Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

Педагогика. Бала бойындағы дарындылықты тану.

Опубликовал в 20 Январь 2013 – 16:39Нет комментариев

Жақсылықова Мунира Тоқтарқызы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан, Қарабұлақ ауыл Абай атындағы орта мектеп.

«Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл һәм, шешен,болуы керек. Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс,»-деген екен бір данышпан.

Ұлыдан сөз қалған ба? «Ұстаз болу – өз бақытын аялау»-деп француз философы Ж.Руссо айтқандай ұстаз мәңгі нұрдың шуағы. Сөнбес сәулесі. Ұстаз жүрегі адамгершілік пен адалдыққа қайырымдылық пен мейірімділікке толы болуы керек. Үнемі жанары нұрланып, сәуле шашып тұруы қажет.

Менің бір әріптесім: «Күннің нұры мен бала арасында қандай байланыс бар?»-деп сұрақ қойды. Жарқыраған күн нұры,  сәулесін шашақанда, сенің тоңазып тұрған денең бірден жылынады, көңіл-күйің көтеріліп, өмірге деген құштарлығың оянады. Бала да дәл күн нұры сияқты. Оның періштедей көңілі, кәусар бұлақтай таза раясыз сөздері жан дүниеңді жылытып, сен оны білім атты үлкен асуға жетелей жөнелесің. Бала ең алғаш біздің алдымызға келгенде жазылмаған ақ параққа ұқсайды ғой. Өнер-білімі жоғары, тәрбиелі, тағылымы мол, қабілетті мұғалім ғана «ақ парақ» бетіне кереметтей ою- өрнек салып, сол баланы жеке тұлға дәрежесіне жеткізеді. Әр оқушының өзіндік ерекшелегін, қабілетін, айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет ететіні сөзсіз.

Қазіргідей жаһандану заманында, уақытның көбін түрлі компьпютерлік ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек?

Бала бойында төменгі сыныптан бастап тапқырлық, бейімділік, қабілеттілік, таланттылық байқалады. Мұның бәрі – бала бойындағы дарындылық қасиет. Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар -дарындылар қолында, ал сол дарындылықты дамыту ұстаздың қолында. Ғылым мен техника күннен-күнге қарыштай дамыған сайын, мұғалімге қойылар талап та күшейе түсуде. Оқушылардың дамуына әсер ететін, жанына жылу шашатын, сәби жүрегіне адамгершіліктің, өнегенің нұрын құятын қосымша деректерді алдын-ала іздестіріп, қажетті деп тапқандарды сабақта қолданып отыру, көрнекілікпен техникалық құралдарды пайдалану, сол пәндердің ұстасы – пән иелері дер едім. Олардың шамасына қарай жасаған жұмыстарын міндетті түрде бағалап, мадақтап, жолдастарына және де басқа да сынып оқушыларына көрсету арқылы біз оқушының қызығушылығын арттырып, мерейін өсіреміз.

Әр оқушы – бір әлем. Әлем елдерін араласаң, талай нәрсені біліп, көптеген мағлұматтар жинайсың. Алдыңа келіп отырған әр оқушыны зерттей, зерделей білесің. Оның көңіл түпкірінде жатқан болмашы жылтырақты, шуақты сәулеге айналдыра білесің. Дарынды баланы таңдай келе, бұл оқушылардың өзге оқушылардан ерекшелектерін бірден байқауға болады. Олармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп кету онша қиынға түспейді. Ондай оқушылар мұғаліммен тез тіл табысып, сөздері мен істері үйлесіп жұмыстары ілгері жүре бастайды. Соның бір дәлелі, қазір 11 сынып оқушысы Қасымова Айгерімнің  «Қарабұлақ маңындағы қазына түбегі» , «Зайсан мұнайы-болашақтың бағыты» атты тақырыбындағы ғылыми жобасы ауданық, облыстық сайыстарға жолдама алып өз нәтижесін беріп келеді.

Қазіргі кезде мұнайдың ел экономикасына тигізер пайдасы зор. Бізге мұнай – газ саласының берері мол сала екені даусыз. Мұнай – біздің аймақтың тұрмыстық жағдайында да, экономикасында да елеулі орын алады, еліміздің экономикалық міндеттерін орындауда да басты рөл атқарып келеді. Сондықтан Айгерім зерттеу жұмысының тақырыбын: «Қарабұлақ маңындағы қазына түбегі», «Зайсан мұнайы-болашақтың бағыты» деп алды.

Осы жұмыс кезінде Айгерімнің тебірене айтқан мына сөздері «Мен осы мұнайды көзбен көріп, қолмен ұстадым. Бір ғажабы мұнайдың түсі қара қоңыр, қара түске жақын, өте қоймалжың, шайыр тәріздес сұйық зат екен. Өзіне тән жермайдың иісіндей иісі бар. Міне, осындай қасиетіне қарамай, ашық алақаныммен қара алтынға қолымды малдым. Алақанымдағы ауылымыздың іргесінен шығып жатқан жер байлығы қара алтынды ұстап тұрған сәтте бойымды мақтаныш сезімі биледі- деген тебіренісі әлі есімде.  «Бармағын балға салған адам, оны жаламай тұрмайды» дегендей, осы мұнайдың аудан, ел экономикасына тигізер пайдасы өте зор. « Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деп атам қазақ айтқандай, сол жерде Айгерім мұнайды бір ыдысқа құйып беруді сұрады. Ондағы мақсаты мұнайдың физикалық қасиетін сипттап көру болды. Ең алдымен химия зертханасында мұнайға тәжірибе жасап көрді.

1 – тәжірибе. Құтының ортасына дейін су құйып, үстіне аздап мұнай қосып әбден шайқадым. Бірнеше секундтан кейін мұнайдың сумен араласпай, оның судың бетінде бөлек қалқып тұрғанын байқадым. Олай болса бұдан шығатын қорытынды мұнай – судан жеңіл.
2 – тәжірибе.  Табақшаға бірнеше тамшы суынан тазартылған  мұнайды құйып, оған шырпы жағып көрдім. Мұнай көп қызу бөле отырып жанды. Олай болса ол  - жанғыш зат.3 – тәжірибе.   Мұнайдың түсін айыру үшін  ең алдымен қылқаламмен мұнайды алып, ақ түсті парақ бетіне « Химия » сөзін жаздым. Осыдан мұнайдың түсінің қара қоңырқай, қоңыр қошқыл екенін анықтадым.
 4– тәжірибе.    Мұнайды құтыға құйып бірнеше тамшы бензин ерітіндісін құйдым. Мұнай бензинде еріді. Демек ол органикалық еріткіштерде ериді.   [
Нәтижесінде: Мұнай – қара қоңыр, қоңыр қошқыл түсті, өзіне тән жермайдың иісіндей иісі бар, май тәріздес өте қоймалжың сұйықтық. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткштерде ( бензин, нефрас) ериді. Судан жеңіл, жанғыш зат.

Әрбір істеген тәжірибеге қорытынды шығарып, жұмысын дәлелдеп отырды.        Жер қойнауы-  қалай десек те, жер тұрғындарының меншігі. Егер,  бәріміз бай болып, жақсы өмір сүргіміз келсе, бүкіл ел болып берекені сақтап, еңбек етуіміз міндетті. Болашақта ауданымыздың ұрпақтары әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүрулері керек. Сөзімнің соңында халқымызда « Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады » деген тамаша сөзбен аяқтағым келеді.

Өскемен қаласында 28 наурызда өткен «Экобиоцентр» орталығының ұйымдастыруымен Экобиоцентр орталығының 60-жылдық мерей тойы қарсаңында өткен экология-биологиялық ғылыми сайысқа қатысып, жүлделі ІІ-орынды иеленіп мақтау қағазымен, сертификатымен оралды. Өткен оқу жылының  сәуір айында Өскемен қаласында ШҚО Балалардың құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен тағыда 10-сынып оқушысы А.Қасымова облыста «Қарабұлақ маңындағы қазына түбегі» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, ШҚО Балалардың құқығын қорғау департаменті директорының «Алғыс хатымен» марапатталып, жұмысы республикаға жолдама алды. Биылғы оқу жылында Өскемен қаласындағы «Дарын» орталығының дарынды балаларға арналған ғылыми жобалар қорғау сайысына жолдама алып, жұмысын облыста қорғауға барады.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.