10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Паскаль туралы

Кіріспе. Программалау тілдерінің даму тарихы. Программалау кезеңдері. Алгоритм және программа (факультативтік сабақ).

Опубликовал inust в 24 Октябрь 2011 – 18:48Пікір жоқ
Бұл мақала 3253 рет оқылды, 39 рет бүгін

1- сабақ. факультативтік сабақ жоспары

Жоспары:
1. Программалу тілдерінің топтауы.
2. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдер туралы түсінік.
3. Бэкус-Наур металингвистикалық формулалары. Вирт синтаксттік диаграммалары
4. Программалау кезеңдері
5. Алгоритмнің қасиеттері.
6. Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема.

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді программалау тілдерінің даму тарихымен және алгоритм ұғымымен таныстыру.

Сабақтың барысы
Тақырып мәтіні
Программалық жабдықтар – бұл түрлі есептерді шешуге арналған күнделікті қолданатын программалардың жиыны. Программаларды үш топқа бөлуге болады: жүйелік, қолданбалы және ЭЕМ-ға жаңа программаларды құруды қамтамасыз ететін аспаптар құралдары(инструменталды).

Жүйелік программалық жабдықтар (ЖПЖ) – компьютердің жұмысын басқаратын, қолданушымен компьютер арасында байланысты қамтитын, есептеуіш техниканың құралдарын біртұтас есептеу жүйеге біріктіретін және ЭЕМ-ның жұмысын тексеретін программалар . Жүйелік программаларға келесі программалар жатады:

 операциялық жүйе;
 қөптеген сервистік(қызметшы) программалар;
 компьютерлердің желідегі жұмысын қамтитын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтар (ҚПЖ) – бул белгілі бір мақсатта қолданатын, нақты бір жұмыс саласында есептерді шешуге арналған программалар. Мысал ретінде –бухгалтерлік есеп программаларын, ойын, оқыту программаларын келтіруге болады.

Аспаптар құралдары(инструменталды) – бұл ЭЕМ-ға программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Қәзіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программистке күшті және ыңғайлы құралдарды ұсынады Мысал ретінде осы курста үйренетін Турбо Паскаль тілін келтіруге болады.

Программаны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылытын негізгі талап - оның сапалы және пайдаланушыға түсінікті болуында. Әдетте бұл үшін курделі информация алдын-ала тұжырымды бірнеше бөліктерге бөлініп алынады да, олардың әрқайсысына арналған жеке-жеке программа құрылады. Осыдан соң олар көмекші программалар ретінде қарастырылып түрлі тәсіл бойынша бір программаға біріктіріледі. Компьютерде есепті шешу – бұл адам мен компьютердің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Бұл процесті – бірнеше тізбектелген кезеңдер ретінде қарастыруға болады. Адам творчествалық жұмыстарды атқарады : есептің қойлымын анықтау, есепті алгоритмдеу және программалау, есептің нәтижелерін талдау, ал компьютер - өңделген алгоритм бойынша информацияны өңдеу этаптарын орындайды.

Программалау тілдерінің даму тарихы және оларды топтау негіздері

Бірінші пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың командалары компьютерге түсінікті 1 және 0 сиволдарының тізбектерінен тұратын.Әр командаға сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программистке қиын болғанымен, машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап коймайды. Сондықтан олар жүйелік программаларды, драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы.

ЭЕМ мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін Ассемблер типті программалар құрылды Айнымалы шамалар символды аттармен белгіленіп, әр команданың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды.

Бірінші пайда болған тілдердің біреуі – Фортран ( 50-ші жылдардың ортасы) Өзінің қарапайымдылығынан және бұл тілде жазылған программалардың көптігінен ол қазіргі күнге дейін қолданылады. Оның қолдану саласы – инженерлік, ғылыми есептеулер.

ЭЕМ-ді қолдану көпжақты болғандықтан арнайы есептерді шешу үшін түрлі тілдер құрылды. Мысалы:

Тарихта бiрiншi болып процедуралық құрылымды программа пайда болды. Оған сәйкес программист өз программасында қандай процедураны қолданатынын таңдап және бұл процедураларды iске асыру үшiн қандай алгоритм керек екенiн алдын-ала бiлу қажет едi. Бұл идеяның пайда болу себебi, есептеулердiң алгоритмдiк жағынан толығымен зерттелмегендiгi. Процедураға -бейiмделген тiлдiң мысалы ретiнде Фортран тiлiн айтуға болады. Бұл тiл бiрiншi және кең қолданылатын программалау тiлдердiң бiрi. Процедуралы құрылымды идеяның қолданылуы - программалардың кеңейтiлген кiтапханаларын құруға түрткі болды. Олардың қүрамында көптеген қарапайым процедуралар орын алады.

Есептеушi математика аумағында программалау жүйесi процедурадан ауыса бастады. Нәтижесiнде күрделi программалардың эффективтi құрылуы - берiлгендердiң дұрыс қолдануын бақылау екендiгi анықталды. Бақылау - компиляция кезеңiнде де, программаны жүргiзу кезiнде де жүзеге асырылуы тиiс. Әйтпесе, практика көрсеткендей күрделi программалық проектiлердi құрудың қиыншылықтары артады. Бұл мәселенi шешудiң нәтижесiнде Алгол-60, кейiнiрек Паскаль, Модуль-2, Си және т.б.программалау тiлдерi жетiлдi.

Симула-67 тiлiнен бастап программалауда объектi-бейiмделген деген жаңа әдiс пайда болды. Оның негiзгi идеясы берiлгендер мен бұл берiлгендердi өңдеу процедуралармен бiртұтас объект етiп байланыстыру б.т. Объектiлердiң мiнездi көрсеткiшi, берiлгендердiң инкапсуляциясы мен алгоритмдердi өңдеу. Нәтижесiнде берiлгендер де, процедуралар да көбiнесе өзiндiк мағынасын жоғалтады.

Объектi-бейiмделген программалаудың(ОБП) мұмкiншiлiктерi толығымен тек кұрделi программа қүрғанда көрiнедi. Сонымен қатар, инкапсуляция объектiге ерекше «өзiндiк» программаның басқа бөлiктерiнен тәуелсiз қасиет бередi. Дұрыс құрылған объектiде керектi iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн қажеттi берiлгендер және оларды өңдейтiн процедуралар бар.

Жалпы барлық программалау тілдерін келесі схема бойынша топтауға болады:

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.