10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Ұстаздар шығармашылығы

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін интерактивті құрылғылар көмегімен арттыру

Опубликовал Zauresh в 11 Апрель 2012 – 16:06Пікір жоқ
Бұл мақала 647 рет оқылды, 16 рет бүгін

Оспанова Зауреш Алиевна. КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық    колледжі» Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәнінің оқытушысы.

АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТИІМДІЛІГІН ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ  КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ

Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор.

Технология ұғымына әр түрлі анықтама беріледі. Соның біреуін келтіретін болсақ:

Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін ғана емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.

Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» - бірлесіп, өзара, «act» - әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы - оқушы», «оқушы - аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы - оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы - аудитория», «оқушы - құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.

Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру.         Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.

Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,  негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болап табылады. Және интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.

Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады. Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері бар (ActivBoard, White Board т.б). Және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады. Мен Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктеріне тоқталсам ба деп едім.

Алгоритмдеу және бағдарламалау пәніне 246 сағат бөлінген. Ол 19 модульге бөлінді.

«ТР тілінің деректері. Қарапайым типтер» модуліне 10 сағат бөлінген.

Ойын атауы Сағат саны
1 Кіріспе 1
2 «Қарлы – кесек» ойыны 2
3 «Брейн – ринг» 2
4 Рөлдік ойын 1
5 «Бақытты сәт» ойыны 2
6 Қорытынды тест 2

Жоғарыда айтылғандай кіріспе бөлімде оқытушы материалды белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Бұл бөлімде «сиқырлы қалам» (волшебные чернила) құралы өте тиімді болып табылады.

Ал материал дайындауға өте көп уақытты қажет ететін «Брейн -ринг» ойынын ұйымдастыру үшін  «басқа бетке көшу», «басқа объектіге көшу», сүйек лақтыру құралдарын қолданған өте тиімді.

Бақытты сәт ойынының І туры «Бой сергіту». Топ екі командаға бөлініп, әр командаға 10 сұрақтан беріледі. Бір команда ActiVote құрылғысының көмегімен сұраққа жауап берген кезде, екінші команда сұрақтың дұрыстығын қадағалап отырады.

Қорытынды тестілеуді ActiVote құрылғысының көмегімен жүргізген тиімді болып табылады.

Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. М.М.Жанпеисова. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ - Алматы, 2006 ж.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.