайтты казнетке шығаруға көмектескен “Ұлағатты Ұстаз. Естеу Нүсіпбеков.” сайтының авторы Нүсіпбеков Ержанмырзаға өз атымнан және Информатик ұстаздар атынан алғыс білдірем.

Сайтқа мақала салу

Сайтқа жеке сурет қою

Сертифкат туралы

Автор Туралы