10 Август 2011 – 18:58 | 43 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (тамыз-2008-09).)

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 18 Август 2011 – 21:401 пікір
Бұл мақала 5784 рет оқылды, 7 рет бүгін

Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№ 34 орта мектеп
Информатика пәні мұғалімдеріне арналған кіші тамыз мәслихаты
Visual Basic -те бағдарламалау негіздері
Дайындаған:
физика-информатика пәні мұғалімі Қалампыр  Айназарова
Ақтөбе-2008

Автордың басқа жұмыстарын көру.

Алғы сөз

Жалпы   білім  берудің  стандарт  бағдарласы  бойынша  10 класс жаратылыстану  бағытында  информатика  пәнін оқытуды  2 үлкен  тарауға біріктірген.

1-Тарау: Программалық  жабдықтама. Операциялық жүйе.
2-Тарау: Visual Basic   Визуальды  бағдарламасының  жүйесі .

Қазіргі кезде Windows-те  жұмыс  істейтін  қолданбалы  программалар (қосымшалар) жасауда  Visual Basic   және  Object Pascal (Delphi)  технологиялық  тілдері  кеңінен  қолданып келеді. Windows-те   жұмыс  істейтін  қосымшалардың  қолайлылығы –пайдаланушы  компьютерге  командаларды  экранда  көзге  көрініп  тұратын  батырмаларды  түрту  арқылы беріп, нәтиже  ала  алатындығында.

ҚР Білім және ғылым  министрлігі осы бағдарламаның ішінен Visual Basic   бағдарламасын  жаратылыстану-математика бағытындағы 10 класына   енгізген. Жоғары оқу  орындарының  соңғы жылдардағы  түлектері  бұл бағдарламаны игеріп  шыққан. Алайда ол  түлектердің  көпшілігі  мамандығын  мұғалімдіктен  басқа  салаға  өзгертіп жібереді.   Ал мектепте  информатика  пәні  мұғалімдері  болып  жүргендер  оқу  орнын  бұдан 10-20 жыл бұрын  бітіргендер. Ол кезде  бұл  бағдарламалар  оқытылған  жоқ. Сондықтан информатика  пәніндегі жаңа бағдарламаларды   информатика  пән  мұғалімдері  білім  жетілдіру  институтынан,  тақырыптық  семинарлардан   және  өздігінен үйрену жолдарымен оқып үйренулеріне  тура  келеді.  Информатика  пәні мұғалімдеріне  арналған  шараларда (семинарларда, отырыстарда)  баяндама түрінде шығудың еш мағынасы жоқ.. Мұғалімдерге  қарастырылатын  мәселе  мәтіні  таратылады. Жүргізуші  мұғаліммен  бірге  бәрі  жасайды. Жүргізуші  мұғалім интерактивті  тақтамен көрсетеді. Соңғы кездері  Ақтөбе  қаласында  осындай семинарлар  ұйымдастырылып  жүр.Officce  пакетінің бірнеше  бағдарламалары  мұғалімдер  үшін де жаңалық болып  табылады,  бұл бағдарламаларды алдымен  мұғалім өзі  жақсы  меңгеріп  алуы  тиіс. Мысалы,  қоғамдық-гуманиралық  бағыттағылар  үшін Visual Basic, Access бағдарламалары таныс емес, керісінше біздер сияқты  жыл сайын  жаратылыстану  бағытын  таңдайтындарға Microsoft Publisher, PageMaker бағдарламалары таныс емес, бұл бағдарламаларды  игеруді  осындай  семинарлардан  кейін  үйрене  бастадық.

Осы  тұрғыдан  пән  мұғалімдеріне  көмек ретінде,  тәжірибе  алмасу мақсатында    төмендегі  жұмысымды  ортаға  салуды  жөн  көрдім

Visual Basic   бағдарламасының  компоненттері және  олардың  негізгі  сипаттамалары

TextBox, Label, List және   CommandButton компоненнтерін  қолданып  қосымша  жасау.

TextBox -  қосымшаға  әртүрлі  ақпарат  енгізу  және  шығару  үшін  қолданылатын  компонент.  Қосымша  орындалғанда  бұл  өрісте  жазылған  мәтін  редакцияланады.

TextBox-тің  негізгі  қасиеттері:  Name -  обьектіге  ат  беру,    Text  - өріске  мәтін  енгізу.

Alignment –  мәтінді  сол жақпен, оң жақпен немесе  ортамен  түзету.

Label – ақпаратты  шығару  үшін  қолданылады. Көптеген  қасиеттері TextBox-ке ұқсайды,  ал  одан  өзгешеліктері: мұнда  қосымша  орындалғанда  мәтін  редакцияланбайды, бұл  обьектіні  батырма  ретінде  де  пайдалануға  болады.

Label –дің  өзіне  тән  қасиеттері: Caption – жазу  орнату. Бұл  қасиетке  мән  беру кезінде  кез-келген  әріптің  алдына  &  амперсенд белгісі қойылса сол  әріптің  асты  сызылып  тұрады.  AutoSize- обьектінің  шекара  өлшемдерін жазудың  ұзындығына  байланысты  горизонталь бағытта  автоматты  түрде  созатын  бульдік  шама. WordWrap - обьектінің  шекара  өлшемдерін  вертикаль  бағытта  созу. BolderStyle жазу алаңының  түрін  өзгерту, бұл  қасиеттің мәнін 1- FixedSingle шамасына  орнатса жазу  алаңы TextBox секілді  өзгереді, бірақ  ондағы  жазу  редакцияланбайды.

ListBox компоненті  бірнеше  мәтіндік  қатарлардан  тұратын  тізім  жасау  үшін  қолданылады. ListBox- тің  негізгі  қасиеттері:  List – қатарға  мән  беру  немесе  оның  мәнін  анықтау. Тізім қатарлары мәндерін  қасиеттер  терезесінде  және  программалық  код  терезесінде  толтыруға  болады. Тізімнің  алғашқы  қатарының  нөмірі  0-ге  тең  болады. ListIndeх – толтырылған  тізімнен  қатардың  нөмірін  анықтау. ListCount тізімдегі  қатарлар санын  анықтау. Column – тізімді  бірнеше  бағандарға  бөліп  көрсету мүмкіндігін  орнатады.

CommandButton компоненті  батырма  жасау  үшін  қолданылатын обьектілердің  бірі.

CommandButton-ның  негізгі  қасиеттері: Caption-  батырмаға  жазу  орнатады;  BackCokor батырмаға  түс  беру; Pictureбатырмаға  сурет қою; DisabledPicture батырманың  өшірілген  күйінде  ғана  көрінетін  сурет  орнату; Down Picture- батырманың  басылған күйінде  көрінетін  сурет  орнату;  Style- обьектінің жоғарыда  айтылған  графикалық  мүмкіндіктерін  орнату; (BackCokor, Down Picture- ); CancelESC  пернесін  қолдану  мүмкіндігін  орнату; Default- ENTER пернесін  қолдану  мүмкіндігін  орнату.

Енді  осы қарастырған  компоненттерді  пайдаланып  жоба жасау жолдарын  қарастырайық.

Visual Basic   бағдарламасында   қайталану  және  тармақталу   алгоритмдерін жобалау.

Visual Basic   процедураларында   қайталану  процестерін  ұйымдастыру  үшін  мынадай   операторлар  қолданылады.

1. For K=m To n Step p
Цикл  денесі
Next K

Цикл  параметрі  алғашқы  мәні  мен  соңғы  мәнінің  арасында  жатса  цикл  денесі  орындалады, әйтпесе  цикл  тоқтап,  басқару  циклден  кейінгі  операторға  беріледі.

2. While K<n
Цикл  денесі
Wend

While опреторындағы   шарт  орындалғанша  цикл  денесі  орындалады, әйтпесе  цикл  тоқтап,  басқару  циклден  кейінгі  операторға  беріледі.

3.  Do While K<n
Цикл  денесі
Loop

Do While операторындағы  шарт  орындалғанша  цикл  денесі  орындалады,  әйтпесе  цикл  тоқтап,  басқару  циклден  кейінгі  опретоға  беріледі.

4. Do Until   K<n
Цикл  денесі
Loop

Do Until опреторындағы  шарт  орындалмаса  цикл    денесі  орындалады, ал  шарт  орындалса цикл  тоқтап,  басқару  циклден  кейінгі  опретоға  беріледі. Сондай-ақ   Visual Basic   процедураларында   цикл  опреторын  қолданып цикл ішіндегі  цикл  ұйымдастыруға болады.

Тапсырма: Қайталану  командаларының  көмегімен  белгілі  бір  интервал  арасында  жатқан  барлық  жай  сандарды  шығаратын  қосымша  жасайық.

Қосымша  жасау  үшін  орындалатын  әрекеттер:

  1. Формаға  сандар  интервалын  ендіру  үшін Text1, Text2   компоненттерін  орналастырып,  олардың  Caption қасиетінің  мәндерін  тазалаймыз.
  2. Формаға  түсініктемелер  жазу  үшін  Label1, Label2,  Label3 компоненттерін  орналастырып, олардың да  қасиеттеріне   «интервал  енгіз»,    «X= « ,    «Y=» мәндерін  жазамыз.
  3. Нәтиже  шығару  үшін  List1   компонентін  салып, қасиеті  мәнін  тазалаймыз.

Нәтижесінде  төмендегідей  форма  аламыз:

4. Есептеу процедурасын шақыру үшін Command1 компонентін түсіріп. Қасиетіне «Шығару» деп жазамыз.

 

5. Осы компонентті екі рет түртіп Command1_Click процедурасының денесін төмендегі бағдарламамамен толтырамыз.

 

Жоба төмендегідей болып көрінеді:

Private Sub Command1_Click()
X = Val(Text1.Text): Y = Val(Text2.Text)
List1.AddItem “жай сандар:”
For K = X To Y
P = 0
For I = 2 To K / 2
If K Mod I = 0 Then P = 1
Next I
If P = 0 And K <> 1 Then List1.AddItem K
Next K
End Sub

6. Қосымшаны іске қосып енгізу өрістеріне интервалдың төменгі және жоғарғы шекараларын жазып, «Шығару» батырмасы басылғанда нәтиже төмендегідей болып көрінеді.

Өзіңіз қалаған шекара мәндерін енгізіп, сол мәндергу сәйкес тізімдер алуыңызға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Информатика негіздері журналы №5, 2008ж;
2. Visual Basic ортасында программалау Ж.Динисламов, Қызылорда-2002 ;
3. Информатика оқулығы, 10 класс жаратылыстану –математика бағыты, Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова, «Жазушы» баспасы, 2006

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.