Басты бет » Сертификат

Сертификат

Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің жергілікті бөлімдерімен Информатик ұстаздар сайтының шығармашылық байланысы негізінде беріледі.

Осы себепті сайтқа шығаратын сабақтарыңыздың Қазақстан Білім министрлігінің оқу-білімге қойылатын талаптарына сайкестігі басты назарға алынады.

Сертифкат берілетін мақала бұрын еш жерде жарияланбаған болу керек.

Мақаланың (сабақ, тәрбие сағаттар, сыныптан тыс шаралар,  баяндама, реферат,  тренинг, интерактив сабақ, жобалар т.б.) міндетті түрде көрнекіліктері болу керек.

Электрондық оқулықтарды автордың өзі жасаған болу керек.

Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің бөлімдерінің (аудандық/қалалық білім бөлімдері, мектеп, колледж, университет, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарының) пән бойынша әдіскер маманының тексеруінен өткендеріне ғана беріледі. Ол үшін осы аталған мекемелердің ішінде сертификат алғысы келетін мұғалім жұмыс істейтін білім мекемесімен “Информатик ұстаздар” сайты арасында шығармашылық бірлестік ұйымдастырамыз.  Сертифкатты осындай жолмен беру арқылы мақалаңыздың (жаряланған сабағыңыздың) мәртебесі жоғары болатынына кепілдік жасаймыз.

Алған сертификатыңыздың педагогикалық тұрғыда беделді болу жағын ойластыра келе, оны алу жолын информатик үстаздардың өзіне қалдырдым. Аудандық білім басқармасының информатик-әдіскерімен келісіңіз. Ол сізге “Информатик ұстаздар” сайтына шыққан мақалаңыз үшін сертификат беруге келіссе, мен сертифкатты толтырып арнаулы мамандарға қол қойғызып, сіздің АББ маманына жіберем. АББ информатик-маманы, сертифкатқа АББ басқармасының немесе мектептің мөрін басып, өз қолын қойып, сізге салтанатты жағдайда немесе өзі қалаған басқа жолмен тапсырады. Бұндай сертифкат Қазақстандағы кез-кезген білім мекемесінде заңды болып табылады және АББ тарапынан тегін беріледі. АББ арқылы сертификат беру/алу үшін осы жолды қарастырып көріңіз. Толық мәлімет алу үшін менімен хабарласыңыз: 87025493013
САЙТҚА ШЫҚҚАН ӘРІПТЕСТЕРІҢІЗІДІҢ САБАҚТАРЫНА ПІКРЛЕР ЖАЗЫП ТҰРЫҢЫЗДАР.

Білім министрлігінің жергілікті бөлімдерімен шығармашылық байланыс негізінде берілген сертификат үлгісі (толық көру үшін суретті мауыспен шертіңіз):

Сонымен осы сайтқа шыққан мақалаңызға сертификат алғыңыз келсе:
1. Сайтқа көрнекіліктерімен (ашық сабақ, тәрбие сағаты, сыныптан тыс сабақ, баяндама, реферат, тренинг, пәндік немесе тәрбиелік кештер, дебат т.б жоспары, презентациясы, флипчарты, аудио, видео немесе сабақ барсының фотосуреті т.б кем дегенде бір көрнекті құралы болу керек) екі мақала салыңыз. Сайтқа бұрын шыққан мақалаңыз үшін де сертификат алуға болады. Сертифкат алынатын мақалада автордың суреті болуы міндетті. 

2. Мақалаңыз сайтқа шыққан соң өз білім мекемеңіз (мектебіңіз, колледж т.б) қарайтын аудандық/қалалық білім басқармасының немесе білім жетілдіру институтының пәніңіз бойынша маманына осы сайттағы сабағыңызды көрсетіп сапасын тексертіңіз.

3. Егер пәндік маман сертификат беруге келіссе мыналарды хабарлаңыз:
Өз фамилияңыз, есіміңіз, әкеңіз:_____________________________________
Облыс, аудан/кала, мектеп атауы _____________________________________
Пәніңіз/мамандығыңыз _____________________________________
Аудандық/қалалық білім бөлімінің (білім жетілдіру институты т.б) атауы _____________________________________
Сабағыңызды тексеретін пән бойынша әдіскердің аты-жөні _________________________
Мектеп басшысының аты-жөні _____________________________________
Жоғарыдағы телефон немесе [email protected] арқылы маған хабарлаңыз.

4. Мен сертификатқа қол қойып сізге салып жіберем.

5. Сайттағы сабағыңызды тексерген пәндік маманыңызға қол қойдырасыз.

6. Білім мекемесінің басшысына (АББ, білім жетулдіру институты, мектеп директоры) мөр бастырасыз.