10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Қазақ тілі мен Әдебиеті, Ұстаздар шығармашылығы

Абай және ислам (баяндама)

Опубликовал esimkhan1170 в 27 Апрель 2012 – 15:17Пікір жоқ
Бұл мақала 34 рет оқылды, 2 рет бүгін

Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданы Сергиополь ауылы Сеитмолдинов Есмухамет Назарбекұлы С.  Ғаббасов атындағы орта мектеп мұғалiмi. Жоғарғы санатты мұғалімі.

Алланың сөзi де рас,
Өзi де рас.
Абай.

Абай – ұлт ақыны, қазақ ұлтынның ақыны. Сондықтан ол өзiнiң философиялық , эстетикалық пiкiрлерiнде жалпы адамзат мақсатын шешуге тырысады. Ұлы ғұламаның артына қалдырған бiр саласы адамгершiлiктiң, имандылықтың -бастауы ислам дiнi туралы айтылған өсиет өлең тағылымдары . Ойшыл ақын : ‘’ Алланың сөзi де рас, өзi де рас ‘’, ‘’ Махаббатпен жаратқан адамзатты ‘’ , ‘’Алла деген сөз жеңiл’’, ‘’Алла iшiндегiнi айтқызбай бiледi’’ деген ойлары, сондай –ақ отыз сегiзiншi қара сөзiндегi пiкiрлер арқылы алланың бар екенiн танытады.
Абай: “Иман деген Аллаһ Тағаланың барлығына,бiрлiгiне және Пайғамбар арқылы жiберген жарлығына мойынсұну, оған сену, илану –деген. Бұны мынадай екi түрлi нәрсе айқындайды: әуелi сенген нәрсесiне ақылмен жету, түсiну арқылы сену,- мiне бұл шын иман; одан соң “иман келтiрген нәрсесiне соншалықты берiктiк керек. Бiреу өлтiрем деп қорқытса да, мың кiсi мың түрлi iс көрсетсе де, соған айнып көңiл қозғалмастан берiктiк керек”.
Мiне сенiм деп осыны айт. Өсiп келе жатқан жас буындарымызды осындай берiктiкке тәрбиелеуде ақынның бұл пiкiрлерi табылмайтын құрал емес пе?! Имандылық туралы 38-қара сөзiнде “иман құр инаныш бiрлән болмайды, ғәдәләл үә рафғат бiрлән болады”- немесе имандылық тек сену ғана емес, әдiлдiктi арттыру мен әдiлеттi iс iстеу, ынсап, ұят ғәдәлеттән шығады ал ғәдәләт - өзiңе қандай жақсылықтар ойласан басқаларға да соны қалау –дей келiп, Абай “мен өз көнiлiмде ондай- мұндай қылықтармен мұғамала қылса екен деп тұрып, өзiм сол қылықтармен мұғамәла қылмағандығым жарамайды ғой ” десе , сол өзi әдiлет те, ынсап та емес пе ? Ал әдiлдiк пен әдiлеттiктiң шегi жоқ . Құдай тағаланың жолы деген жол шексiз ”ниһаятсыз сол жолға жүрудi өзiне шарт қылып кiм қадам басты, ол таза мұсылман толық адам” – дейдi ақын. Аллаһтың жолы көптiң қамын ойлау “харекет қыл, пайдасы көпке тисiн” немесе “түпкi мақсатың өз пайдаңа болса ол құдайдың жолы емес не түрлi болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадалат шапағат секiлдi бiреулерге жақсылық тигiзбек мақсаттын болса, ол жол құдайдың жолы” ол жол шексiз құдайға жақындау жолы дейдi Абай. Демек Аллаһқа жақындау үшiн мiне осы жолды ұстану – Оны мұрат түту деген сөз. Мiне бұл – толық адам болудың жолы.
Оқу – тәрбие мекемелерiнде дiнтануды енгiзiп, ол арқылы тәрбие iсiн ұйымдастыруда санаға салатын бiр нәрсе-намаз мәселесi. Абай бұны адамдардың iшкi жан дүниесi, ниетiнiң тазалану жолы, “сiздiң батиниңiздiң таза болуы ол иман” – дей отырып iшкi дүние таза болуы үшiн сыртқы тазалық қажет, ол намаз алдындағы жуынып шайыну, “онымен сезiмдi тазалыққа кiргенiңдi, кәмiл ықыласынды көрсетiп, iшiмнiң сафлығының соңын да халық көрер, сыртымды да пәк етемiн һәм көзге көрiнбейтiн
-2-
ағзаларымды да пәк етемiн, бұл пәктiң үстiнде Аллаһқа дұға атаймын деп әзiрленесiз”-деп түсiндiредi .Намаз оқу –ол рухани тазалық.Күнделiктi бес уақыт намаз әрдайым Аллаһты еске түсiрiп, адамды жаманшылық атаулыдан сақтайды. Жалпы мектеп немесе тағы басқадай бала тәрбиесiмен айналысатын орындар дiн тәрбиесiн жолға қоюды, дiн тану, дiн тарихын оқытуды Абай еңбектерiндегi пiкiрлерге назар аударса ,оған қатысты көп нәрселердiң бетi ашылар едi.

Хәкiм, әулие, ғалым немесе толық адам бола ма, қай-қайсысына болмасын ұқсаудың тағы бiр жолы ақылды болуға ұмтылу. Абай ақылды және ақыл иесiн бәрiнен жоғары қояды.Сондықтан ол адамның аса маңызды үш қасиетiнiң бастысын ақыл деп санайды: Сондықтан “нұрлы ақыл”-деп оны жарық нұрмен теңесе “ақыл жол таба” немесе “ақыл тауып айласын” – деп оның қуатын мөлшерлейдi. Ақыл барлығын басқарады, сондықтан, ақылдылықтың бiр белгiсi “бой жетiп ер жiгiтке ғақыл таппақ” және “ар, ұяттың бiр ақыл күзетшiсi”, ”арың, ақылың бұл күннiң мәртебесi”- ақылмен өзiн басқара бiлу, барлық iс- әрекетiн ақылға салып таразылау, ақылдың өлшемi-ар,ұят-деп көрсетедi. Ақылдың өзi ғана болып, басқа қасиеттермен тең салмақта болмаса ол да кемшiлiкке әкелiп соқтырғандығын:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әдiлет, шапқат кiмде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Бiте қалса қазаққа,
Алдың жалын, артың мұз,
Барар едiң қай жаққа.
немесе, ”әуелде бiр суық мұз ақыл зерек,жылытқан тұла бойды ыстық жүрек”-дейдi. Демек, жүрек немесе сезiммен қабыспаса жалғыз ақыл-адамгершiлiк қасиеттермен санаспайтын “салқынқандылыққа”, қаталдыққа, соқтыратыны белгiлi.Сондықтан қайрат ақылды басқарады,икемге келтiредi.Қайрат-“салқынқандылыққа”ерiк бермей оны ырықтандырып тұратын iшкi қуат.Бiрақ ол да сезiммен қабыспаса аса қауiптi екенiн жоғарыдағы өлең шумақтарынан көрдiк. Сондықтан Абай шығармалары арқылы тәрбиелiк iс шаралар жүргiзгенде оның “ақыл, қайрат жүректi бiрдей ұста” деген сөзiн нысана етiп алу керек. Осы үшеуiнiң адам өмiрiндегi мәнi, күнделiктi iс-әрекеттi басқарудағы маңызы, олардың келiп шығуы т.б. ашып көрсеткен жөн. Мiне, бұл “толық адам” болуға ұмтылудың бiр жолы.
Абай, ақыл, қайрат, жүректен басқа, iзгiлiк, мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, еңбексүйгiштi, өнерпаздық, оқу-ғылымға ынталану сияқты т.б.адамдық сапалар жөнiнде көп айтқаны белгiлi. Сондай –ақ ол өмiрде осы қасиеттердiң адамдардың бойында түрлiше тоғысқандығы, соның салдарынан олардың iсi, мiнез-құлық сапаларының әр түрлi екендiгiн түсiнiп
-3-
көре бiледi. Мәселен, ақыл мен қайрат қосылса- адам көп нәрсеге жетедi, бiрақ ол толық адам емес. Себебi онда әдiлет пен шапқат жоқ. Ондайларға кез келсең не боларыңды “алдың жалын, артың мұз” деп көрсетедi бұл қазiр де солай. Ондай қосыңқы-қатыгездiк, қайырымсыздық, мейiрiмсiздiкке соқтыратыны көрнеу. Ал, “жүректiң ақыл суаты” –сезiмге ерiк бермей, оны ақылға басқарту әр нәрсеге махаббат қылу немесе, не нәрсеге қаншалықты мөлшерде махаббат қылуды- ақыл шешуi керек деген сөз. Қай мағынада болмасын, жас өспiрiмдер үшiн махаббаттың мәнiн ашу, ақын шығармалары арқылы ұғындыру бiздiңше тиiмдi болар едi. Себебi ол не нәрсеге, қалайша махаббат қылу керек екендiгiн көрсеткен. Мәселен, ол ең алдымен Аллаһ Тағалаға махаббат қыл “сен де сүй ол Аллаһты жаннан тәттi”, одан соң - әдiлеттi сүй “Хақ жолы осы деп әдiлеттi”, адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп десе тағы да ғылымға махаббат қыл, өнердi, табиғатты, еңбектiсүй дейдi. Жас буындарғы мiне осыларды жеткiзуде Абай шығармалары – теңдесi жоқ құрал.
Адамның қай қайсысы болмасын өркениеттi, тәуелсiз өмiр сүргiсi келедi. Ал мұның негiзгi шарты, әрi адамдар рухани байлықтан гөрi жоғары қоятыны- мал-мүлiк. Сондықтан қай қайсысы болмасын өз еңбегiн мал табу үшiн жұмсағысы келедi. Бұл заңдыда. Абай өзi де мал- мүлiктi, тiптi iрi шонжар, бай болғандықтан оның қадiрi мен пайдасын, қалай жұмсау, қалай табу жөнiнде көп ойланған, көп iздеген.
Абай ар- иманын сатпай- ақ, қулық- сұмдықсыз- ақ, алдап арбамай-ақ мал табудың жолын көрсетiп кеткен. Мысалы оның “ Қуанбаңдар жастыққа” деген өлеңi түгел осыған арналған:
Қуанбаңдар жастыққа,
Елiрме күлкi мастыққа
Көзiң қайдан жетедi,
Достық пенен қастыққа?
Құрбының қызық дегенiн,
Сөз екендеп ап шықпа
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа
Қолдағыңды қолдап бақ,
Мал арзан деп аптықпа
Сыпайы жерде шаруа ойла,
Даңғойланып қаптықпа.
Мұратқа жету жолдарының бiрi - өнер үйрену. Дiн жолында да, ғылым жолында да өнер –адамдардың бiр сипаты. Сол себептi “өнерде үйренбек” өзi де “ихсан” немесе өнер үйренбек жақсылықтың сипаты болып, оның адам өмiрiндеге пайдасы, өркениеттi, парасатты өмiр сүру үшiн қажет екендiгi белгiлi, “өнер - өзi де мал” немесе “өнер- өзi де байлық” екендiгiн жазып кеткен Абай.
Өзiн -өзi сынауды Абай адамның адамдық қасиеттерiнiң бiр белгiсi ретiнде қарайды. Ол “егер де естi кiсiлердiң қатарында болғың келсе, күнiнде
-4-
бiр мәрте, болмаса жұмасында бiр, ең болмаса айында бiр өзiңнен есеп ал. Сол алдыңғы есеп алғаннан берi өмiрiңдi қалай өткiздiң екен, не бiлiмге, не ақыретке, не дүниеге жарамды күнiнде өзiң өкiнбестей қылықпен өткiзiппiсiң, жоқ болмаса не қылып, не өткiзгенiңдi бiлмей қалыппысың?”
Бұдан түйерiмiз:
1. Күнiне, аптасына не болмаса айына бiр рет өзiне есеп беру.
2. Мұнда өзiң пайдалы не болмаса басқаларға пайдалы қандай iс қылғандығыңды ескеру.
3. Не болмаса уақытыңды не iстеп өткiзгенiңдi өзiң де бiлмейсiң бе- соны санаға салу.
Ақын “ Жапырағы қураған үмiтпенен” деген өлеңiнде өзiнiң көп уақытты бос өткiзiп жiбергенiне өкiнiп, өзi сынаумен қатар, ойлы болуды және өзiн танып бiлуге ынталануды үйретедi. Ол :
Қарашы өз бойыңда түгел ме екен,
Ыстық жүрек, оң шырай, қуат пен күш?
дейдi. Немесе, өзiн тану үшiн жүректiң сезiмталдығын байқау-демек, қайрым, мейiрiм, әдiлет, ар, ұят деген сияқты жүрек iсi өз бойында бар ма, жоқ па?- соны тексер деген.
Көптiң аузын күзетiп күн көрмейсiң,
Өзiңдi-өзiң күзет кел, шырағым!-
деп тағыда өзiңе назар салуды үйретедi. Елдi танудан бұрын, өзiңдi таны дейдi. Абай “Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек” – деген өлеңiнде өзiн сынаудың уәзiңдерiн (критерилерiн) ақылды мен наданды салыстырмалап келтiредi. Мысалы ақылдың белгiсi: ақылға ермек, бойды жеңбек, ақыл тапқан мал таппақ, адал жүрмек ақылды, қара қылды қырыққа бөлетiн әдiл; ақылды өзiнiң iс -әрекетiн таразыға салып, әр нәрсеге баға бередi- мiне осыларды өз бойынан iздеп, бiр күнi болсада ойланбақ керек “өзiмен -өзi бiр күн болмай ма әлек?” Өзiн осы Абай айтқан өлшеммен таразылап көру - өзiн сынауға пайдаланатын үлкен пiкiр.
Ақынның “Ойға түстiм толғандым” өлеңi адамның өзiне сын көзбен қараудың үлгiсi десек те болады. Мұнда ол:
Мiнезiме көз салдым,
Жүрегiм инедейiн таза емес
Көрiнгенге қызықтым
Жүректiң әдiлетiн бұзыппын
Ақыл менен бiлiмнен үмiт үзiппiн
Ар ұяттан күсiппiн мақтанбаққа мақтанып,
дегенiнен кiм де болса тазалыққа имандылыққа бой ұрады.
Аллаһты танып, адамгершiлiктiң биiк шыңына қол жеткiзудiң Абай айтып кеткен тағы бiр жолы – “дүниенiң көрiнген һәм көрiнбеген сырын түгелдеп, ең болмаса зерделеп бiлмесе, адамдықтың орны болмайды деп көрсетуiде осыны меңзейдi. Оның жолдарын нұсқайды.
1. Орын тауып iздеу, кiсiсiн тауып сұрау.
2. Көзбен көрген нәрсенiң сырын қалай болады деп көңiлге алу.
-5-
3. Бахас- өзi де ғылымның бiр жолы. Бұл ақынның 7- қара сөзiнен. Ал 32- қара сөзiнде осы ой жалғасады.
4. Ой жүргiзу, пiкiр алысу. Өз пiкiрiн, өз ойын, өзi бiлген шындықты дәлелдеуге ұмтылу бiлiм, дiн, ғылымды көбейтудiң қаруы. Ол осы 32- қара сөзiнде ғылым, бiлiмдi үйренуге талап етушiлерге бiлуге тиiстi нәрселерде көрсеткен: бiлуден рахат, ләззат алу “хузур хасил болады”; бiлгендi берiк ұстап бiлмегендi тағы да сондай бiлсем екен деу; “естiгенiңдi, көргенiңдi жақсы ұғып, анық өз суретiмен iшке жайғастырып алу, шын мейiрлену, бiлмек үшiн үйрену, хақиқатқа көзiң жетседе, соны тұт, айырылма, бар күш- қуатыңды жұмылдыру бiлгенiңдi сақтап қорғау, салғырттықтан сақтану, мiнездi бұзбау” – мiне осылар. Бұл да имандылықтың тұтқасы.
Абай дүниенi жаратушы бiр ие бар, ол – тәңiрi деген ұғымда болған және ол ұғымнан қайтпаған:
Алланың өзi де рас, сөзi де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас,
Көп кiтап келдi Алладан, оның төртi
Алланы тантуға сөзi айрылмас.

Замана, шаруа, мiнез күде өзгердi,
Оларға кез-кезiмен нәби келдi.
Қағида шариғатты өзгертседе
Тағриф Алла еш жерде өзгермедi.
Абайға еңбек сүйетiн, кiсi ақысын жемейтiн адам, мейлi қай дiнде болса да бауыр. “Замана, шаруа, мiнез күнде өзгермек” деген сөздi я” қағида шариғаты өзгерсе де” деген сөздi Абай ойынан шығарып отырған жоқ ол дiндегi өзгерiстердi бiлгендiктен айтып отыр.
Ислямда мұсылман болудың бес шарты бар: иман бiлу, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қажыға бару. Бұл құлшылықтарды өтеуге Абай қарсы емес. Бiрақ ол құлшылықтардың шартын бiлiп орындауды тiлейдi. “Абыралыға” деген өлеңiнде
Руза, намаз, зекет, хаж- талассыз iс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрiн тегiс,- дейдi Абай.
Абайша iш тазарту деген не? Ислам молдаларының айтуында, “иман” деген – “құдай бiр, құран шын, Мұхаммед пайғамбар рас” деп сену. Абай бұл пiкiрлерге де қарсы емес:
Алла мiнсiз, әуелден пайғамбар хақ,
Құран рас, алланың сөзi де дүр
дейдi.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәттi.
Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп,
Және хақ жол осы деп - әдiлеттi,- деген ойын жалғастырады. Оның ойынша:
-6-
Дiн де осы, шын ойласаң тағат та осы,
Екi дүние бұл тасдиқ хақтың досы.
деп адамға жәрдемшi болуды да ислам дiнiнiң қағидасы деп ұқтырады.
Адамды сүй, алланың хикметiн сүй,
Не қызық бар өмiрде одан басқа,-
деп Абай аллаға құрмет көрсетудi имендылық деп ұқтырады.
Абайда “жақсылық, жамандықты жаратқан құдай” бiрақ оны iстейтiн құдай емес. Ауруды жаратқан құдай ауыртатын құдай емес. Бай, кедейдi жаратқан құдай, ал бай,кедей қылған құдай емес. Оның бәрi адамның өзiнен деп түйiндейдi.
Дүниеге дос, ақиретке бiрдей болмас,
Екеуi тап бiрдей боп орныға алмас,
Дүниеге ынтық, мақшарға амалсыздың
Иманым түгел деуге аузым бармас,-
деп өз еңбегiмен күн көрмейтiн, бiреудiң еңбегiмен байығандарды айтады.
Оларды былай сөгедi:
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа,
Табысына табынып қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанып бiлдiрмекке,
Көзге шұқып малменен күйдiрмекке,
Өзi шошқа, өзгенi ит деп ойлап,
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдiрмекке.
Бұл пiкiрiн 38 – сөзiнде: “байлар өзiнде жоқты мал мен сатып алады. Көңiлдерi көкте. Көздерi аспанда. Адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, ешнәрсе малдан қымбат демейдi. Оның дiнi құдайы, халқы, жұрты, бiлiмi,ұяты, ары, жақыны бәрi мал деп ойшылдық танытады.
Менi мен сен тең бе деп мақтанасың,
Бiлiмсiздiк белгiсi – ол баяғы
деп қорлаушыларды имансыздар қатарына жатқызады. Ол бiлiмсiз надандарды сөге отырып:
“Бiлмейсiң” десе, желөкпе
Дейдi олдағы - тәңiр iсi.
Бiрiнен-бiрi бөлек пе,
Иемнiң әдiл пендесi? -
дейдi.
Абай Спенсердi, Льюис пен Милльдердiң талқылауы арқылы Кантты, Бокльдi оқыған. Сондай-ақ Сократты, Платонды, Аристотельдi оқыған. Сондықтан өз шығармаларында олардың философияларын, дiни көз-қарастарын басшылыққа алады.

-7-
Әркiмнiң мақсаты өз керегiн де,
Бiле алмадым пысығын, зерегiн де, Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қылар,
Хақиқат та дiн дағы тереңiнде,-
деген өлеңi осыны растайды.
Абай 38- қара сөзiнде Алланы тану жөнiнде оның бойындағы сегiз сипатқа (хаят, ғылым, құдiрет, көру, есту, тiлек, сөз, болдыру) қосымша ретiнде өз тарапынан нақлия, ғақлия дәлелдерге сүйене отырып екi сипатта:
1. Әдiлет. 2. Рақымды қосып, он сипатқа жеткiзедi. Ал сегiз сипаттың iшiнен құдiрет пен ғылымның баламасы ретiнде ақылды бөлiп алады да, оны өзi ұсынған екi сипатпен бiрiктiрiп, оларға ерекше мән берiп үш сипатқа: 1. ақыл, 2. әдiлет, 3. рақым деп саралайды да осыны бойына дарытқан адамды толық адам деп санайды. Осы үш сипаттың iшiндегi рақымға Абай айрықша мән берiп оны жүректiң баламасы ретiнде таниды.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әдiлет шафғат кiмде бар
Сол жарасар туғанға, -
деп Алланың бойындағы сегiз сипатқа нақылия, ғақылия дәлелдер арқылы өзi қосқан әдiлет пен рақымға мән бередi, рақымды жүректiң баламасы деп танытады. Осылайша ой қорытқан ғұламаны: “өзiнiң ой сезiм дүниесiне әсер еткен ағымдардың бәрiн өзiнiң өздiк ерекше ой елегiнен өткiзiп, қорыта өзгертiп, өзiндiк етiп алады” деген кемеңгер М.Әуезовтың дана пiкiрi бүгiнде өз өмiршендiгiн көрсетiп отыр. Ендi мен Абайдың жан мен тән “мен” мен “менiкi” деген философиялық ойына кеңiрек тоқталсам деймiн. Абайдың жансыры жөнiндегi танымы өте күрделi, көп қырлы болып төрт салаға бөлiнетiн ерекшелiгi де бар. Олар: Жан деген ұғым – тiрлiк иесi болған адам ретiнде , кейде психикалық жан құбылысы ретiнде қабылданады. Ал кейде жан Тәңiрiнiң берген сыйы, рухы мағанасында берiлетiн таным тұрғысынан көрсетедi.
Адам қапыл дүниенi дер менiкi,
Менiкi деп жүргенi бәрi онiкi
Тән қалып, мал да қалып жан кеткенде,
Сонда ойла болады не сенiкi?-
деп жанның тәндi тастап кететiнi айтылады. Бiрақ бiр жақсысы бұл ертеден келе жатқан кәнiгi көне таным ақын шығармаларында бұдан әрi таратылмай қысқа қайырылатыны бар.
Ең соңында жан сыры туралы Абай шығармаларындағы басты да негiзгi таным сөз болғанда, олар: жан қуаты, жанқұмары; жан қуатының басқада түрлерi сөз болғанда айқындала түседi. Яғни сыртқы дүниенiң адам санасында сәулеленуi арқылы кәсiби жолмен пайда болатын ақыл, сананың туу, даму заңдылығын көремiз.
Жан мен тәннiң, яғни “мен” мен “менiкiнiң” ара қатынасы мен мән мағынасы туралы мұсылмандық дүниетаным негiзi құранның 32- сүресiнiң 8,
-8-
89-аяттарында баяндалған. Ал түркi әлемiнiң ХI- ғасырдағы ұлы туындысы “Құдатғу бiлiкте” де көрiнiс тапқан:
4559- өлең Тәң мен жанға бере көрме қалауын
Жете қалса, қалауына қамалдың …

5360- өлең Жан мен тәндi бүлдiредi әуестiк
Нәпсi өлсе, түзеледi әбестiк …

5361- өлең Мықты болғың, тұтқын болма нәпсiге,
Нәпсi құрғыр ұрындырар әр iске …
деген ұғымдар мен Абай ойы үндесiп жатады.Тiптi Абай шығармаларында осы айтылған танымның шеңберiнен шығып жанның өзiн, оның өлмейтұғындығы жайындағы ұғымды мүлде жаңаша көрсетедi.
Ақыл мен жан- мен, өзiм тән менiкi
“Менi” мен “менiкiнiң” мағынасы екi
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел баста
“Менiкi” өлсе өлсiн оған бекi
деп “менiкi”, яғни тән өлетiнiн, бiрақ “мен” яғни жан өлмейтiнiн ашып айтады. Бiр жағынан қарағанда Абай танымы да жанды мәңгi өлмейдi деп қарайтын құран танымына саятындай көрiнедi. Бiрақ “Ақыл мен жан – мен өзiм” деген өлең жолындағы “мен” сөзi ақыл мен жанның баламасы ретiнде алынып арнайы мән берiлуiнде терең де өзiндiк соны таным жатыр.Абай өзiнiң жан сыры, жан құмары, жан қуаты жөнiнде, ой толғаныстарында үнемi “мендi” кiрлететiн “менiкiне” қайшы келiп отыратыны себептi, Шағатай әдебиетiнде жырланып, мадақталып келген басты танымға қарсы келiп оның таным шеңберiнен көп жағдайда шығып кетiп, өзiне ғана тән өзектi танымның желiсiн берiп кетiп отырады екен.
Жан сыры жайындағы Абай танымындағы мәселенiң ең нәзiк жерi де “Мен өлмекке тағдыр жоқ” деген пiкiрден басталады. Өйткенi Абай өлеңiндегi “ақыл” сөзi бiлiм, ғылым, ой сананың қолдануынан бiртiндеп жиналатын, яғни жан құмары, жан қуаттары арқылы кәсiби жолмен пайда болатын құбылыс деп қаралуы себептi де: “Құмарланып жиған қазынамды көбейтпек керек, бұл жанның тамағы едi” ,- деп жазуында салмақты мағына жатыр. Абайдың мұндағы таратпақ болған ойының өзектi - желiсi жан қуаты туралы танымы болғандықтан: “… iштегi жан қуаты мен жинаған нәрсенiң аты- ақыл, ғылым едi” деп бiлiп жанның тәнге қожа екенiн, тәннiң жанға құл екенiн аңғартады. Абайдың осы ойының желiсi өзiнiң ең басты ақын шәкiртi Шәкәрiмнiң:
Жан-қожа, тән дегенiң- жанның құлы…
Ең басты зат: жаны бар ақылды зат …
Жан –терезе, қарайтын – жан иесi,
Жаннан шығар ақыл мен ойдың шыңы,-
деп Абай ойын, танымын жалғастыратыны бар.

-9-
Абай “Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан” ,- дегенде кәсiби әрекет арқылы жан құмары күшiмен бiртiндеп қорланатын рухани құбылысты ғана жан деп қараған. Сондықтан да адамның сыртқы дүниеден хауаси хамса заһири, яғни сыртқы бес сезiм мүшесi арқылы iшкi ой елегiнен сүзiп қорытып тапқан ойын өнер тiлiмен сыртқа қайта шығарып рухани мұра ретiнде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып дәстүрлi жалғастық тауып түрленiп, дамып отыратыннын “ақал мен жанға” ғана өлмейдi деп тану себептi де:
Өлдi деуге сияма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
деп ойлы пiкiр толғау арқылы Абайдың жан (мен) дегенi нұрлы ақылды адамның ұрпақтан- ұрпаққа ауысып толығып, жалғастақ таба беретiн рухани қазынасын айтады екен. Абай ойының түп төркiнiн, оның мән- мағынасын өзiнше түсiнiп жалғастыра дамытушы Шәкәрiм жанның яғни “меннiң” мәңгiлiгiн сөз еткенде:

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң,
Шын бақыт –
Осыны ұқ –
Мәңгi өлмейсiң
деп ой қорытуы Абай танымының философиялфқ негiзi қайда жатқанынан хабардар етумен бiрге оның өзiндiк танымынын табиғатын аңғартады.
“Алланың өзi де рас, сөзi де рас” деген өлеңiнде ұлы Абай:
Ойландағы, үшеуiн таратып бақ,
Басты байла жолына малын түгiл,-
деген аса маңызды өсиет “үш сүю” – Алланың адамзатты сүюi; адамның Алланы сүюi; адамның адамзатты сүюi. Ол осыларды түсiндiре келiп, осы жолға қадам басу шарты болып табылатын толық адамдық үш хаслетке (қасиетке) тоқталады.
Бұл айтылмыш үш хасiлеттiң иелерiнiң алды – пайғамбарлар, әулиелер, хакiмдер және кәмiл мұсылмандар дейдi Абай “толық адамдарды” сатылап көрсетедi.
Абай өз iлiмiнде кәмiл мұсылмандардан жоғары сатда деп бiлген хакiмдерге адамзат ұстаздары ретiнде өте жоғары баға бередi. Мәселен “ Адаспай тура iздеген хакiмдер болмаса, дүние ойран болар едi. Адам iсiнiң қазығы – осы жақсы хакiмдер, әр нәрсе дүниеде солардың ой iстерi арқылы шешiмiн табады деген пiкiр айтады.Әулиелер …Абайдың “толық адам” танымында хакiмдерден жоғары тұрған рухани ұстаздар.”Толық адамдардың” бұл тобы туралы танымын “…әулиелерге әулиелер оқыды, ғашық болды” – деп бастайды Абай 38-қара сөзiнде.
Пайғамбарлар …рухани бiлiм тереңi тек рухани ұстаздар арқылы ашылып және ұстаздан шәкiртке жалғасады. Абай 38-қарасөзiнде: “Бұл үш түрлi пиғыл құдайдың соңында болмақ, өзiн құл бiлiп, бұл пиғылдарға ғашық болып, тұтпақты, пайғамбарлар үйреттi, әулиелерге әулиелер оқыды, ғашық болды”- дейдi Абай.
-10-
Уақыт өткен сайын өз кезектерiмен пайғамбарлар келедi. Замана, экономикалық тiршiлiгiмен адамзат психологиясымен өзгередi, дiнде солай.
Замана, шаруа, мiнез күнде өзгередi…
Тағриф Алла еш жерде өзгермедi,- дейдi Абай.
Сөйтiп ол пайғамбарлар – құдай тағаланы тануды үйретiп, халықтарды имандылық жолына салушы, бүкiл адамзаттың рухани ұстаздары.
Қалай десек те Абай - ұлы ғұлама, ойшыл, қоғам қайраткерi, ислам дiнiнiң қоғамға пайдалы жақтарын уағыздаушы.
Оны көрегендiкпен поэзия тiлiмен, қара сөздерiмен, дәрiптеп, тәрбие құралына арқу етушi.
Абай қай салада таусылмайтын қазына, тұңғиық мұхит. Сол мұхиттың тереңiне бойлай алсақ, рухымыз биiктей түсер ақиқат.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.