10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар

«Информатика кемесі - білім теңізінде» (сахналы-көрініс).

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 24 Август 2011 – 11:59Пікір жоқ
Бұл мақала 1986 рет оқылды, 4 рет бүгін

«Информатика кемесі  - білім теңізінде»
(сахналы-көрініс)
Сыныптан тыс жүргізілетін сабақ
Түрі: Әдеби музыкалық сабақ
Сабақтың мақсаты:

  • ЕЭМ-нің  даму тарихы мен компьютердің құрылу және жұмыс істеу принциптері және Интернет желісі туралы   алған білімдерін қайталап жүйелеу;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;
  • Ординарлы емес жағдайлардан туындаған негізгі бағдарламалық материалды қайталау және бекіту.

Сабақ міндеттері:

  1. Білімділік:  оқушылардың информатика пәнін басқа пәндермен

байланыстыра отырып, пәнаралқ байланысты қалыптастыру

  1. Тәрбиелік:  логикалық ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын

дамыту

  1. Дамыту:      зейінділігі мен пәнді жан-жақты игеруін дамыту

Дайындық кезеңі және рольдегілер мен орындаушылар:

    • Сахнада:  «Информатика кемесі – білім теңізінде» тақырыбында безендірілген.
    • Рольдегілер:

Капитан:  Лаубаев Азамат 8а сынып

Боцман: - Төлегенов Талғат 8ә сынып

1-Мотрос – Абдибекова Улбосын – 8ә сынып
2-Мотрос – Құрманғалиев Ғабит – 8ә  сынып
3-Мотрос – Сырлыбаев Бейбіт – 7а сынып

ASCII коды – Аметов Алмат - 7б сынып
Ноотбук – Оспанов Нұрсултан  - 7б сынып
Кәрі мотрос:  Зиятов Мадияр - 9ә  сынып
Диктор:  Абдугалиев Чингиз  - 9ә сынып
Жарнама оқыған: - Дүйсекенова Аяулым 11 а сынып

Көріністің жалпы мазмұны:

Сахнада капитан және кеме командасы «нарды» ойнап отырады.

1-Мотрос: - Капитан, бұл өмір не болып кетті? Бірсарынды.
2-Мотрос: - Иә, жігіттер, теңізге шығып, саяхат жасайық.
Капитан: - Теңізге шықсақ, шығайық. Әлемде не жаңалық, қызық болып жатқанын көрейік.
- Боцман, команданы жинап, кемені теңізге шығуға дайында!
Боцман: - Біздің кеме әр қашан да дайын ғой, капитан. Команда да осында.
Капитан: - Дайын болса, команданы палубаға жина.
Боцман: - Команда, түзел, тік тұр!
-        Капитан мырза, Информатика кемесі Білім  теңізіне шығуға дайын!
Капитан: - Менің қызық та, ауыр жолда сенім артар мотростарым. Біз бүгін Білім теңізіне ғажайып қызық, жаңалықтар іздеу саяхатына шығамыз. Сәт-сапар тілеймін.
Боцман: - Якорьді көтер, парусты түсір.Курсты тік ұста!

Кеме теңізге шығады. (Теңіздің дауысы бар музыка қосылады). Штурвалда 1-мотрос, қалғандары орындықтарда отырады.

Капитан: - Қосшы ана телевизорды, көрейік, не жаңалық, қандай қызықтар болып жатқанын.

Мотрос қолындағы пультпен телевизорды іске қосады.
Сахнаға екі оқушы экранды алып шығады.Экранның ар жағынан жүргізуші жаңалықтар оқи бастайды.

Жүргізуші: - Құрметті Шамалған телеарнасының көрермендері. Сіздердің

(Диктор) назарларыңызға Шамалған аулының М.Әуезов атындағы орта мектебінде ИФМ әдістемелік бірлестігі 10-күндігінің өту барысы туралы хабарлар ұсынамыз.

Ақпан айының 18 –ші жұлдызынан 28-ші жұлдызы аралығында Информатика, Физика, Математика әдістемелік бірлестігінің 10 күндігі болып өтті.  Онкүндікте төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.

-        18 ақпан күні  ИФМ бірлестік 10 күндігінің салтанатты ашылуы болып өтті.
-        20 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Балтабаева Күләйсан 7в сыныбында «Үшбұрыштар еліне саяхат» атты сыныптан тыс сағат  өткізді. Сынып оқушылары осы тақырыпта алған білімдерін әр түрлі логикалық есептерді, жұмбақ, мақал-мәтелдерді шешуде толық көрсете білді.  Кеш көңілді, әрі қызықты өтті.
-        21 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Примбетова Гүлжахан «Математика және өмір» тақырыбында 8 сыныптар арасында Көңілді тапқырлар кешін өткізді. Кеш әділқазылар мен көрермендер көңілінен шыға білді.
-        22 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Примбетова Айжамал 5б-6а сыныптар арасында «Математикалық мейрамхана» атты  сайыс  өткізді.
-        23 ақпан күні   физика пәнінің мұғалімі Сансызбаева Нагима 8  сыныптар арасында «Физика еліне саяхат» білім сайысын өткізді.
-        25 ақпан күні физика пәнінің мұғалімі Буханова Айдай 9ә сыныбынта «КТК» кешін өткізді
-        26 ақпан күні Информатика пәнінің мұғалімдері «Басқару жүйесімен» пікір-талас «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты  дебат сабағын ұсынды.
-        27 ақпан күні бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафоны өтті.

10 күндік оқушылар мен мұғлімдердің ұйымшылдығымен талапқа сай, қызықты әрі тартымды болып өтті.

Сіздермен болған Шамалған телеарнасы. Бізбен бірге болыңыздар!

Ж а р н а м а

Қалам, қағаз, қалам, қағаз шаршадыңыз ба? Бізге келіңіз! Біздің дүкенде жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары, үйде де, далада да, әуеде де қолайлы ең арзан Ноотбуктар сатылады. Қатқыл дискі - қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады … Мегобайт, CD-DVD …. Гб. Ноотбук ол деген – Интернет байланысына жердің кез-келген нүктесінен қосылуға мүмкіндігін беретін ыңғайлы құрал.

(осы уақытта экран астында титралар жүреді: қатқыл дискі …. Гигобайт, жедел жады …. Мегобайт, CD-DVD ….. Гб.)
Капитан: - Осы жарнамалардан шаршадық. Ноотбук дегені не тағы да?
Боцман: - Капитан, сіз білмейсіз бе? Ол кез-келген уақытта, кез-келген жерде алып жүре беруге болатын,  компьютер ғой.
Капитан: - Мегабайт, Гигобайт дегені немене сонда?
Боцман: - Ту-у-у капитан, ол компьютер жадының көлемі емес пе, яғни ақпарат сиымдылығы.
Капитан: - Е-ей, басты қатырмашы, бәрі-бір түсінбеймін. Басқа каналға қой!
(Осы  кезде басқа каналды КВН көрінісі)
Мотрос: - Тасташы, КВН-ніңді, басқа каналға қой. Концерт көреміз.
Мотрос: - КВН, КВН, жалықтырды, қойшы «Хабарға» жөнді нәрсе көрейік -деп шулап таласа кетеді.

(осы кезде штурвалда тұрған мотрос)

Мотрос: - Жер, Жер, курс бойынша арал көріп тұрмын.
Капитан: - Кемені тоқтат, якорьді таста.

(Аралда 11 оқушы омырауларында кодтары бар. 1 кәрі мотрос қолында трубкасы бар орындықта отырады)

Капитан: - Боцман, бұл не арал, қай жерге келдік?- дейді.
Боцман: - Менің түсінуімше, Жұмбақ аралына ұқсайды.
Капитан: - Мына тұрған сандар нені білдіреді?
Боцман: - Жұмбақ  аралы болғандықтан бұл кодқа ұқсайды. Ана тұрған кесте  арқылы кодты шешу керек.

(Команда кодтардың қасына жақындайды. Осы кезде кәрі мотрос)

Кәрі мотрос: Тоқта, тоқта, тұра тұр. Кодты шешу үшін менің сұрағыма жауап бер, алдымен.
-  ЕЭМ-нің даму тарихы туралы не білесіңдер?
Капитан: - Боцман, қайда әлгі білгірлерің? Шақыр, жауап берсін.
Боцман: - Машина бөліміндегілерді шақыр.

(Сахнаға қолдрынды құралдардың суреттері бар оқушылар шығып, әркім өзінің құралы туралы түсініктеме беріп шығады)

Кәрі мотрос: - Дұрыс, дұрыс. ЕЭМ-нен хабарларың бар екен. Ал, енді кодты шешіп көріңдер.

(Бір мотрос шығып код туралы қысқа мағлұмат беріп кодты шешіп шығады).

Мотрос: Аралыңыздың атын есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын ASCII – американдық ақпарат алмасудың стандартты коды кестесінің көмегімен шешіп көрейік.

(Аралдың аты «Компьютер»  болып табылады)
Капитан: - Аралдарыңның аты ғажап екен. Қандай қызықтарың бар?
Кәрі мотрос: - О-о-о, бұл аралда қызықтар өте көп. Қайсыбірін айтайын?
А-а, біздің аралда ғажайып бір құрал бар. Сол жайында айтайын. Ол компьютер.

( Абдибекова Ұлбосын «Компьютер» әлнін «Жан гүлім» әнінің әуенімен орындайды)

Кәрі мотрос: Иә, иә, тура осы өлеңдегідей адамзаттың жағдайын ойлап ыңғайлы етіп жасалған. Стол үстінде тұратыны, қалтаға салып жүретіні, шағын сумкаға салып алатын, түр-түрі  көп. Оның көмегімен:
-Мәтін, хат, хабар жазуға;
- Кесте құруға, әр түрлі есептеулер жүргізуге;
- Диаграмма, графиктер сызуға,
- Кино, концерттер көруге болады.

Бұл құралдың тағы бір мүмкіндігі – бүкіл әлеммен байланысу мүкіндігін беретін ИНТЕРНЕТ торабына қосылу.

(…………………………………………Интернет әнін «Жүрегім, жүрегіңмен егіз бе еді» әнінің әуенімен орындайды)

Осы интернетте отырып кез-келген конференцияларға қатысуға, қалаған елің туралы толық мағлұмат алуға, электрондық пошта арқылы  әлемнің кез-келген нүктесінен хабар алып, жіберуге болады. Және де соңғы шыққан мүмкіндік ол «Интерактивті» байланыс. Ол интерактивті тақтаның көмегімен тікелей байланыс, жүйелі, белседі түрде өзара әрекеттесу мүмкіндігі.

Капитан: Иә, керемет құрал екен, Боцманның айтқан құралы осы екен ғой.  Маған осы құралдың ең жақсы біреуін бер. Пайдаланып көрейік.

Боцман, командаңды жина, жолға шығайық. Алдымызда талай қызықтар күтіп тұр. Дүниенің сыры өте көп. Біз сол сырлар мен ғажайыптарды үйренуден жалықпайық!

Дауыс: Осылай  Инфоратика кемесі  талай-талай қызықтармен танысып, үйреніп, білім теңізінде саяхаттап жүре берді.

авторы: * * *

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.