10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Паскаль туралы

Инф-9. Паскалда есеп шығару.

Опубликовал inust в 11 Сентябрь 2011 – 11:261 пікір
Бұл мақала 3887 рет оқылды, 17 рет бүгін

Сұлтанбаева Жеміс Баламұратқызы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
М. Әуезов атындағы №20 орта мектеп

Сабақтың көрнекілктерін (презентациясын) көшіріп алыңыз.

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу, оқушылардың алған білімдерін арттыру, жүйелеу, блок-схема және бағдарлама құру практикалық білімдерін тексеру;

Тәрбиелік. Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алган білімдерін бағдарлама құруда еркін қолдана білуге үйрету. Жаңа заман агымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың  өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда, әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы алған білімдерін практикада қолдана білуге, ой - өрісін танымдылық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптасытру

Сабақтың түрі: Практикалық жүмыс

Сабақтың әдісі:

Информатикадан есептер шығаруда проблемалық-іздену

Белсенділік    ұстанымы: Оқушылардың    сабаққа  толығымен шынайы қатысуы.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;
  2. Тапсырмалармен жұмыс;
  3. Информатикалық диктант;
  4. Компьютермен жұмыс. Есептер шығару;
  5. Үйге тапсырма беру, бағалау;

1. Практикалық жұмыстар:

І. Тапсырма: алгоритмдік тілде және графикалық тілде жазылған алгоритм бойынша бағдарлама құрыңдар.

ІІ. Тапсырма

If j>k then j:=k-2 else k:=k-2; болса j, k айнымалыларының мәндерін табыңдар?

Айнымалылардың бастапқы мәндері Нәтиже
J = 3, k = 5
J = 7,  k = 3

III. Тапсырма:

Нәтижесін жаз:

Алғашқы мәндер Нәтиже
х:=0

FOR  k:=-5 downto -6 DO
x:=x+k
Write(x)

X:=l

FOR   x:=l to 4-1 DO x:=k*x Write(x)

ІҮ. Тапсырма: арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазындар.

Ү. Тапсырма программа мәтініндегі қателерді анықтап, кестені толтырыңдар.

Қатесі бар программа Қателері
Program zad.
Var x;y; real;
Begin
Write(x енгізу);
readln (x);
If x>=0  then y= sort(x*x+1);
else y:=sqrt(x)+x;
Writeln (“y=“y.4.2);
rite(‘есептеу бітті’)
end.

ҮІ. Тапсырмаоператорлардың жазылуын бос ұяшықтарға жазыңдар.
3. Берілген тапсырмалардың бағдарламасын жазып, компьютерде орындаңдар.

Диктант.Берілген бағдарлама мәтінін оқушылармен бірге жазып шығу.

Шардың радиусы берілген, шардың көлемін табу бағдарламасын жазу керек

  • Программаның аты ESEP1- оқушылар жазу керек  - Program ESEP1;
  • Тұрақтылар бөлімінде  PI тең 3,14159 - оқушылар жазу керек  - const PI=3.14159;
  • Айнымалылар бөлімі -оқушылар жазу керек  - var
  • Шар радиусы нақты сан - оқушылар жазу керек  - r: real;
  • Шар көлемі  нақты сан   - оқушылар жазу керек  - v: real;
  • Операторлар бөлімі ашылады - оқушылар жазу керек  -  begin
  • Шар радиусы  мәнін енгізуге ұсыныс - оқушылар жазу керек  -   Writeln(‘r – мәнін енгізіңдер’);
  • Шар радиусының мәнін енгізу (оқып алу)  операторы - оқушылар жазу керек  -  Read(r);
  • Шар көлемін есептеу формуласы Паскаль тілінде - оқушылар жазу керек  -  V:=4*PI*r*r*r;
  • Нәтижені  экранға шығару, шығару форматы бойынша нәтижеге 8 орын беріледі ал бөлшек бөліміне 3 орын беріледі  - оқушылар жазу керек  -   Writeln (‘ V=’, V:8:3);
  • Бағдарлама соңы - оқушылар жазу керек  -  End.

Program ecep1;
const PI=3.14159;
Var r, v: real;
Begin
Writeln(‘r - мәндерін енгіз’);
Read(r);
V:=4*PI*r*r*r;
Writeln(‘V:=’,V:8:3);
End.

Шыққан бағдарламаны компьютерде теріп, нәтижесін алу керек.

  1. N-ге дейінгі бүтін сандардың қосындысын есептейтін бағдарлама құру керек.

Сұрақтар:

  1. 1. Алғашқы қосынды неге тең? (0-ге)
  2. 2. Қандай оператор қолданамыз? (қайталану операторы)
  3. 3. Қандай шамалар сипатталады, типтері кандай? (п, s, і- бүтін)

Program ecep2;
Var   n, s, i: integer;
Begin
Writeln(‘n - nin мәнін енгіз’);
Read(n);
s:=0;
for i:=l to n do
s:=s+I;
Writeln(‘s:=’,s);
Readln;
End.

3.   Берілген екі санныц ортақ  бөлгішін табу бағдарламасын құру керек.

Сұрақтар:

  1. 1. Қандай операторларды қолданып есепті шығарамыз? (тармақталу операторды)
  2. Қандай шарт берілген? (Eкі санды салыстыру)
    1. 3. Белгілерді қандай жағдайда пайдаланамыз? (Бағдарламада белгі оның бөліктерінің біртіндеп орындала бермей кейде алға, кейде артқа оралу керек екндігін білдіреді.)
    2. 4. Белгілерді сипаттау операторы қандай? (Label)

Program есерЗ;
Label 1,2;
Var   x, y,m,n,c: integer;
Begin
Writeln(‘m men n-nin мәндерін енгіз’);
Read(m,n);
x:=m; y:=n;
1: if x=y then goto 2;<
If x>y then x:=x-y else y:=y-x;
Goto 1; 2:
c:=x;
Writeln(‘Eki cannyn OB-‘m’jane’n,’=’,c);
Readln;
End.

Үйге тапсырмаға

1 Есеп:
n! - ды есептеуге бағдарлама кұрып келу; Сұрақтар:

  1. п! -неге тең? (п!=1*2*3*4. . .* п)
    1. Есепті шығару үшін бізге қандай шамалар керек? Типі қандай болады? (n, f, k- бүтін типті, себебі бұл жерде бізге алғашқы қосынды мен көбейтінді керек.)
    2. Қандай операторларды қолданамыз? (Шартты алдын ала тексеру операторы while do)

2 есеп
А, В, X сандары берілген. У және z функцияларының мәнін есептеу бағдарламасын жазу керек.

егер х<0     онда
егерх>0     онда

Сұрақтар:
1.    Есепті шығару үшін бізге қандай шамалар керек? Типі қандай болады? (a, b, х,у,Н- бүтін типті.)
2.    Қандай операторларды қолданамыз? (Шартты тексеру операторы for to do)

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.