Информатика 7-сынып. Айлық тест (жауаптарымен).
Жұмабаева Фариза Омаргалиева.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебі.
Түсінік хат
Қазiргi уақытта мектеп оқушыларын еңбекке, мамандыққа баулу бағыттарына дайындауда информатиканың рөлi ерекше.
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11 сыныптар үшін) стандарт әзірленді,оған сәйкес «Информатика» пәні 7-сыныптан бастап оқытылады.Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған
Бұл тест тапсырмалары мемлекеттік стандарттың 7-сынып бағдарламасы негізге ала отырып құрастырылды.
Мақсаты-оқушылардың информатика пәнінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың ақпараттық біліктілігін арттыру арқылы пәнді талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.
Іріктеп алынған тестке байланысты берілген тапсырма бойынша оқушы өз білімін өздігінен анықтай алады. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығы негізінде құрылған бұл тестте бағдарлама бойынша барлық тақырыптар қамтылған, әр ай сайын оқушының алған білімін тексеру, бағалау, қорытындылау мақсатында қолдануға болады.
І. «Адам, Ақапарат» тақырыбына тест тапсырмалары (қыркүйек)
1. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?
А) баяндау, түсіндіру, мәлімет
Б) есептеу, мәлімдеу
В) орындау, өңдеу
2. Ақпараттық процестер - бұл …
А) Ақпаратты жинау, сақтау
Б) Ақпаратты жинау, түрлендіру, беру, қабылдау, сақтау, жеткізу.
В) Ақпаратты беру және сақтау
3. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:
А) жүйелік, қолданбалы
Б) бейнелі және таңбалы
В) жасанды және табиғи
4. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу –бұл ….
А) модульдеу
Б) объектілеу
В) кодтау
5. Таңба түрінде қатынасу
А) табиғи тіл
Б) қатынас тілі
В) жасанды тіл
6. Декодтау дегеніміз ….
А) ақпаратты кодтау
Б) ақпаратты кері кодтау
В) құпиялау
7. Ағылшын тіліндегі екілік таңба қалай аталады?
А) байт
Б) Кбайт
В) бит
8. 8 биттен тұратын код
А) Кбайт
Б) байт
В) Гбайт
9. Американдық ақпарат алмасудың стандартты коды
А) ASCII коды
Б) Морзе әліппесі
В) екілік кодтау
10. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процессс
А) процессор
Б) сигнал
В) Желі
Ұқсас тақырыптар:
- Паскаль. «Бақытты билет», Бүтін санды жай көбейтінділерге бөлшектеу, ASCII таблицасын шығару, Фамилияларды сұрыптау, Хоар процедурасы
- Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау (6-7).
- Информатика кемесі-білім теңізінде (сахналы-көрініс).
- «Информатика кемесі - білім теңізінде» (сахналы-көрініс).
- ИНФ-5-7. “Тапқыр достар” (СТС).
- ИНФОРМАТИКА. УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА для 7-9 кассов общеобразовательной школы. Астана 2010. по приказу МОН РК от 09.07.2021 г. № 367.
- Информатика 8-сынып. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 2011-2012 оқу жылы.
- XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
- “Жұлдызды сәт” ойыны (сыныптан тыс)
- Информатикадан 7-сыныпқа арналған тереңдетілген курс жоспары (102 сағат).
Улкен рахмет! оте керекті материал.