Инф-7-8. Білімді тексеру сабағы (стс).
Сұлтанбаева Жеміс Баламұратқызы
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
М. Әуезов атындағы №20 орта мектеп
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.
Сабақ көрнекілігі: карточкалар, тақта, т.б.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Сәлемдесу.
2). Келмеген оқушыларды белгілеу.
3). Оқушыларға сабақтың түрі мен мақсатын хабардар ету.
II. Оқушыларды «Жүйе», «Файл» атты 2 топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.
Мұғалімдерді шақырып немесе оқушылардың өз іштерінен әділ қазылар алқасын тағайындау.
III. Сайысты өткізу.
Тақтада:
«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле».
Жүсіп Баласағұн
1-тур
«Сұрақ – жауап»
Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.
Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады.
1-сұрақтар тобы:
1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
7. зиянкес программа? (вирус)
8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
9. компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
11. Объектілер қоймасы? (қапшық)
12. Латынның «information» сөзі нені білдіреді?
13. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
14. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)
15. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
16. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)
17. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)
18. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)
2- сұрақтар тобы:
1. Компьютердің миы. (Процессор).
2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
8. Баспа құралы. (Принтер)
9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)
11. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).
12. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
13. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
14. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
15. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)
16. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
17. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)
18. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).
2- тур.
«Формулалар әлемінде»
Тақтаға әр командадан бір оқушы шығып,карточкаларды таңдап алып, ондағы берілген формуланы бағдарламалау тілінде жазу керек:
3-тур.
«Капитандар сайысы»
Әр команданың капитандары тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.
1-есеп.
Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.
Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
2-есеп.
Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?
4-тур
«Жұмбақ шешейік»
Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.
1-жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?
2-жұмбақ
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.
3-жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
Ақпаратты қағазға басып шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады.
4-жұмбақ
Бұтақ орнында мың бір инесі бар,
Компьютер жанын мекендейді.
5-жұмбақ
Қарындаштың шимайын,
Тез өшіріп жояды.
6-жұмбақ
Саймандарда тұрағы,
Сурет салу құралы.
Суретіңді салады,
Өшірсең кетіп қалады.
7-жұмбақ
Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың.
8-жұмбақ
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
9-жұмбақ
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
10-жұмбақ
Алаңқайда тұрақты
107 перне тұрады.
Әріптен де, цифрдан да,
Іздегенің табылады.
Әр пернені басқан сайын,
Ойлағаның жазылады.
11-жұмбақ
Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.
12-жұмбақ
Шыр-шыр етеді
Ұстап қалсаң сөйлеп кетеді
Сайыс «Күлдіргі жұмбақ есеп шешу»
1. Самолет А дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?
2. Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса ше?
3. Информатик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Информатик қай шеберге барады?
4. Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз»,-деп кетті. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?
5. 50-ді ½- ге бөліп 3-ке қоссаңдар, нәтижесінде қанша шығады?
IV. Қорытынды.
Әділ қазылар алқасына сөз беріп қай команданың жеңгенін, соның ішінде қандай оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын және соған сай әр оқушыға қойылған бағаларды есту және оларды журналға қою.
Ұқсас тақырыптар:
- ИНФ-5-7. “Тапқыр достар” (СТС).
- XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
- Информатика. «Тапқыр информатик»
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
- Ашық тәрбие сағаты «Көңілді информатиктер сайысы»
- “Жұлдызды сәт” ойыны (сыныптан тыс)
- Сабақтар көшіру