10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар

Математика- Информатика апталығының ашылу салтанаты

Опубликовал Makpal в 22 Ноябрь 2011 – 10:07Пікір жоқ
Бұл мақала 3449 рет оқылды, 19 рет бүгін

Ұйымдастырушылар: А.Пралиева, М.Мығымбаева матемтаика және информтаика мұғалімдері.

Қызылорда облысының білім басқармасы № 10 Кәсіптік лицей

«Информатика - Математика» апталағының ашылу салтанаты

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика-Информатика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз - оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.

1- Оқушы:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың

2- Оқушы:
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген

3- Оқушы
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

4- Оқушы Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.

ӘН: …………………………………………………………..

Осы әннен кейін кейін информатка мен математика пәні бойынша білімдерімізді толықтырайық.

1. Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: пифагор)

2. Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)

3. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)

4. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)

5. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)

6. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 сом,ал екінші ұлына 100 сом берді.дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің қорларына 150 сомға, ғана көбейткені белгілі болды. Неліктен?

7. Самолет А-дан В қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минутта ұшып өтті. Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?

8. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)

9. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)

10. Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)

11. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

12. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

14. Теріс санды «бересі» демей нөлден кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)

15. Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

16. айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген француздың атақты математигі кім? (Ж: 1641 жылы Лейбниц)

17. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

18. Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы , Г.Контер)

19. Екілік санау жүйесінің сандары (Ж: 0 мен 1 )

20. Қазіргі қолданылып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл)

Компьютердің айналаындағы әзіл-қалжыңдар.

1. Интернетке кіріп алып, қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..

2. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау сенің жадын форматталып кеткен ба ?- депті, әлде вирус кіріп кеткен ба ? не қарап тұсын депті.

3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.

4. Оқушы программалаушыдан Windows 95, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндірудісұрадыы: программалаушы оған:

- Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP

- Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95

- Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді.Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.

Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан сөздерінен мысал келтірілді.

1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық. Юнг

2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді Маркушевич

3. Математика – ұлы ғылым, адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі. Писарев Д.И

4. Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек. Ермаков

Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын аптылқтың бағдарламсымен сіздерді таныстырып өтейін.

Дүйсенбі:

1. Апталықтың ашылу салтанаты
2. Қызықты есептер (математика және информатикаға байланысты)

Сейсенбі:

1. «Информатика» пәні бойынша тренинг
2. «ХХІ ғасыр- техника ғасыры» тақырыбы бойынша баяндама оқылады. Кез-келген оқушы келіп , мұғалімнің баяндамсын тыңдап, өз ойларын ортаға салады (ашық есік күні)

Сәрсенбі:

1. «Информатика» пәні бойынша ашық сабақ
2. «Қызықты математика» үйірмесі бойынша ашық сабақ

Бейсенбі: Оқушылар шығармашылығы

1. Математика және Информатика пәндері бойынша еркін тақырыпта баяндама , рефераттар жазып қорғайды.

Жұма:

1. «Математика» пәні бойынша ашық сабақ
2. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық ойыны

Сенбі:

1. Қорытынды кеш . Марапаттау.

Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.