Macromedia Flash ортасында анимация жасау мүмкіндіктері
Суюнтаева Салтанат Маратовна, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі.
Ақпараттық-телекомуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т.б.
Интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып табылады. Macromedia Flash – ң осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып төмендегідей жоба дайындалды. Жобаның негізгі титулдық беті екі батырмадан тұрады және тақырыбы статикалық текст арқылы көрсетілген
(1 - сурет)
***
1- сурет. Негізгі бет терезесі
«Келесі» батырмасын шертсе, Flash – ң мүмкіндіктері қарастырылған терезе ашылады (2 - сурет). Мұнда көріп отырғанымыздай, Flash - ң негізгі 5 мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мүмкіндігіне батырма арқылы көшіріледі. Action Script тілінің сценарийі көмегімен келесі кадрге көшу командасы жазылады.
***
2 – сурет. Flash мүмкіндіктері терезесі
Мысалы «Кадрлік қозғалыс» батырмасы шертілсе, экранда кадр арқылы жасалған дөңгелектің әрбір қадамы көрінеді (3 - сурет).
***
3 – сурет. Кадрлік қозғалыс терезесі
«Траектория бойымен қозғалыс» мүмкіндігінде көбелектің белгілі бір траектория бойымен қозғалысы ұйымдастырылған (4 - сурет). Алдымен көбелек суреті салынып, оны топтастыру командасымен әрбір бөлігі тұтас біріктіріледі. Көбелек тұрған қабатқа бағыттаушы қозғалысты кірістіріп, қажетті траекторияны салады. Сол траектория бойымен Motion tweening әдісін қолданып, көбелек қозғалысқа келтіріледі.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық
- Информатикадан 7 - сыныпқа арналған электрондық оқулық
- Веб технология құру. Web-сайт құруда бағдарламалау тілдерін пайдалану.
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт Аcтана 2010. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 7-9 сыныптар. ҚР Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.
- ИНФОРМАТИКА. УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА для 10-11 кассов общественно-гуманитарного направления общеобразовательной школы. Астана 2010. по приказу МОН РК от 09.07.2021 г. № 367.
- ИНФОРМАТИКА. УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА для 10-11 кассов естественно-математического направления общеобразовательной школы. Астана 2010. по приказу МОН РК от 09.07.2021 г. № 367.
- Информатика 9 класс. Календарно-тематический план (блочный вариант).
- ИНФОРМАТИКА. Перечень учебно-методических комплексов, разрешенных к использованию в организациях образования в 2009-2010 учебном году, определен приказами МОиН РК №160 от 03.04.2022
- Информатикадан оқу бағдарламасы. 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыт Аcтана 2010. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген.