10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Үйірме: «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысы.

Опубликовал в 15 Декабрь 2012 – 11:13Пікір жоқ
Бұл мақала 142 рет оқылды, 3 рет бүгін

Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы Қармақшы ауданы Аудандық оқушылар үйі «Сурет-дизайн» үйірмесінің жетекшісі.

Аудандық оқушылар үйінде «Сурет-дизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен
«Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының
ЖОСПАРЫ:
Ойынның тақырыбы: «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысы
Ойынның мақсаты: Оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру. Шапшаң ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның өтетін орны мен уақыты: Аудандық оқушылар үйі, 3 ақпан сағат 15-00

Ойынның барысы:
І.Кіріспе бөлім: Ұйымдастыру кезеңі
А) Ойынға қатысушы топтарды анықтау
Ә) Қазылар алқасын сайлау
Қазылар алқасының құрамы:

1)      Н.Наурызбаева- аудандық оқушылар үйінің директоры
2)      А.Әбдіреева- Әдіскер
3)      Қ.Манасова- үйірме жетекшісі

ІІ.Негізгі бөлім
Ойынның өткізілу тәртібі:
1)      Таныстыру (топты, төс белгіні таныстырады. Өз ұрандарын айтады.)
2) «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі
а) «Бинго» ойыны (Адамның есімін жазуға сұрақтар беріледі. 3 минут аралығында 36 сұраққа 36 адамның есімін жазу керек. Бірінші болған топ «Бинго» деп орындарынан тұрады. )
ә) «Сиқырлы әріптер» ойыны (Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып сөз құрастыру керек.)
б) «Сен білесің бе» ойыны (Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жылдам және дұрыс жауап берулері керек.)

3) «Ақылдассаң шешерсің» кезеңі
а) «Ыммен түсіндіру» ойыны (Берілген тақырыпты ымдау арқыры басқа топқа түсіндіреді)
ә) «Уақытты сағатсыз анықтау» ойыны (Сайыскер көзін жұмып 1 минут уақыт болды-ау дегенде бір адым алға шығу керек)
б) «Неше жаңғақ» ойыны (Орындық бетіне жаңғақ қойып үстін салфеткамен жабамыз. Ойыншы орындыққа отырып, жаңғақтың санын анықтау керек)

4) «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» кезеңі
а) «Құпия хаттар» ойыны (Топбасшыларға ситуациялық жағдаяттар беріледі)                             ә) «Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны (Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады)

ІІІ. Қорытынды бөлім
Қазылар алқасының берген бағаларын тыңдау
Сайысқа қатысушыларды марапаттау
«Сурет-дизайн» үйірмесінің жетекшісі:                          Е.Жұмабеков

Аудандық оқушылар үйінде «Сурет-дизайн» үйірмесінің ұйымдастыруымен

«Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысының СЦЕНАРИЙІ

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі өткелі тұрған «Кім жылдам?» шапшаң ойындар сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сайысымыздың мақсаты   оқушыларға оқу танымдық тәрбие беру. Шапшаң ойындар ойнату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көп жиналған жамағат,
Атаның сөзі аманат.
Деген сөзді үлгі етіп,
Бой ұрдық ойға ғаламат.
Шапшаң ойын ойнайтын,
Ұл-қызың шықса ортаға
Шақырайық сайысқа
Топтар шықса ортаға, - дей отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық!
1._________________________________________________________________________________
2________________________________________________________________________________
3._________________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________________
5._________________________________________________________________________________

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім шапшаң шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нақ сын алар.

Кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы. Бұл- жарыстың ажырамас бір бөлігі, дәстүрлі үрдісі. Бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1)      Н.Наурызбаева- аудандық оқушылар үйінің директоры
2)      А.Әбдіреева- Әдіскер
3)      Қ.Манасова- үйірме жетекшісі
Өнер қуып оқушылар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәске түссе оқушылар кезектесіп,

Таныстырып топтарын өтер деймін- деп, алғашқы шартымыз бойынша өздерінің топтарын, төсбелгілерін, ұрандарын таныстырады.

Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңіміз «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі.   Бұл кезең 3 ойыннан тұрады.

Ал енді шыдап бағайық,

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.