10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар

Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).

Опубликовал inust в 12 Сентябрь 2011 – 19:14Пікір жоқ
Бұл мақала 2886 рет оқылды, 6 рет бүгін

Л. Қлышев атындағы орта жалпы білім
беретін мектептің математика, информатика
пәнінің мұғалімі Кулушева Нұрғайша Жәдігерқызы

Сабақтың көрнектерін көшіріп алыңыз.

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, радио-пульттер

Қатысушылар 10 а,б,11а,б сынып оқушылары.

Жүргізушілер: 11 сынып оқушылары

Әділқазылар мүшелері: Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына өткен оқушыларынан және математика, информатика пән мұғалімдерінен құралған 5 мүше.

Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «2009 жыл - информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілседе қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысады. (Ойыншылар өздерін таныстырады.)

10 а сыныбынан: Нұрымжанов Райымбек
10 б сыныбынан: Елемесова Ақжарқын
11 а сыныбынан:Баймағамбетов Абзал
11 б сыныбынан: Зданова Жұлдыз

Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу

1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Полиглот»
3-тур. «Ғажайып алаңы»
4-тур. «Қиял алаңы»
5-тур. «Жорға»

1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәтсапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)

1. Аталған байттар тізбегі? (файл, байт, диск)
2. Windowsпен жұмыс істей алатындардың барлығы? (объект, экран, интерфейс)
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (принтер, сканер, модем)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі? (Паскаль, программа. интерфейс)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (25, 125, 256)
6. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (тышқан, пернетақта, микрофон)
7.Компьютердің ақыл – ойы? (Монитор, процессор, камера)
8. Мәтін дегеніміз не? (Есептер, Кестелер, Жолдар тізбегі)
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Архивтеу, антивирус, оперативті программа)
10. Мензердін алдындагы сиволды кетіретін перне (Enter, Delete, пробел)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-тур. Полиглот.

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы … (тоқ, ток, currnt)
6. Өнер алды қызыл … (тіл, язык, landuade)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, )
8. Жойылған құжаттар сақталатын қап (себет, корзина, )

3-тур. «Ғажайып алаңы».

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)

«Операциялық жүйе» бойынша сұрақтар

30 (оң) жақтағы –ОЖ дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жүйелік программа. ОЖ компьютер жұмысын басқарады. Ms Dos, Windows 95/98, Windows2000/XP, Windows NT, Windows UNIX)

30(ортадағы) – Бас меню қалай ашылады және қандай командалардан тұрады?
(Бастау командасы арқылы және мынадай командалардан тұрады: Программалар, Құжаттар, Анықтама беру, Орындау, Компьютерді қайта жүктеу, Компьютерді өшіру.)

30 (сол) жақтағы – Жұмыс үстелі дегеніміз және оның негізгі объектілері
(Windows ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болған экран және Windows ОЖ негізгі терезесі. Негізгі объектілер: Менің компьютерім, қоржын, менің құжаттарым, желілік орта)

40(оң) жақтағы – Тапсырмалар тақтасы дегеніміз не?
(Бастау менюінен кейін орналасқан жолақ.)

40 (ортадағы) –Архивтік программа дегеніміз не және оның түрлері қандай?
(Үлкен көлемді файлды немесе буманы қысу арқылы көлемін кішірейту. Win RAR, Win ZIP, ARL, PKZIP, PKUN ZIP)

40 (сол) жақтағы – Windows терезелерінің түрлері қандай?
(Сұхбат терезе, Анықтама терезе, Ескерту терезесі, Бума терезесі, Құжат терезе, Сілтеуіш терезе)

50 (оң) жақтағы – Стандартты бағдарламалар (Блокнот, Калькулятор, Word Pad, Paint)

50 (ортадағы) – Интернет желісі (Бүкіл әлемдік желі)

50 (сол) жақтағы – Жүйелі блоктың ішкі құрылғыларын ата?
(процессор, аналық тақташа, оперативті жады, тұрғылықты диск, алмалы дискілерге арналған диск жетегі, CD және DVD диск жетегі)

«Есептеуіш техника негіздері» бойынша сұрақтар

30 (оң) жақтағы – Turbo Pascal программасына жалпы сипаттама?
()

30(ортадағы) – Turbo Pascal программасында есептеу жүргізу бағдарламасы қандай сөзден басталады?
(End сөзімен аяқталады)

30 (сол) жақтағы – Тармақталу алгоритмі деген не және оған мысал келтір?
(Орындаушының алдына қойған мақсаты екі түрлі немесе бірнеше түрлі болған жағдайда тармақталу алгоритмі деп аталады. Егер, онда, әйтпесе, бітті)

40(оң) жақтағы – Turbo Pascal программасында есептеу жүргізу бағдарламасы қандай сөзден басталады?
(Program сөзінен кейін бағдарламаның аты жазылады)

40 (ортадағы) – Айнымалы деген не? (Айнымалы деп жады аймағын айтамыз)

40 (сол) жақтағы – Теңдік таңбасының орнына не қолданылады? (Меншіктеу операторы)

50 (оң) жақтағы – Алгоритм деген не және оның түрлері қандай?
(Орындаушының қандай да бір мақсатқа жетуі. Түрлері: сызықты, тармақталған, циклдік)

50 (ортадағы) – Модуль деген не? (Модуль дегеніміз программалық кодпен жазылған АЫСШД мәтіндік файлы. Мұнда программада қолданылатын өзара байланысқан процедуларды топтауға болады.)

50 (сол) жақтағы – New Project сұхбат терезесі
(Visual Basic тілін алғаш жүктегенде пайда болады. Терезе арқылы жаңа жоба, бұрын жасалған жобалар және жақында ғана жасалған жобаларды ашады)

«Есептеуіш техниканың шығу тарихы» бойынша сұрақтар

30 (оң) жақтағы – Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)

30(ортадағы) – 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды? (Арифмометр)

30 (сол) жақтағы – Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)

40(оң) жақтағы –Алғашқы программист (Ада Лавлейс)

40 (ортадағы) – Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы (Герман Холлерит)

40 (сол) жақтағы – Бірінші электронды машина (ENIAC)

50 (оң) жақтағы – А.С.Лебедевтің басшылығымен жасалған ЭЕМ-лар (МЭСМ, БЭСМ)

50 (ортадағы) – Американдық Герман Холлерит қандай құрылға ойлап шығарды? (Есепші – перфорациялық машиналар)

50 (сол) жақтағы – Алғашқы «Қосу машинасын» кім ойлап тапты? (Блез Паскаль)

«Аралас сұрақтар бойынша» бойынша сұрақтар

30 (оң) жақтағы – Операциялық жүйе қызметі (компьютердің барлық ресурстарының жұмысын басқарады)

30(ортадағы) – Ең өнімді вирусқа қарсы бағдарлама (Касперский)

30 (сол) жақтағы – Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)

40(оң) жақтағы – Утилиттер деген не? (көмекші программалар)

40 (ортадағы) – Microsoft фирмасын құрған адам (Билл Гейст)

40 (сол) жақтағы – MS DOS программасы қандай программа және қай жылы пайда болды (Жүйелік программа, 1981 жылы)

50 (оң) жақтағы – Жедел жадтар типтері … (SDRAM, DDR, SDRAM, DDR – II, SDRAM)

50 (ортадағы) – Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (жүйелік, қолданбалы, программалау тілдері)

50 (сол) жақтағы – Драйверлер деген не? (Қосалқы құрылғыларды жүктеуге арналған программалар)

3 Алдыңғы үш турдың қорытындысы бойынша бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады

Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

4-тур. «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.

1. Егер мен робот болсам…
2. Егер мен хаккер болсам…

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. (Жай дауыспен сазды әуен ойнатылады) Кезекпен өнерін ортаға салады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

5-тур. «Жорға». Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Бір битте қанша байт бар (8)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)
11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)
12. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
19. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
21. Дискета түрлері (3,5 және 5,25 дюмдік)
22. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
23. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
24. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
25. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
26. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
27. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
28. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
29.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)
30. Перне тақта қандай құрылғы (енгізу)
31. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
32 . Жад нешеге бөлінеді (2)
33.Жергілікті желіге қандай құрылғы керек? (хабб)
34. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
35. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)
36. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)

Қорытындылаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған «2009 - Информатигі» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Келесі кездескенше Сау саламат болыңыз!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.