Word мәтіндік құжатына графикалық кескіндерді кірістіру
Таткеева Гүлжан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың MS Word мәтіндік құжатында жұмыс істеуін қадағалау және алған білімдерін тексеру; мәтіндік құжатқа графикалық кескінді кірістіруді үйрету; “Кітаптың сыртқы мұқабасын ” көркемдеу жұмысымен алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын ояту; ой-өрісін, сана-сезімін дамыту:
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, презентациялар ( PowerPoint-та дайындалған), үлестірмелі материалдар – жұмыс дәптері (әрбір оқушы үшін).
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин).
2. Білімді жүйелеу. (6 мин).
3. Жаңа материалды түсіндіру (10 мин).
4. Сергіту сәті. (2 мин).
5. Жаңа материалды бекіту. (20 мин).
6. Сабақты қорытындылау (бағалау этапы). (5 мин).
7. Үйге тапсырма. (1 мин).
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімді жүйелеу.
Мұғалім. Бүгін бізде күндегіден өзгеше сабақ, біздер бүгін сыныпта емес, баспаханадамыз, яғни әртүрлі кітаптарды дайындап баспаханадан жан-жаққа жібереміз.Біздер осы кітаптарды суретші-безендіруші, көркемдеуші ролін атқарамыз.Ол үшін бізге информатикадан алған білімдеріміз және біздің нағыз досымыз, әрі көмекшіміз компьютер көмектеседі. Ал, сендер MS Word-та бетті көркемдеуді және фигуралық мәтінмен жазуды үйрендіңдер. Ал бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты осы құжатқа графикалық кескіндерді кірістіруді үйрену.
Слайд 2. Сабақтың тақырыбы.
Мұғалім. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Word мәтіндік құжатына графикалық кескіндерді кірістіру”. Сабақтың соңына дейін тапсырмалар орындаймыз, сондықтан жұмыс дәптерлеріңді алыңдар.
Мұғалім. Жаңа материалды түсіндірмес бұрын, сендермен бірге бетті безендірудің негізгі әрекеттерін еске түсірейік.
Мұғалім. Word мәтіндік редакторында бетті безендіру үшін қандай әрекеттерді білуіміз керек?
Оқушылар.Беттің параметрлерін, түсін беруді және бетті жиектеуді білуіміз керек.
Слайд 3 Беттің параметрлерін қалай береміз?
Мұғалім. Балалар жұмыс дәптерлеріңе №1 тапсырманы орындаңдар.
Слайд 4. Бетке түсті (фонды ) қалай береміз?
Мұғалім. №2- ші тапсырманы орындаймыз.
Слайд 5. Бетті жиектеуді (рамканы) қалай құрамыз?
Мұғалім. №3 тапсырманы орындаймыз.
Слайд 6. Құжатты алдын-ала көріп шығу және фигуралық мәтінді жазу үшін қандай батырмаларды қолданамыз?
Мұғалім. №4 тапсырманы орындаймыз.
Мұғалім. Міне, біз сіздермен бірге бетті қалай көркем етіп жасау керектігін еске түсірдік.
Слайд 7.. Мәтіндік құжатқа кескінді қалай кірістіруге болады?
Ал енді мәтіндік құжатқа кескінді қалай кірістіруді үйренейік?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Слайд 8. Графикалық кескінді кірістіру.
Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек:
1. Қою (Вставка) -> Сурет (Рисунок) ->Файлдан ( Из файла).
2. Пайда болған Сурет орналастыру терезесінен, яғни суреттер қоймасындағы буманы ашу.
3. Керекті суретті таңдап, тышқанмен оны шертіп, қою (вставка) батырмасын басу.
слайд 9. №5 тапсырманы жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар
Кейде кескіндермен жұмыс істегенде оларды бұруға, орын ауыстыруға және өлшемін өзгертуге тура келеді.
Слайд 10. Орын ауыстыру, бұру және өлшемін өзгерту.
Суреттің орнын ауыстыру, бұру және өлшемін өзгерту үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек:
1. Тышқанмен суретті шертіп, оны ерекшелеу .
2. Пайда болған Настройка изображения (Кескінді баптау) панелінде Обтекание текстом (собачка) таңдап, одан Сквозное таңдау.
3. Пайда болған жасыл маркердің көмегімен кескінді бұруға, кішкене ақ дөңгелектер пайда болғанда-өлшемін өзгертуге болады.
4. Суретке тышқанды шертіп, батырмасын жібермей , оны қалаған жерге орын ауыстыруға болады.
Слайд 11. №6 тапсырманы жұмыс дәптерлеріңе орындаңдар.
Слайд 12. Кескінді жою.
Кескінді жою үшін мынадай әрекеттерді (алгоритмді)орындау керек:
1.Суретті тышқанмен шертіп, оны ерекшелеу.
2. Пернетақтадан DELETE пернесін басу.
Слайд 13. Есіңде сақта.
Мұғалім. Ережені есіңде сақта!!! Суретпен жұмыс жасау үшін, оны алдымен «ерекшелеп» алу керек.
Слайд 14. Сергіту сәті
4. Сергіту сәті.
Мұғалім. Біз жақсы жұмыс істедік, енді демалатын уақыт жетті. Бәріміз орнымыздан тұрып, партамыздың шетіне шығып, менің қозғалысымды қайталаңдар.
1. Қолымызды белімізге ұстап, тік тұрамыз.
2. Басымызды солға-оңға қарай бұрамыз. (3 рет).
3. Басымызды алға –арқа еңкейтеміз (3 рет).
4. Екі жаққа да басымызды айналдыра бұрамыз(3 реттен)
Көзге жаттығу:
1. Көзді бірнеше секунд қатты жұмып, содан кейін ашып, босаңсыту. Демалыс қалыпты 4-5 рет қайталау.
2. Жанарыңды мұрныңның үстіне қаратып ұстау. Сонан кейін алысқақарау. 4-5 рет қайталау.
3. Басты бұрмай, бірнеше секунд көзді оңға қаратып ұстау, сонан кейін тура алысқа қарау. Осындай әрекетті солға, жоғары, төменге қарап қайталау. Барлық жаттығуды 4-5 рет қайталау.
4. 20-30 секунд бойы көзді ашып-жұмып, жыпылықтату.
Мұғалім. .Енді жұмыс дәптерлеріңді алып, екі-екіден компьтерге отырыңдар.
Жаңа сабақты бекіту.
Слайд 15. Тапсырыс.
Мұғалім. Біздің «Мектеп баспасына» тапсырыс келіп түсті, яғни «8-сынып» Информатика оқулығының сыртқы мұқабасын көркемдеу. Кәне балалар айтыңдаршы, кітаптың сыртқы мұқабасында не болу керек?
Оқушылар. Кітаптың авторы, аты, сыныбы және суреті болу керек.
Мұғалім.Олай болса кітаптың сыртқы мұқабасын көркемдеуге кірісейік.
1. Word мәтіндік редакторын іске қосу.
2. Беттің параметрін өзгерту ( №1 тапсырма)
3. Бетке түс беру ( №2 тапсырма)
4. Бетті жиектеу. (№3тапсырма)
5. Автордың аты-жөнін жазу. Мәтіннің харіпін, өлшемін және түсін таңдау.
6. Кітаптың тақырыбын және сыныбын фигуралық мәтінмен жазу.
7. Алдын-ала көріп шығу батырмасының көмегімен бетті көру. Қалай болды? Сурет жетіспейді!!! (№4 тапсырма)
8. Кескінді кірістіру . (№5 тапсырма) (Оқушылардың компьтерінде компьтердің суреті болу керек).
9. Алдын –ала көріп шығу батырмасының көмегімен кітартың мұқабасының бетін көру. Суретті бұрып, орын ауыстырып және өлшемін өзгертіп, қалаған жерге апарып кою. ( №6 тапсырма)
10. Кітаптың сыртқы мұқабасы дайын. Жұмысымызды өзіміздің сыныбымыздың атымен сақтау.
6. Сабақты қорытындылау (бағалау этапы).
Балаларға «өзін-өзі бағалау» парағын таратып беремін.Word мәтіндік редакторында жасаған жұмыстарын өздері бағалайды. Өздерінің қойған «+» -тері бойынша қорытынды жасаймын.
Слайд 16. Өзін-өзі бағалау парағы.
Аты-жөні: __________________________
Негізгі жасалатын әрекеттердің аты | Орындалғаны өте жақсы |
Қатемен орындалғаны | Қиындық туғызға-ны |
Орындалмағаны | |
1. | Беттің параметрі | ||||
2. | Беттің түсі | ||||
3. | Бетті жиектеу | ||||
4. | Файлдан сурет кірістіру | ||||
5. | Суретті бұру, орнын ауыстыру және өлшемін өзгерту | ||||
Әр бағандағы “+ ”-ді қосу |
Мұғалім. Енді мен тапсырыс беруші ретінде сендердің жасаған жұмыстарыңды бағалаймын.
Мұғалім. Балалар, бүгін біз мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіруді үйрендік.Сендер бұл тақырыпты әртүрлі рефераттар мен баяндамалар дайындаған кезде қолданасыңдар.
7. Үйге тапсырма.
Слайд 17. Үйге тапсырма.
Слайд 18. Рахмет..
Ұқсас тақырыптар:
- MS WORD-қа мәтін енгізу
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Информатика. «Word мәтіндік редактор бағдарламасы»
- И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Информатика. Кесте құру. Word –тың графикалық мүмкіндіктері
- И-10. Мәтіндік процессорлар құжаттармен жұмыс
- Еxcel-дің графикалық мүмкіндіктері.
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- PowerPoint- та көрмелерді демонстрациялау.