10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Таңдаулы, Ұстаздар шығармашылығы

Инновациялық үрдістерді оқу үрдісіне енгізу

Опубликовал Алимова Балдырған в 12 Апрель 2012 – 10:55Пікір жоқ
Бұл мақала 320 рет оқылды, 6 рет бүгін

Алимова Балдырған. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Қ.Ш.Шыңғысов атындағы №5 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Педагогикалық инновация» жаңа ұғым болғандықтан, осы теорияға тоқталып, теориялық және тәжірибелік мәселелеріне талдау жасауды жөн көріп отырмын.

«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, жаңару, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т.И. Шамова, П.И.Третьякованың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» - педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Н.Нұрмағанбетов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу – тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады дейді.

Инновациялық оқу үрдісін мектептің оқу процесіне енгізу мәселесі үлкен мәселе болып табылады. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысын басқарудың нысаны болып табылады. Дамымалы мектептерде басқарудың негізі, пәні ретінде оның мақсаты, мазмұны, әдістер мен түрлері алынады.

Кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты - әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

Жеке тұлғаның өзін- өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.

Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі. Әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мұғалім мына төмендегі түсініктерді ескергені жөн:

  • Қатарлас отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескерту;
  • әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
  • оқушының өз бетінше іс - әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
  • сынып топтарының ерекшеліктерін ескерту;
  • мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.

Мектептің оқу үрдісіне инновациялық үрдісті енгізуде мектеп басшысының бірінші мақсаты – мұғалімнің инновацияға  қатынасын және жаңа пікірлерді сауалдамалар арқылы жинақтау, құрастыру. Тәжірибеге қарағанда оң нәтижелер мұғалімдерді жаңашылдыққа баулиды, дұрыс көзқарас қалыптастырады. Оған мысал: оқушылардың олимпиадағы жетістіктері, мектеп ұжымының түрлі сайыстардан жүлдегер атануы және т.б.

Мұнымен қатар жаңаруға көзқарас мұғалімінің жеке бас ерекшеліктеріне де байланысты болады, әсіресе жеке тұлғаның жүйке жүйесі жұмысының: үрейлену, белсенділік, білімдарлығы, өзін- өзі баға беру дәрежесі және т.б. түрлеріне тікелей байланысты. Инновациялық үрдісті ұйымдастырушының басты міндеттерінің бірі адамдарды 3 және 4 топтан 1 және 2 – топқа торту болып табылады. Сондықтан жаңалық енгізуде жариялылық пен нұсқау беру басты орын алады. Әрбір мұғалім бұл үрдісте өз орнын білуі керке. Егер мұғалім өзі атқаратын міндетін жетік білсе, онда оның санасында өзін- өзі басқару, жаңа іске бет бұру, өзіндік белсенділігі мен өзіндік дамуы пайда болады. Жаңаны басқару үшін бағыт беру мәселе болып табылады. Оған алға қойылған мақсатқа жету, талдау, жоспарланған адым, педагогикалық технология, жаңаны басқару, тәжірибелік бақылау, яғни басқарудың барлық элементтері кіреді.

Кез келген инновациялық үрдістің көзделген мақсатқа апару – апармауы жорамал түрінде болатындығын ескерсек, осы бағытта кездесетін көптеген қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ оны алдын –ала анықтау мүмкін емес.Жоба деңгейінде көптеген қателіктер мен ескермеушіліктің алдын алу үшін тәжірибеден өткен инновациялық жоспарды жан- жақты талдап, соның негізінде қорытынды бағдарлама жасаған дұрыс. Бұл бағдарламаны зерттеуші жасауды да, ол ғылыми- әдістемелік кеңесте талдаудан, сыннан өткізіледі. Жаңалық енгізудің жоспарын сыннан өткізуде төмендегі көрсеткіштердің ескерілуін қатты қадағалау қажет.

-         жоспар мазмұнының біртектілігі;
-         оның бөлімдері мен тараулардың құрылымдық байланысы;
-         оның бір жүйелілігі, қисындылығы, құрылымдылығы;
-         қателігі, жетіспеушілігі;
-         бағдарламаға қосымшалар мен ұсыныстар енгізу;
-         сындық қорытынды (жүргізуге, қабылдауға немесе ескертпелер негізінде толықтыруға ұсынылады)

Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.