10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар /2-3 жасар /

Опубликовал inust в 31 Март 2012 – 15:33Пікір жоқ
Бұл мақала 950 рет оқылды, 7 рет бүгін

Аға тәрбиеші Орманова Құралай. Алматы облысы Райымбек ауданы. «Сарыжаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі.

Шағын орталық тәрбиешілеріне көмек.

1. «Саяхатшы ойыншық»

Ойын барысы.
Бала өзіне ұнайтын ойыншықты алып ортаға шығады. Айналасына әр түрлі түстегі пішіндердің қоямыз.
Тапсырма
Балаға кеңістікте қайдай бағытта қалай жүру керек екенін айтып отырамыз. Саяхат барысында кездескен пішіндерді атау керек.
Мысалы .
Алмастың ойыншығы / қояны/ орманды аралауға шығыпты.Бір кезде адасып қалады. Үйге бару үшін бірлесе тапсырманы орындайық

1. Алмас қояныңмен бірге алдыға қарай 3 қадам жүресің.. Қандай пішінді кездестірдіңдер?
2. Оңға жүрсең алдыңнан бақшада өсіп тұрған көкөністерді кездестіресің.Қоян сәбізді ұнатады. Сәбіздерді сопақша ыдыстарға жинап алайық.
3. Солға жүрсең ойыншығыңа арналған әдемі үйшік тұр. Шатыры қандай пішінге ұқсайды?

Күтілетін нәтиже: Бала пішінді ғана емес кеңістік туралы ұғымын да толықтырады.

2. «ҰШҚЫШ КІЛЕМ»

Балаларға ұшқыш кілем туралы ертегіні айтамыз.
Еденге әр түрлі пішіндегі қағаздарды қоямыз. Бұлар кілемдер.
/Кіші топқа әр зат 3 талдан болу керек. /

Барысы.
-Міне балалар бізде де ұшқыш кілем бар,кілемге өзінің түсіне сәйкес зат қойғанда ғана ұшады екен.
1. Мысалмен көрсетеміз. Көк кілемге көк түсті шарды, көк допты, көк қарандашты қоямын, енді кілем ұшуға әзір.
2.Келесі бір бала шығып өзінің іс-әрекетін көрсетеді.Түстерді бірлесе қайталаймыз.
3. Әр бала өзінің алдындағы заттарының түсіне қарай кілемге орналастырады.

Аяқ астынан боран соғып, кілемді басқа жаққа ұшырып кетеді, ал ойыншықтар құлап, шашылып қалыпты../Балалар ұайымдайды/
Сол кезде мейірімді сиқыршының дауысы естіледі.
- «Балалар, егер сендер ойыншықтарды түсіне қарай дұрыс топтастырып, жинастырсаңдар, кілемдерің өздеріңе қайта ұшып келеді»
Күтілетін нәтиже: Түстердің атауын қайталап, есіне сақтайды, тапсырманы өздері орындауға дағдыланады.
**
3. «МАГНИТТЕР ЖӘНЕ ҚАҒАЗДАР»
Тапсырма.
Магниттің түсіне қаорай сәйкес түсті қағазды магнитті тақтаға жапсыру.
Барысы.
Балаларға әр түстегі қағаздар таратылады.
Тәрбиеші үлгімен таныстырады «Мынау қызыл магнит, енді мен осының түсіне ұқсас қызыл қағазды тауып, тақтаға орналастырамын»
Күтілетін нәтиже. Түс туралы түсініктері дамиды, зейін қойып тапсырманы дұрыс орындауға тырысады, магнит қасиетімен танысады.

4. « БАҒДАРШАМ».
Тәрбиеші сандыққа түстерін атай отырып, домалақ пішіндегі қағаздарды салады.
Тақтаға Қызыл, сары, жасыл түсті парақ ілінеді. /Төртбұрышты/
Тапсырма.
Балаларға сандықтан 3 қағаз алуға рухсат етіледі. Балалар өздеріндегі пішіннен апай көрсеткен пішінді тауып , тақтадағы сәйкес төртбұрышқа орналастырады.

Сұрақ. «Біз нені құрастырып шықтық?»
Күтілетін нәтиже: Түстерді ажыратады, олардан белгілі бір зат құрастыруға болатынын ұғынады.

5. «Орнын тап»

Тапсырма: Адасқан кішкентай пішіндерді сәйкес ойықтарға салу.
Күтілетін нәтиже. Түсті , пішінді ажыратады. Сәйкестікті табуға дағдыланады.

«Ойнайық та ойлайық»
«Таным» білім саласы.
Орта топ балаларына арналған дамытушы сабақтар
№ 1. Сабақ.
Қораптағы қарандаштар таласып қалады.
Көк қарандаш:
-Балалар мені жақсы көреді. Мен ең қажетті түспін.Менімен аспан, теңізді бояйды.
-Жоқ, ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш. Жемістер, мерекелік жалаушалар менің көмегіммен боялады !
-Қарандаштар , бекерге таласапңдар,мен ғой ең қажеттісі, ағаш, гүл жапырақтары, жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанады.
-Ия, таласа беріңдер мен өзім-ақ білемін кімнің қажетті түс екенін, ол мен! Менімен күнді бояйды. /Ол сары түс еді/

СҰРАҚ?
Қорапта неше қарындаш бар еді?

№2 Сабақ.
Құмырсқаның туған күні болады. 1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді.Асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады. Секіріп 2 шегіртке келді.
Шай ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп, дастарханға жайғасады.

СҰРАҚ?
Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?
**
№3сабақ
Сауысқан ормандағы жануарларға:
-Асығыңдар, аралар бәріңе бал таратады,-дейді
Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.
Екінші кесе алып ақтиін келеді.
Үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.
Төртінші түлкі құмыра әкеледі.
Бесінші қасқыр кастрол көтеріп келеді.

СҰРАҚ?
1. Қоян несінші келді?
2. Ең кіші ыдыскімдікі?
3. Ең үлкен ыдыс кімдікі?

№4сабақ.
Салонға суретке түсуге бір отбасы келіпті.
Суретші оларды реттеп отырғыза бастайды.
Папасы мен мамасын орындыққа, апасын креслоға отырғызады. Атасы апасының қасына тұрады, ал інісі қарындасымен скамейкаға алдына отырады. Ең кішкентай бөпені мамасының қолына ұстатып, сурет шығарып береді.

СҰРАҚ?
1. Отбасында неше адам?
2. Балалар қаншау?

№5сабақ.
Орманда бір үйшікте тату -тәтті аңдар тұрып жатыпты. Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріңдер.
-өзі қу, жүрген жері шу /түлкі/
-көзі қитар, құлағы ұзын және қорқақ /қоян/
-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар. Үнемі арқасында тасып жүрген инесі бар. /кірпі/
-түсі сұр, тістері ақсиған, сондай қорқынышты/қасқыр/
-қорбаңдаған, епсіз, өзі балды сондай жақсы көреді./аю/

СҰРАҚ?
Үйшіктегі достар қаншау?
**
№6сабақ.

Орманға Данияр мен Дана жидек теруге келеді. Олар шырша түбінен бүлдірген тапты. Қайың жанынан қарақат терді. Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр екен.

СҰРАҚ?
Балалар жидектің неше түрін кездестірді?

** №7сабақ
Қарақаттың туған күніне Дана тотықұс силады.Досжан табиғат суретін, Жансая үлкен қуыршақ силады.

СҰРАҚ?
1. Қарақатқа неше силық әкелінді?
2. Қанша досы келді?

**№8сабақ
Елік теледидар сатып алыпты. Барлық дос аңдарды «Балапан» бағдарламасын көруге шақырады.Бірақ үйлерінде 2-ақ скамейка бар екен.
Үлкенге аю мен түлкі отырыпты.
Кішіге ақтиін, кірпі, қоян, тышқан, борсық отырады.

СҰРАҚ?
1. Теледидар көруге неше аң келді?
2. Қандай скамейкаға көбі отырды? Неліктен?

**№9сабақ
Біз жаңа үйге көшетін болдық. Бәріміз бір-бір заттан көтеріп машинаға тасыдық.
Папам мен мамам шкафты көтерді.
Екі ағам диванды, інім екеуміз столды, сінілім 4 орындықты тасыды.

СҰРАҚ?
1. Үйде неше жихаз бар еді?
2. Қанша адам тасыды?

Алматы облысы
Райымбек ауданы.
«Сарыжаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі.
Әбдімадиева Бисара

Ұйымдастырылған іс-әрекет картасы.
Білім саласы «Қатынас»
Білім бөлімі Тіл дамыту, қоршаған орта, ән-саз

Тақырыбы «Ұлттық бұйым-бесік»
Мақсаты
1. Бесік туралы жалпы ұғым беру. Бесік жабдықтарының атауымен таныстыру.Жубату әндеріне түсінік беру.
2. Салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қолданылуы, пайдасы, сұрақ –жауап арқылы тіл байлығын дамыту
3. Ұлтжандылықты, өнегелі сөздерді бойына сіңдіру, бөпеге деген сезімді өз ана тілінке жеткізіп, қамқорлық танытуға тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: Сөздерді мағынасы бойынша дәл қолдана білу, анық,айтып өз ойын дұрыс құрылған сөйлемдер арқылы жеткізу
Көрнекілік: Ұлттық бұрыш. Бесік, жабдықтары.Ұлттық киімдер/буклет/

Іс-әрекет  кезеңі Тәрбиеші  әрекеті Балалар  әрекеті
Қызығушылықты  ояту Балалар  шаттық  шеңберіне  тұрады.  Жылы  лебіздер  айтылады.
** 

 

Балалар,  бүгінгі  ойын-сабағымыз  қызықты  болу  үшін  мен  қонаққа  әжейді  шақырдым.
**

Әжейдің  киімі  қандай  әдемі, біз  суреттерден,  теледидардан  көріп  жүргендей. Кәзір апаларың  осылай  киінбейді.

Тақтадағы  суреттерге  қарайықшы  /Ұлттық  киімдер/

Сәлем!,-дейміз достарға
Сәлем!-дейміз құстарға
Сәлем!-дейміз бәріне
Сәлем!-дейміз апайға 

**
Амандасу  рәсімдері  жүргізіледі.
**

Д/о «Кім  тапқыр?»
Мақсаты: Тақтадағы киім атауын  атап,  әжейдің  үстіндегі  киімнен  сәйкестігін  көрсету.

Іздену-ұйымдастыру Балалар, бүгінгі  күні  көбімізді  апаларымыз  бағып  отыр,  мамаларымыз  жұмыста,  бізге  қарауға  уақыты  аз.Сондықөтан  да  бізді  сеніп  апаларымыздың  қасына  тастап  кетеді. 

Себебі  үлкендер  өте  ақылды, бізге  үйретері    көп, бізге  бар  мейірімін  береді,  бізді  жақсы  көреді. Біз  де кішкентай  -бөпе  болдық,сол  кезден  апалапымыз  бізді  бағуды  мамамызға  үйреткен.  Бүгін   әже  бізге  ұлттық  бұйым  -бесікпен  таныстырады.
**

Әжей балаларға  бесіктің  қолданылу  тәртібі  жайлы  түсінік  береді

**
Бесік  жабдықтарының  атауларымен таныстырады.

**
Әже  таныстыра  отырып,  бесікті   іс  жүзінде  қалай пайдалану  керектігін  көрсетеді. Бөпе  бөленді.

-Енді бесікті  жайлап  тербете  отырып,  жұбату  әндерін  айтамыз. Олар  өте  көп,  себебі  қазақ бар  жақсыны  балаларға  арнаған

**

Бесікке  байланысты  ырым  сөздер  де  көп

Әжеймен  қоштасу  сәттері.

Балалар  ұлттық  бұрыштан  бесікті  алып  келіп,  әжейдің  қасына  қойып,  айнала  отырады.
**
Бөпе  мазасызданбай,  тазалықта  тыныш  ұйықтап,  күшті  болып  өсу  үшін  бесіктің  пайдасы  көп  екенін  ұғынады
**
Бірлесе  қайталайды.
Көрпеше,  жастықшалар,  қолтықшалар,  түбек,  шүмек,  тартпа  баулар,  бесік  жапқыш
**
Бірге  қайталайды
«Әлди-әлди  ақ  бөпем
Ақ  бесікке  жат  ,көкем
Жілік  шағып  берейін
Майлыаяқтың  құйрығын  жіпке  тағып  берейін»
**
Бірге  қайталайды
«Бос  бесікті  тербетпе»
«Бесікті  аяқпен  теппе»
**
Рахметтерін  білдіріп,  жақсы  тілектер  айтады.
Бекіту -Бүгін  өте  қызықты  күн  болды  деп  есептеймін,  көп  нәрсе  үйрендік.
Енді,ойын  ойнауға  дайындалайық.  Әжейдің  айтқанын  еске  түсірейік
Д/О «Тез  ойла,  сөз  ойла»
Мақсаты: Бесік  жабдықтарының атауын  еске  сақтау, тапқырлық,  шапшаңдыққа  , зейінін  тоқтатуға. баулу.
Тапсырманы  орындаймыз
Барысы: Қоржыннан  бесік  жабдықтарын  бірден  алып,  атауын,  қолдануын  айтады.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.