2 Декабрь 2012 – 18:55 | Пікір жоқ

Құрметті Ұстаздар! «Республикалық 45minut.kz» басылымы оқырмандарына және тілшілеріне арналған Республикалық педагогикалық семинар оқуға шақырамыз.
Семинар оқу тақырыбы: “Педагог қызметін жандандырудағы өзгерістер”
Ұйымдастырушы: «Республикалық 45minut.kz» басылымы және М.Баймұханов атындағы орта мектеп
Семинар оқу модераторы: БАҚ-өкілі, тілші Н.Бекбауов
Өткізілетін облысы, ауданы: …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Сыныптан тыс жұмыстар, Таңдаулы

Информатика. «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?»

Опубликовал Adil в 3 Декабрь 2012 – 17:381 пікір
Бұл мақала 108 рет оқылды, 39 рет бүгін

Өлеңті орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Алиманов Әділ Жақсылықұлы 2011- 2012 оқу жылы.

Сабақ сапасын арттырудағы басты мақсат – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылығын тудыру, олардың ой- өрісін, тіл байлығын, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағыт бағдар беру.Жоғарыдағы аталған дағдыларды қалыптастыруда пікір сайыстың алатын орны өте маңызды. Сондай іскерлік сабақтың бірі « Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма? Атты пікір сайыстың жоспарын назарларыңызға ұсынып отырмын.

Сабақтың түрі: Пікір сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, жақтаушы, даттаушы деп жазылған қағаз.
Техникалық құралдар: мультимедиалық құралдар, ДК.

Сабақ барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» атты пікірсайысқа қош келдіңіздер! Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз.Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді. Мысалы, арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып, өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып, клиптер енгізіп, айта берсек, өз әуендеріңізді компьютерде орындай да алатын боласыз.

Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.

1-тур. «Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері. Әр топтан 3 оқушы өз пікірлерін ортаға салып, компьютердің пайдалы екенің немесе зиянды екенін қорғап шығуы керек.

2-тур. «Сұрақ-жауап». Екі топ бір-біріне 5 сұрақтан қояды. Көрермендерде сұрақ қоюға болады.

3-тур. «Келесі». Информатика пәні бойынша 10 сұрақ қойылады. Жауабын білмесендер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сайыскер жауап береді.Әр дұрыс жауап берген сұраққа

2 ұпай.

I топ.
1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қай жылы алды? -1991 жылы, 16 желтоқсанда
2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал? -Компьютер
3. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы не деп атаймыз? -Санау жүйесі
4. Логика дегеніміз не? -
5. компьютердің «миы»? -процессор
6. Paint редакторында қандай жұмыс жасаймыз? -Сурет саламыз
7. Алғашқы есептеу құрылғысы? -саусақ
8. Компьютердің негізгі құралдарын ата? - Жүйелік блок,монитор, пернетақта, тышқан.
9. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды? -Символдық, мәтіндік, графикалық
10. Компьютер атасы? Ч. Бейббидж

II топ.
1. Қазақстан Республика күні? -25 қазан
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты не деп атаймыз? -Интерфейс
3. Ақпарат көлемін өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі? -бит
4. Пікір дегеніміз? -
5. Пернетақтада F1- ден F12 – ге дейін пернелер қалай аталады? -Функциялық
6. Түсіндіру, мәлімет, баяндау деген мағынаны білдіретін сөз? -Ақпарат
7. Принтер түрлері? - Лазерлік, құйылымды, матрицалық
8. Ақпарат өлшем бірліктерін ата? -бит, байт,Кбайт,Мбайт,Гбайт,Тбайт.
9. Операциялық жүйе түрлері? -Windows XP, Windows Seven, Windows SP3, Windows 2000,Zver, Windows Luner.
10. Ең бірінші ЭЕМ қай жылы құрастырылды және қалай аталады? -1946 жылы, ENiAC.

4-тур. «Жұмбақ». Екі топ бір-біріне 2 жұмбақтан жасырады.Дұрыс жауабын тапқан топқа «5» ұпай беріледі.

5-тур. «Кім жылдам».Тақтада тапсырма орындайды. Мысалы Жақтаушы топ К әрпінен басталатын информатикалық терминдерді жазса, даттаушы топ Т әрпінен басталатын сөздерді жазып шығады.

Қорытынды.

6-тур. Көрініс. Әр топқа 5 минуттан.

Енді осымен біздің пікір сайысымыз аяқталды.Сендердің алған ұпайларын әділқазылар алқасы санайды.Сонымен қай топтың жеңімпаз атағанын анықтайық.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • Сабақтың такырыбына сәйкес сұрақтармен қамтамасыз еткен дұрыс болар еді. Такырып бір рет бөлімде ғана қарастырылады, содан соң қозғалмайды. Көрнекіліктерді жасауда Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану қажет.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.