Математика. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ұғымымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Алдын ала даярлық тапсырма .
Теңдеуді шешіңдер:
2х=8,4; 7х=9,1; 6х=30,6; 112х=72,6.
Үлгі: 1) 2х=14,6; :2
х=14,6:2;
х=7,3. 14,6:2=7,3
Тексеру: 2∙7,3=14,6; :2
14,6=14,6.
2) 3х=8,4; __8,4 3
х=8,4:3; _6__
х=2,8. _ 24
Тексеру: 3∙2,8=8,4; _24_
8,4=8,4. 0
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:
- Ондық бөлшектің үтірге назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек;
- Бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіге үтір қою керек.
Мысалы: 12,8: 4 =3,2
Ондық бөлшекті 10,100,1000, ….. разряд бірлікткріне бөлу үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірліктеріне қанша нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
Есептер шығару
№1110 ауызша
№1111-1113 жазбаша тақтада орындау
№1111
1) 0,7:10=0,07; 2,3:10=0,23; 17,5:100=0,175; 125,7:1000=0,1257.
2) 72:10=7,2; 8:10=0,8; 123:100=1,23; 345:1000=0,345.
3) 12,1:10=1,21; 78,6:100= 0,786; 246,7:1000=0,2467; 38,2:1000=0,0382.
№1112
1) 3,5:7=0,5; 10,4:8= 1,3; 26,1:3=8,7; 61,8:6=10,3.
2) 28,8:9= 3,2; 25,8:6=4,3; 63:5=12,6; 9,5:25=0,38.
3) 78,1:11=7,1; 72,8:13=5,6; 65,8:14= 4,7; 63,24:31=2,04.
4) 67,2:21= 3,2; 43,7:23=1,9; 57,5:25 =2,3; 43,32:76=0,57.
№1113
1) 1,37:2=0,685; 8,4:15=0,56; 11,16:18=0,62.
2) 0,4:8=0,05; 0,3:5= 0,06; 0,8:5= 0,16.
3) 4,8:12= 0,4; 13,6:16=0,85; 0,8:20=0,04.
4) 0,35:7=0,05; 0,54:9=0,06; 0,72:4=0,18.
№ 1115 өздіктерінен
1) 10,5:15+1,8=2,5;
2) 67,2:12-3,25=2,35;
3) 46,2:132∙1,6=0,56;
4) (16,3+21,5):14=2,7;
5) (42,3+34,2):9+3,5=12;
6) (47,52-7,2):6-0,81=5,91.
Сабақты бекіту кезеңі:
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
2. Ондық бөлшекті разряд 0,01; 0,001; 0,01,….. бірліктеріне бөлуді түсіндіріңдер.
3. Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен аз болса, қалай бөлінеді?
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: 6.3. 1-4 cұрақтар, № 1116 - №1120, 282-бет.
Ұқсас тақырыптар:
- Ондық бөлшекті натурал санға көбейту тақырыбына есептер шығару.
- Математика. Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару (АС).
- Бастауыш. Математика. «Сиқырлы сандар»
- Математика. Производная сложной функции.
- Логарифмдік функцияның туындысы
- Математика-5. Мүмкін нұсқаларды іріктеу.
- Математикалық тарихи дөңгелек (кеш).
- Математика. Тригонометриялық теңдеулерді шешу.
- Алгебра. Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
- Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.