Sildenafil
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
8 Апрель 2012 – 18:58 | Комментариев 59

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

И-7. Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу- шығару құрылғылары.

Опубликовал в 28 Март 2013 – 08:20Нет комментариев

Ақтөбе обылысы Шалқар қаласы №5 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі  Бегімбетова Жансауле Құлтасқызына

Мақсаты:
1) Оқушыларға бүгінгі сабақта, пернетақта, тышқан және терте ұғымын оны қолдану тәсілдерін таныстыру. Оқушыларға компьютерлердің қосалқы бөлшектерімен таныстыру. Құрылғылардың қызыметін түсіндіру. Пернетақтаның арнаулы және таратылуымен таныстыру.
2) Компьютер қызыметінің құрылғылар түрлерін, бөлшектермен    таныстыру. Пернетақта – компьютерді пернелік басқару құрылғысы.
3) Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.

Сабақтың типі: Баяндау, көрсету, Практика
Сабақ түрі: Аралас сабақ Парктика
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары

Сабақ барысы.
I  Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру

II  . Үй жұмысын сұрау

  1. Дербес компьютер  дегеніміз не?
  2. Ең маңызды бөліктері?.
  3. Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады?

III  Үй тапсырмасын бекіту
                           IV   Жаңа сабаққа кіріспе
                           V    Жаңа сабақ
                          VI   Жаңа сабақты бекіту
                         VII  Қорытындылау
                         VIII Үй тапсырмасын беру
                          X    Бағалау

Жаңа сабақ

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.

Пернетақтаның негізгі блоктары:

1. Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1…. F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.

2. Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.

3. Символдық пернелер-алфавиттi   цифрлық  ақпаратты  енгiзуге  арналған.  Символ  пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның   көмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол  симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Осы бөліктерден басқа пернетақтада  тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:

1. Enter немесе енгізу пернесі – мәтінмен жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.
2. Бос орын (пробел) – пернесі, ол пернетақтаның төмен жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.
3. Немесе «Backpase» пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіреді.
4. «Delete» пернесі. Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (символ машина жадынан өшіреді)
5. «CapsLosk» пернесі. Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі.
6. «Shift» пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады.  Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады,яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін  Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.

Enter – Енгізу және жаңа жолға өту
Esc –  Қайта оралу
Delete – оңға қарай өшіру пернесі
Baskspaсe – солға қарай өшіру пернесі
Caps Lock –Үлкен әріптерді енгізу
Home – Жол алдына қайта оралу
Еnd – Жол соңына оралу
Shift +Alt – алфавитті өзгерту
Alt+F4 – жатқан жұмысты жабу
Alt +Tab >– абзац

IV. Пернетақта құпиясы

Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:

1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы

2. Пернетақтаның  негізгі бөліктерін жаз:
3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter-
Esc-
Delete-
Alt –
Ctrl –
CapsLock –
Shift –
NumLock –
Жұмбақтар әлемі

1.Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала  қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды                   (бос орын)

2.Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені              (Кактус)

3.Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелі алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана F(эф) әрпімен басталады.           (функционалдық пернелер)

4.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді              (баспа құрылғысы)

Тышқан – қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – Маус  манипуляторымен жабдықталған.

Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады,себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус қорабының ішінде  ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетіне жылжытқанда, шар айналады.Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге оңға-солға және жоғары - төменге жылжыту сигналдарын береді.

Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдаланылады.

ДЖОЙСТИК (терте ) деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор .Терте қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады.

Тұтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.

Компьютермен тапсырмалар

Пернетақтамен жұмыс.

  1. Компьютер алдында дұрыс отырамыз.
  2. Пернетақтаға қараймыз.
  3. Блокнот  программасын іске қосымыз [Пуск – Все программы – Стандартные - Блокнот].
  4. {Alt слева}+ {Shift}пернелерін басып қазақша  алфавитін таңдаймыз.
  5. Курсорды тауып, өзіміздің атымыз, фамилиямызды, тегімізді тереміз.
    Үлкен әріпті теру үшін  {Shift}+{әріп} пернелерін басамыз.
  6. {Enter}пернесі арқылы жаңа жолға түсеміз. {CapsLock} пернесін басамыз, іске қосылғанын қараймызжәне  ИНФОРМАТИКА сөзін тереміз.
    Қайта {CapsLock} пернесін басып істен шығарамыз және  информатика сөзін тереміз.
  7. {Alt слева}+ {Shift}пернелерін басып ағылшын алфавитін таңдап атымызды ағылшын тілінде жазамыз. Мысалғы (Irina):

жазып болған соң
////()\\                        #
\\\\\\\\\                       #
############
############
#                    #
==                 ==
%%%%%%%%%%%%

мына суретті саламыз.
Бекіту: а) монитордың   ажырату қабілеті дегеніміз не?
б) монитордың түрлерін атаңдар?
в) пернетақтаның қандай блоктары бар?

Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру: Монитор, пернетақта, тышқан, джойстик.
Бағалау:
Практикалық жұмыс № 1.

Пернетақтамен жұмыс.

  1. Компьютер алдында дұрыс отырамыз.
  2. Пернетақтаға қараймыз.
  3. Блокнот  программасын іске қосымыз [Пуск – Все программы – Стандартные - Блокнот].
  4. {Alt слева}+ {Shift}пернелерін басып қазақша  алфавитін таңдаймыз.
  5. Курсорды тауып, өзіміздің атымыз, фамилиямызды, тегімізді тереміз.
    Үлкен әріпті теру үшін  {Shift}+{әріп} пернелерін басамыз.
  6. {Enter}пернесі арқылы жаңа жолға түсеміз. {CapsLock} пернесін басамыз, іске қосылғанын қараймызжәне  ИНФОРМАТИКА сөзін тереміз.
    Қайта {CapsLock} пернесін басып істен шығарамыз және  информатика сөзін тереміз.
  7. {Alt слева}+ {Shift}пернелерін басып ағылшын алфавитін таңдап атымызды ағылшын тілінде жазамыз. Мысалғы (Irina):

жазып болған соң

////()\\                    #
\\\\\\\\\                     #
############
############
#                    #
==                 ==
%%%%%%%%%%%%

мына суретті саламыз.

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.