10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Обьектілі бағдарланған программалау (ОБП) түсінігі. Оның негізгі ұғымдары. DELPHI ОБП тілі. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элементтері.

Опубликовал Nurlan Adilbek в 3 Апрель 2012 – 01:11Пікір жоқ
Бұл мақала 519 рет оқылды, 11 рет бүгін

Нурлан Хайрушев. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы. Алма Оразбаева атындағы ОЖББМ информатика пән мұғалімі,

Жоғары  деңгейлі программалау тілі процедуралық, логикалық, обьектілі бағдарлы болып үш түрге бөлінеді, соңғы кезде Windows  ортасында жарыққа шыққан және ОБП негізінде құрылған програмалау типтері.Visiual Basic(VB),Borlad  Delphi, Borland CFF, ОБП-ның негізгі ұғымдары: обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс.Delphi программалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Оның бірінші нұсқасы 1994 ж шығып, кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7,8 – гі нұсқаулары көрінеді. Delphiде программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процесін ұйымдастыру, ОLЕ технологиясын пайдаланып басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу әрекеттер орындауға болады, Delphiдің интеграцияланған ортасы көп терезелі жүйе болып табылады. Delphi интерфейсі 5 терезеден тұрады: негізгі терезе (Delphi-Progect1).1Обьект ағашын шалу терезесі (Object Tree View).2. Обьект инспекторының (бақылаушысының) терезесі (Object Inspector).3 Форма коструктордың терезесі (Form1).4. Код редакторының терезесі (Unit1.pas). 5.Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit1.pas).Кез келген терезені шығару үшін негізгі менюден view пунктін таңдау керек.

Delphi -де дайындалатын программа жоба деп аталады. Форма программаны дайындау алдында салынатын программаның сұхбат терезесі. Жоба құру үшін формаға кампоненттер палитрасынан компонент орнатылады. Компаненттердің түрлі қасиеттері болады. Қасиет(сипатттама, параметр) айнымалардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін  сипаттап, ағымдық күйін анықтайды.Delphi қосылған кезде форма қасиеттеріне қалыпты жағдайдағы алғашқы мәндер меншіктеліп  қосылады. Программа құру форма немесе компоненттердің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Ол обьект инспекторы арқылы жасалады. Бұл терезенің 2 астарлы беті бар:propertics(қасиеттер), events(оқиғалар) мыс: name (атауы), captіоn (тақырыбы), colоr (түсі) тсс. Delphi де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға программаның жұмыс істеуі барысында обьект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі: мыс,
Onclick -тышқан түймесін 1 рет басу.
Onclick -тышқан түймесін 2рет басу.
OnKeypress-пернені.
OnCreate -форманы жабу тсс.

On – префиксі атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Жоба екі бөлімнен тұрады: Автоматты түрде Progect1 атауы бір жобаның файлы (негізгі модуль) типі .dpr және  Unut1.ras атауы берілген код модулі  типі .рas. Модульге оқиғаларға сәйкес іс - әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп атаймыз. Формадан код терезесіне немесе керісінше өту үшін F12 пернесі қоданылады. Процедураның жалпы түрі:

Procedure <атау> (Sender:TObject);
(сипаттау бөлімі)
begin
(программа денесі)
End;

Мұнд: Sender құрылысын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайтын параметр. Жоба құрамындағы әрбір форма үшін автоматты түрде DFM сипаттау файлы және рas  модуль файлы жасалады. Форманы сипаттау файлы форманы және оның компоненттерінің сипаттаудан тұрады. Ол файылдың мәтінін көру үшін форманың  контекстік менюден View as Text, керісінше өту үшін контекстік менюден View as form.Мысалы, button батырмасынан тұратын қарапайым форманың файлды сипаттау мәтінін қарастырайық.

Object Form1, Tform1.
Left=192
Top=107
Caption:=’Моя форма’;
….
End;
Object Button1; TButton
Left=88

End;

Басқада Visual компоненттері сияқты(Visual - көзбен көру экрандық) формаға да қасиет, әдіс және оқиға тән т.б. Форманың көруінуін және көрінбеуін басқару үшін төмендегі әдіс қолданады:

Show -форманы көрсетеді, hide - жасырады. Мыс:
Form2.Show;
Form1.Hide

Форманың көрінуін төмендегі  қасиеті арқылы да басқаруға болады.
Visilble: True & False. Мыс: Form1. Visilble: False;
Форманы жабу үшін close әдісін қолданады. Мыс: Form1.close;
free-форманы жою әдісі – мыс: Form1.free

Әр фоманың тақырып қатарының сол жағында шарт белгі (пиктограмма немесе иконка) болады. Ол TIcon типті қатиеті арқылы анықталады. Формада стандарт икондарды өзгертуге болады. Ол үшін Tools (сервис) →Image Editor. Файылдың типі *ico болады. Формаға шарт белгі жүктеудің программалық жолы. Form1.Icon.LoadFromfile (‘c:\4307\1.ico’); Форманың өлшемін Windows State қасиеті арқылы басқаруға болады. WS Normal, WS Minimized, WS Maximized.

Қасиеттер. Олардың түрлері. Қасиеттермен жұмыс.

Қасиет обьектілі бағытталған программалардың негізгі ұғымдардың бірі. Қасиет қосымшаны жобалау және орындау кезінде компоненттердің сыртқы түрімен сипатын басқаруға мүмкіндік береді де, қосымша интерофейсті жасау 2 операциядан тұрады.

  1. Компоненттер палитрасынан компонент таңдау және оны формаға орналастыру.
  2. Компонент қасиетін тағайындау әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген қасиет мәндері болады. Әдетте компоненттердің көптеген қасиеттерінің мәнін тағайындау, жобалау этапында обьект инспекторы арқылы жүзеге асады. Обьект инспекторы экранның сол жағында орналасады. Кейбір жағдайда қасиет мәні меншіктеу операторы арқылы меншіктеледі. Компонент қасиетінің мынадай түрлері болады.
    1. Name қасиеті (TComponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Әрбір жаңа типте автоматты түрде компонент аты және нөмірі пайда болады. Мыс: Form1, form2,…edit1,edit2…

Button1,button2…
Әр компоненттің қалыпты жағдайдағы атын ыңғайлы етіп өзгертіп алуға болады. Мыс, терезені жабатын кнопка атын Btnclose т.с.с

  1. Caption қасиеті (TCaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. OldString типті мыс: бірінші формаға екінші кнопка қойып олардың тақырыбын да, нет етіп жазуға болады. Ол үшін сәйкес кнопканы шертіп қасиеттер терезесінен 1) Caption:Да

2) Button1. Caption:’Да’;
Caption:Нет
Button1. Caption:’Да’;
Form1.Caption:=’Калькулятор’

3. Color қасиеті (TColor типті) компонент түсін, фонын анықтайды.
Тұрақты              Түсі.
СlAqua                ашық көгілдір
ClBlack                қара
CLBlue                көк
CLGreen             жасыл

4.Cursor қасиеті компонент қозғаған кездегі mouse көрсеткішінің түрін анықтайды. Mouse көрсеткішінің өз бетінше жасауға да болады. Ол үшін кез келген графиктік редактор немесе Delphi-дің Image Editor қолданылады. Сервис→ Image Editor.

Мысалы:
CrDefault-көрсеткіш қалыпты жағдайда стрелка түпінде.
CrNone- көрсеткіш көрінбейді
CrArrow- стрелка түрінде
CrCross- крест түпінде
CrDrag-қағаз бетіндегі стрелка түрінде
CrHourCass-құмсағат түрінде т.с.с

5.Enabled қасиеті (Boolean типті).Компонент белсенділігін анықтайды.    Егер қасиет мәні true (ақиқат) болса, кампонент белсенді.Егер Edit редактордың көмегімен жазу мәнін өзгертпеу қажет болса, edit1.Enabled:=false; өзгертуге болатын болса Enabled:= true.

Ескерту. Компонент мәнін өзгерту немесе өзгертпеуді Read only қасиетінің мәнін сәйкесінше true, false етіп қойып та өзгертуге болады.

edit1. Read only:=false; болса тексті редакциялау мүмкін емес. Ондағы тексті тек оқу ғана мүмкін.
6.Text қасиеті (TCaption типті) компонентпен  байланысты жолдан тұрады. Мыс: edit1.text:=’Hello’ edit1.text:=Int to Str
7.Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі текстті шрифті анықтайды. TFont класының негізгі қасиеті:
-         Name (TFont Name типті)- шрифт атын анықтайды. Мыс: Areal немесе Times New Roman
-         Size (TFont Style типті )- шрифт өлшемін пунктпен береді.(1 h/m=1/72 дюйм)
-         Height (Integer типті)- шрифт өлшемін пиксельмен береді.
-         Style (TFont Style типті) – шрифт cтилін орнатады және төмендегі мәнді қабылдауы мүмкін:

  • Gs Halic- курсив
  • Gs Bold- полужирный
  • Gs Unterline- асты сызылған
  • Gs StLineOut- үсті сызылған

-         Color (TColor типті) текст түсін басқарады. Site Hight бір – бірімен өзара тәуелді, біреуіне мән тағайындағанда
2 – автоматты түрде өзгереді.
Мыс: Edit1.Font.Color:=clgreen;
Edit1.Font.Height:=25;
Edit1.Font.Style:=[gs Bold]

8. Hint (String типті ) қасиеті компонентке подсказка қою үшін қолданады. Подсказка шығу үшін Boolean типті ShowHint қасиетінің мәнін true етіп қою керек.(қалыпты жағдайда оның мәні:false).
Мысалы:
procedure TForm1.form Create (Sender:TObject);
Button1.showHint:=true;
Button1.Hint:=’Это кнопка’;
Application Hint Color:=clred;
Application.Hint Pause:=200;

Application айнымалысы (TApplication типті) обьектілі айнымалы болып табылады. Delphi жаңа жоба жасағанда бұл обьектіні автоматты түрде анықтаqды. Жоғардағы мысалда қызыл түсті подсказка 200мил.сек аралығында экранға шығады.

9.Visible  қасиеті компонент көрінуін басқарады. (bollean типті) true болса, компонент көрінеді, керісінше жағдайда көрінбейд. Мыс:
edit1.Visible:=’true’;
edit1.Visible:=’false’

Delphi дирекциясы. Массив жұмысы.

Delphi массив дирекциясы массив, дирекция тізімін түрлендіру үшін Д2 компонент қолданады.1.listBox компоненті бұл компонент арқылы тізімнен элемент (пункт) таңдайды. Егер тізім терезеге симаса тізімге автоматты түрде айнымалы жолағы шығады. Тізімге элемент 2 жол енгізуге болады.

1. Тікелей. Ол үшін обьект инспекторындағы items қасиетінің оң жағындағы жолды шерту керек. Нәтижесінде экранда (редак спис строк) атты шағын терезе пайда болады. Бұл терезе қажетті тізім теруге қажет.
2. Программалық жол. Ол үшін Add (қосу – добавить) әдісі қолданады.
Жалпы түрі.
ListBox1.items.add (‘1-элемент’);
ListBox1.items.add (‘n-элемент’);

Мысалы:
procedure Tform1.form Greate;
Begin
ListBox1.items.add (‘алма’);
ListBox1.items.add (‘алмұрт’);
……….
End;

ListBox компонентіндегі тізімнен таңдалған элемент позициясы (орны) беретін қасиет Item Index.

Тізбегіндегі элементтер 0-ден бастап бүтін санмен нөмірленеді. Ешбір элемент таңдаласа, оның нөмірі бірге тең. Мысалы: Жеміс аттарымен толтырылған ListBox элементінің кез келген элементін шерткенде таңдалған жеміс аты edit1 мәтіндік өріске шығатын программа.

procedure Tform1. click ()
begin
edit1.text:=listbox1.items [item index];
end.

Combobox – listbox cияқты Combobox тізімдік өрісте формада тізімдік вариантын шығарады. Мұнда тізім варианттары кнопканы басқанда төмен қарай ашылатын терезе өзге түрде болады. Ол формада орын иемденуді жүзеге асырады. Элементті қосу үшін listbox компоненттегідей 2 түр жүзеге асады. Мыс: combobox1.items.add (’1-элемент’);

combobox1.items.add (’2-элемент’);

Combobox kомпонентіне таңдалған элемент позициясы (орны, индексі) item индекс қасиеті арқылы анықталады. Мыс: Combobox компонентінe (жирный, курсив, подчеркнутый) сөздері жазылған 3 жолдан тұрады. Таңдалған мәтінге сәйкес edit мәтіндік өрісіндегі мәтіннің қаріп стилі сәйкесінше өзгеретін программа.
Мыс:
Procedure TForm1.Combobox1.
Begin
Case combobox1.itemIndex of
0: edit1.FontStyle:=[Fsbold];
1: edit1.FontStyle:=[FsItalic];
2: edit1.FontStyle:=[FsUnderline];
End;
End.

Listbox, Combox компонентінің айырмашылығы:

  1. Combobox қолданушыға тізімді редакциялауға мүмкіндік береді, ал listbox-та ол мүмкіндік жоқ.
  2. Combobox – та тізім жиналады, ашылады, ал listbox –та тізім тек ашылған күйде болады.
  3. listbox компонентінен бірнеше элемент таңдауға болады, ал Combobox – та бір ғана элемент таңдалады.

Менюмен жұмыс. Меню босау.

Барлық дерлік Windows қосымша менюден меню әрбіреуі команданы немесе ішкі менюді біріктіретін функционалдық белгісі бойынша біріктірілген пунктің тізімі болып табылады. Пункті таңдау сәйкес команданы орындаумен немес ішкі менюді ашумен бірдей. Әдеттте қосымшадан негізгі және бірнеше контексті (жергілікті меню болады) меню барлық қосымшаны контекстік менюдің әрбіреуі жеке интерфейстік элементін басқару үшін қолданады. Меню пунктері TMenu.Item типті обьект болып табылады.. Менюдің жекеленген пунктері меню пунктін сипаттайтын тексттік тақырыпша түрінде болады.

Меню пунктінің негізгі қасиеттері:

1.-Bitmap (Tbitmap типті ) меню пункті тақырыбының сол жағында орналасатын шарт белгі бейнесін анықтайды. Қажет жағдайда оның мәні nil, бейне болмайды.
2. –Caption (stryng типті) меню пунктінің тақырыбы ретінде бейнеленетін текст жолынан, егер тақырып ретінде - (сызықша) символы қолданылса, онда сәйкес меню пунктінде бөлгіш сызық қойылады.
3.-Checked (Boolean типті )пункттің таңдалғаны Click анықтайды. Қажет жағдайда оның мәні false.
4.-Count (intrger типті ) менюдің берілген  пунктндегі ішкі пункт санын анықтайды.
5.-Enabled (Boolean типті) пункт белсенділігін анықтайды, қажет жағдайда оның мәні true
6.-Itens (Tmenu items типті) менюдің ағымдық пунктнің ішкі пунктер массиві болып табылады. Мысалы: items [0], items [];
7.-ShortCut (TShortCut типті)меню пунктін белсенді ететін клавиш комбинациясын анықтайды. Ол меню тақырыбының оң жағында орналасқан. Пернелер комбинациясын таңдаудын екі жолы бар: 1.обьект инспекторы терезесінен shortCut→… мысалы: CTRL+A, CTRL+B, ALT+A… командасының біреуін таңдау Save ctrl+S. Сонымен қатар төмендегі функция арқылы таңдалады:shortcut (ker:Word; shift:Tshift.stid):TshortCut. Shift  параметрді басып тұруға қажетті басқару клавишын көрсетеді. Мыс: Програманың орындауы барысында MnuTest меню пунктнде Alt+T клавишалар комбинациясын енгізу қажет болса, ол төмендегідей жүзеге асады. MnuTest.Shortcut:=shortcut (Word ‘T’), [ssalt];
8.-Visible (Boolean типті ) пункттің экранда көрінуін анықтады. Қажет жағдайда оның мәні true.

Негізгі меню.

Негізгі меню қосымшасының жоғарғы бөлігінде тақырып жолынан кейін орналасады. Оны жасау үшін дельфидің standart құралдар панелінің MainMenu компоненті қолданады. Бұл компонентті визуальды емес болып табылады. Меню пункттерін жасау үшін компонент шарт белгісінде тышқанды 2 рет шертіп, шыққан қасиетіне пункт аттарын теру қажет. Меню пунктін тез қосуды жүзеге асыратын аксилиряторлық пернені анықтау үшін символ алдына & белгісін қолданады.

Мыс: открыть сөзінде О әрпін аксилиляторлық ету үшін & открыть жолын теру қажет.

2. Меню пунктін белсенді ететін пернелер комбинациясын орнату үшін обьект инспекторындағы shortcut  қасиеті таңдалады.
Мыс: копировать ctrl+c
вырезать    Ctrl+x
вставить    Ctrl+V

3.Меню пунктін топтарға бөлу үшін caption жолына ” - “ белгісін теру қажет. Мыс: ағымдық мерзімді және уақытты шығаратын дата, время ішкі пункттерден тұратын время негізгі менюін жасаңдар.

Текущая дата-ның программасы.
Procedure Tform1.N2 click()
Begin
Label1.caption:=datetostr (now); немесе (date)
End;

Текущая времяның программасы.
Procedure Tform1.N2 click()
Begin
Label1.caption:=timetostr (now); немесе (time)
End;

Менюге ішкі меню жасау үшін меню конструкторынын Context-тік менюінен GreatSubMenu таңдаймыз, ішкі менюдің аттарын теру қажет.

Contex-тік меню – тышқан стрелкасын обьектіге қойып, оң жақ батырманы басқан кезде шығады. Оны (басқан кезде) жасау үшін стандарт парағындағы PopupMenu қолданады. Бұл компоненттің негізгі қасиеттері:

1. AutoPopup (Boolean типті) - тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Сontex – тік менюдің шығуын анықтайды мәні true болса меню шығады, ал false болса шықпайды.
2. Alignment– тышқан көрсеткішіне қатысты контекстік менюдің шығатын орнын анықтады. Оның мәндері paleft- көрсеткіш менюдің сол жақ жоғары шетін анықтайды.(қалыпты жағдайда) PaCenter, PaRight.

Обьектіге контекстік меню жасау төмендегі әрекеттерден тұрады:
1. Стандарт парағынан Popupmenu компонентін формаға орналастырады.
2.Обьект инспекторындағы Items қасиетінде тышқанды шертіп, шыққан терезеден меню пункттерін теру.
3.Формаға обьект қойып, оның Popupmenu қасиетінде меню атын көрсету.Мыс:popup1.

Мысалы: Формаға «рисунок» жазуын қойып, открыть, закрыть пункттерінен тұратын контекстік меню жаса.
Менюдің сәйкес пункттерін шерткенде image компонентіне сурет ашылатын және жабылатын программа жаса.

Открыть программасының программасы:
Procedure TForm1.N1.Click()
Begin image1.visible:=true;
Image1.Picture.loadfromfile (“c:\1.bmp”);
End;

Закрыть программасының программасы:
Stretch(true)
Image1.visible:=false;

Қосымшаға әуен және бейне қою.

Қосымшаға қозғалатын бейне (анимация) қоюға болады. Олар *.avi және *.wav типті файлда сақталады. Қосымшаға оларға қосу үшін System парағындағы MediaPlayer  компоненті қолданылады. Бұл компонент кәдімгі компакт дисканы ойнатқыш батырмаға ұқсайтын бaтырмаға ұқсайтын төмендегі батырмадан тұрады:

Play- қосу
Pause- үзіліс
Prev- алдыңғы
Next- келесі
Back- кейін
Step- қадам
Stop- тоқтату
Record- жазу
Eject-шығару

Бұл құрылғыны программа орындау процесінде көрінбей етіп қойып, программаға дыбыс немесе арнайы эффект қоюға болады. Егер компонент көрінсе, ол бейне магнитофон немесе аудио, CD player ретінде қолданылады. Бейнені Panel немесе Memo копоненттерінен шығаруға болады, егер олар таңдалмаса бейне өзінше стандарт терезесіне шығады. Белгілі бір бейне файылды немесе әуенді шығару үшін бұл компоненттің 3 қасиетін орнату қажет:1. Компоненттің Display  қасиетіне бейне шығаруға қажет элемент атын көрсету. Мыс: Panel1.

2. FileName қасиетін файыл атын көрсету, мыс: c:\Windows\clock.*avi\
3. AutoOpen → true (қалыпты жағдайда false)

Компонентті программалық жолмен де іске қосуға болады.
Procedure TForm.Greate()
Begin
MediaPlayer1.Display:=Panel1;
MediaPlayer1.FileName:=’ c:\Windows\clock.*avi\’
MediaPlayer1. AutoOpen:=true;
MediaPlayer1.Open;
MediaPlayer1.Play;

Дельфи қосымшасында түстер таңдау.

Қолдану аймағына байланысты қосымшадағы айнымалылар 2-ге бөлінеді: жергілікті және ауқымдық.
Ауқымдық айнымалылар – қосымшаның процедурасында қолданылады және негізгі модулде сиппатталады.
Ал жергілікті айнымалылар – сипатталған процедурада қоданады және сонда сипатталады.

1. Компьютерлік графикада RGB түс палитрасы қолданады. RGB моделі монитор, телевизор, ұялы телефон экрандарында графикттік суреттер бейнелеу үшін қолданады. Сонымен қатар CMYB (Cyap-Magenta-Yellow-Black) моделі бар.
Қажет түсті алу үшін бұл түстердің әрбіреуінің белгілі бір пропорцияда қосу керек.Әр 0 – 255 дейінгі сандық шамамен беріледі.

RGB (0,0,0)-қара
RGB (255,255,255)-ақ
RGB (0,255,0)-жасыл

Түстерді кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдауға болады. Мысалы: Memo өрісінің фонын батрыманы басқанда кездейсоқ түске бояйтын жоба жасаңдар.
Memo-ның программасы.
Procedure TForm1.Bitbtn1.click()
Var r,g,b:byte;
Begin
Randomize;
R:=random (255);
G:= random (255);
B:= random (255);
Edit1.text:=inttostr(r);
Edit2.text:=inttostr(g);
Edit3.text:=inttostr(b);
Memo1.color:=RGB (r,g,b)
End.

Түстерді Win32 парағындағы TrackBar компоненті арқылы да өзгертyге болады. TrackBar (ползунки-жылжытқыш)  aрқылы қандай да бір процестерді басқаруға болады: Дыбыс қаттылығын бейне өлшемі тб. Негізгі қасиеті Position. Ол max, min мәндері аралығында өзгеретін бүтін сан және жылжытқыш позициясын анықтайды. Мыс: min=0, max=0→Position V; 11 мән қабылдайды.

Orientation қасиеті бағытты анықтайды. Оның екі мәні бар: tr Horizontal-горизонталь, tr Vertical- вертикаль. Шкала меткасының жиілігі.

Frequency қасиеті арқылы анықталады. Бұл қасиет әр метка арасында неше мүмкін болатын Position мәні жатқанын анықтайды. Бірінші мысалды  TrackBar  компоненті арқылы жүзеге асады.

Var r,g,b:byte;
Procedure Tform1.TrackBar1.Change();
Begin
R:TrackBar.position;
Edit1.text:=inttostr (r);
Memo1.Color:=RGB (r,g,b);
End;

Min=0, max=255, Frequancy-15, Position=0

Түсті Sambles парағының ColorGrid компоненті арасындағы таңдауға да болады. Бұл компонент 16 түс палитрасынан тұрады. Түсті таңдау ForeGroundColor қасиеті арасында жүзеге асады.

Procedure TForm1.ColorGridChange ()
Begin
Memo1.Color:= ColorGrid1.ForeGroundColor;

Дельфи қосымшасында түссіздікті басқару.

Дельфиде түгелдей немесе жартылай түссіз терезе жасау мумкіндігі бар. Ол үшін AlphaBlend, AlphaBlendValue, TransparentColor, TransparentColorValue қасиеттері қолданылады. Форма түссіздігі дегеніміз қолданушының форманың арғы жағын көрсету. Формаға түссіздік орнату үшін AlphaBlend қасиетінің мәнін true етіп қоямыз. AlphaBlendValue мәні түссіздік дәрежесін көрсетеді. Оның мәні 0 – 255 дейін өзгереді. Мысалы: Форма терезесін жапқан кезде ол жаймен жоғалатын программа коды.

Procedure TForm1.Close ();
Var i:byte;
Begin
For i:=255 downto 0 do
Begin
Alphablend:=true;
AlphaBlendValue:=0;
Application.PracessMassage;
End;
End.

Мыс 2: Форма түссіздігін edit элементіне мән беру арқылы басқару.

Procedure TForm1.Button1.Click();
Begin
Form1. Alphablend:=true;
Form1. AlphaBlendValue:=strtoint (edit1.text);
End;

Мыс 3:Форма түссіздігін мән беріп батырманы басқанда емес мән берген кезде өзгертетін программа.

Procedure TForm1.edit1.Change ();
Begin
Form1. Alphablend:=true;
Form1. AlphaBlendValue:=strtoint (edit1.text);
End;

Ескерту! Программа қате туралы хабарлама бермеуі үшін edit-ке бастапқы мән меншіктеп қою керек.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.