Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
10 Август 2011 – 18:58 | Комментариев 56

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Сыныптан тыс жұмыстар

И-9-10. «Тапқыр информатик-2013»

Опубликовал в 12 Февраль 2013 – 18:16Нет комментариев

Актобе облысы Шалкар ауданы Монке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебі Нұрымбетова Гульсамал

Автордың көрнекті ашық сабағы: Блокнот программасы. 7-сынып

Мақсаты :        Информатика пәні бойынша білімдерін анықтау.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыны анықтау.

Көрнекілігі : дк құралдары, слайд, интерактивті тақта, видео проектор.
Барысы:          Құрметті ұстаздар,оқушылар 9a-9ә-10 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Тапқыр информатик-2012» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Қазіргі заман компьютерлік сауаттылықты талап етеді.Ендеше «Білім марапатқа жету үшін емес,парасатқа жету үшін керек»деген керемет сөзді есімізге берік үстанып, сайысымызды бастайық.Сайысқа 9a-9ә-10 оқушылары қатысады.

Информатика сырлары
Қызықтырды біздерді
Сайысқа қатысуға
Шақырамыз сіздерді

Олай болса сайыскерлермен таныс болайық.
9a-_________________________________________________________________
9ә-_________________________________________________________________
10-________________________________________________________________

Әділқазы ақ қазыға бір салем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар  сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Сайыскерлермен таныс болсақ әділ бағасын берер әділ өазылармен таныс болайық
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1/«Білімділер» кезеңі
Бұл кезеңде 15 жарыс сұрақтары қойылады, көп упай алған оқушылар келесі кезеңге өтеді.
2/“Қанша тілді білесің?” – кезеңі жауабын тауып қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту
3/“Тапқырлар ”кезеңі. Тапсырманы шешу
4/“Кім жылдам”. Берілген әріптен сөз құрастыру
5/“Кім шапшаң”
берілген тор көздегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбакта жасырылган сөздерді табу
6/“Кім көп біледі?”жұмбақтар жасырылады

Сайысқа дайын болсақ сайысты бастайық;

1/«Білімділер» кезеңі
1. Алғашкы есептеу құрылғысы? Саусактар
2. Пернетақта дегеним не? Енгізу құрылғысы
3. Екілік санның әрбір разряды? Бит
4. Компьютердің атасы? Чарльз Бэббидж
5. Баспаға шғару құрылғысы? Принтер
6. Ақпараттың неше түрі бар? Мәтіндік ,символдық,графикалық
7. Компьютердің негізгі құрылғылары?монитор,жүйелік блок, тышкан
8. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік сызық? Курсор
9. Файл дегеніміз не?аты бар байттар тізбегі
10. Информатика қандай ғылым? Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
11. Компьютер жанында өсетін өсімдік? кактус
12. Дыбыс шығару құрылғысы? микрофон
13. Интернетке қосылу құрылғысы? модем
14. Операциялық жүйе дегеніміз не? Басқарушы және қолданбалы программа
15. Интерфейс Компьютер мен адам арасындағы байланыс.

2/“Қанша тілді білесің?” - кезеңі
1.Белгілі бір нәрсе /адам, жануар, зат, құбылыс/ туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
Ақпарат, информация, information
2. Терезені жабу батырмасы?                          Жабу, закрыт, exit
3. Windows – дегеніміз не? Операциялық жүйе, operation system, операционная система

4, Басқару құрылғысы?               Тышқан, мышь, mouse
5. Дүниежүзілік компьютерлік желі?               Интернет, internet
6. Үйдің негізгі бөлшегі немесе Windows-тың негізгі объектісі
Терезе, окно, windows
7. Құжатты сақтау командасы Сақтау, сохранить как, save as
8. Сурет салу құралы?             Қарындаш, карандаш, pensil
9. Оң жақтағы символды өшіру пернесі?            Алып тастау, удалить, delete
10. Қағазды шығару командасы?               Баспаға жіберу, печать, print

Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын

3/“Тапқырлар сайысы”.
1. Математикадан сұрақ?  12+48*389 есебін шығару    {18,684}
2. Тарихтан сұрақ? Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалды? 1946 жылы, АҚШ-та
3. Сурет салу үшін қандай программа қолданамыз?  Графикалық редактор - Paint
4. Шаршы формалы шокалад 9 бөліктен тұрады. Осы кішкене бөліктерді жеке-жеке бөлікке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек?              Төрт

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма,
Мәреге таяп қалды бұл жарыста

4/“Кім жылдам” .“М” әрпінен басталатын информатика терминін жазу.
                                “Д” әрпінен басталатын информатика терминін жазу.
5/“Кім шапшаң”берілген тор көздегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбакта жасырылган сөздерді табу
Жасырылған сөздер:Микропроцессор,тышқан,мәтін,плоттер,принтер,сөз,байт,
пиксель,архив,жад,абонент,модификация,ұя,файл,терезе,монитор,модем,интернет, байт,антивирус Барлығы. 20 cөз
6/“Кім көп біледі?”жұмбақтар жасырылады

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

                                Көмектесші,достарым!       ( Shift + Alt )

Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің?                   (Пробел)

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

                           Перненің қай жерінен таба аламын?       (Shift + Т  )

Өнер өрге жетелейді өнерлеріңіз өрге тасысын,білімдеріңіз арта берсін  деп - сайыскерлердің білімін саралап,баға берер әділқазылар алқасына сөз кезегін беремин.

Марапаттау:Әділ қазы мүшшелерине сөз беріледі.
Қортындылау“Тапқыр информатик-2012” атанған оқушыны марапаттау

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.