Қысқа мерзімді жоспар үлгісі
Бұл мақала 243 рет оқылды, 9 рет бүгін
Информатика пәні бойынша 9-сыныпқа арналған № 4 қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жұмысы
Сілтеме: 9-сыныпқа арналған оқулық (Н. Ермеков, В. Криворучко, Л. Кафтун-кина), слайд, үлестірмелі тапсырмалар, мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей)
Жалпы мақсат: «Қайталану саны белгісіз және белгілі циклдер» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
Оқыту нәтижелері: Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, бағдарлама құрудағы сауаттылықтары қалыптасады, есептің идеясын түсінеді, көшбасшылықты көрсетеді
Түйінді идеялар: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жиынтық бағалау
Тапсырма көздері: 1-тапсырма. Есептің бағдарламасын шарт кейін тексерілетін цикл арқылы құру. (10 мин.)
1-топқа. -10, -8, -6, … 10 сандары кубтарының кестесін жазыңдар 2-топқа. [-6; 33] кесіндісінен алынған бүтін сандардың арифме-тикалық ортасын есептеу
2-тапсырма. Есептің бағдарламасын шарт алдын ала тексерілетін цикл арқылы құру. (10 мин.)
1-топқа. [-6; 33] кесіндісінен алынған бүтін сандардың арифме-тикалық ортасын есептеу
2-топқа. -10, -8, -6, … 10 сандары кубтарының кестесін жазыңдар
3-тапсырма. Есептің бағдарламасын санауышы бар цикл арқылы құру. (10 мин.)
1-топқа. n-ші мүшесінің формула-сымен берілген xn=n2 + 5 тізбегі-нің алғашқы он мүшесін есептеу
2-топқа.
Міндеттері: қызметші сөздерді атау, операторлардың оқылуы, Pascal ортасымен жұмыс жасау арқылы, сыпайы сұрақ қою кезінде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Кейінгі тапсырма: Тарауды қайталау
Бағалау: Критерийлер бойынша оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Мұғалімнің жазбасы Тренер жазбасы
«Қайталану саны белгісіз және белгілі циклдер» тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін өзіндік жұмысты ұйымдастырдым.
«Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану» модулі бойынша бақылау жұмысының бағалау критерийлері интерактивті тақтадан көрсетілді, жұмысты әр оқушы жеке дербес компьютерде орындайды. Бұл бағалау критерийлері арқылы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі жүзеге асырылады.
Бақылау жұмысы үш тапсырмадан құрылған ол жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған информатика пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Бағалау критерилері Тексерілген элементтерді орындауға қойылатын ұпай саны
Айнымалыларды сипаттау 1 ұпай
Параметрдің бастапқы мәнін беру 1 ұпай
Циклдің аяқталу шартын тексеру 1 ұпай
Циклдің жаңадан қайталануының алдында параметрді өзгерту командасы 1 ұпай
Бағдарламаны ЭЕМ-де жүзеге асыру 1 ұпай
Уақытты үнемдеу мақсатында бақылау жұмысының тапсырмалары әр оқушыға жеке үлестіріліп берілді.
Нұсқа Шарт кейін тексерілетін цикл Шарт алдын ала тексерілетін цикл Санауышы бар цикл
1 -10, -8, -6, … 10 сандары кубта-рының кестесін жазыңдар [-6; 33] кесіндісінен алынған бүтін сандардың арифметикалық ортасын есептеу n-ші мүшесінің формуласымен берілген
xn=n2 + 5 тізбегінің алғашқы он мүшесін есептеу
2 [-6; 33] кесіндісінен алынған бүтін сандардың арифметикалық ортасын есептеу -10, -8, -6, … 10 сандары кубтарының кестесін жазыңдар
Алдыменен оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді. Содан соң жеке дербес компьютерде орындайды.
Бақылау жұмысының нәтижесінде қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, бағдарлама құрудағы сауаттылықтары қалыптасады, есептің идеясын түсінеді, көшбасшылықты көрсетеді.
Бақылау жұмысының қорытындылары
№ Оқушының
аты-жөні Бағалау критерилері Орындалған тапсырмаға
берілген ескертпелер Қорытынды бағасы
Айнымалыларды сипаттау Параметрдің бастапқы мәнін беру Циклдің аяқталу шартын тексеру Параметрді өзгерту командасы Бағдарламаны ЭЕМ-де жүзеге асыру
1 + + – + + 1-есепте шығару операторы,
3-есепте параметр-дің соңғы мәні жазылмағандықтан бағдарлама нәти-жесі қате болды 4
2 + + + + + 2-есептің бағдарла-масын компиля-циялаудан соң өзі қатесін таба білді 5
3 + + + + + 3-есеп ІІ нұсқаның тапсырмасына сәйкес келмейді 4
4 – + + + – пунктуациялық ережелер мен арифметикалық амалдардың таңба-лары қате жазылған 4
5 + + + + + 1, 2-тапсырмаларды екі әдіспен шығарған, бағдарламалар компьютерде сәтті орындалған 5
6 + + + + + Pascal тілінде жа-зылған арифмети-калық амалдарды дәптерге сауатты жазуға дағдылан-дыру 5
7 + + + + + 1, 2-тапсырмаларды екі әдіспен шығарған, бағдарламалар компьютерде сәтті орындалған 5
8 + + + + – 2-есептің бағдар-лама құрылымы толық сақталмаған 4
9 + + + – – 1-есепте шығару операторы мен өзгеру қадамы жоқ, 2-есептің бағдарла-масы аяқталмаған,
3-есепте параметрдің соңғы мәні және
өрнек Pascal тілінде қате жазылған 3
10 – + – – – Бағдарламада циклді дұрыс ұйымдастыру ережелері сақтал-маған, операторлар бөлімі қате жазылған 3
Оқушы саны: 10 Қатысқаны: 10
«5» – 4
«4» – 4 Сапа – 80 %
«3» – 2 Үлгерім – 100 %
Қорытынды: сабақ өз мақсатына жетті. Бағдарламаның арқасында оқушылар ең алғашқы рет бақылау жұмысынан жоғары көрсеткіштерге жетті. Сабақ барысында қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану» модулі интерактивті тақтадан бақылау жұмысының бағалау критерийлерін көрсету үшін қолдандым; «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі бойынша Әлия мен Нұргүл бір есепті үш әдіспен шығарып үлгерді. Сондай-ақ олар басқа оқушыларға да бағыт-бағдар беріп отырды. Демек бұл екі оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері жоғары; «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша оқушылар бір бірімен пікірлесіп жақсы нәтижеге көрсетті; «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша оқушылардың алғашқы үш сабақта алған білімдерінің жиынтық бағалауы жүзеге асты; «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі бойынша өз бетімен екі нұсқаны орындау арқылы Әлия мен Нұргүл Pascal бағдарламалау тілімен жұмыс жасау дарындылығы айқындалды, сондай-ақ бұл оқушылар «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулі бойынша да басқаруды өз қолдарына алып жүзеге асырылды.
Ұқсас тақырыптар:
- Файлдар көшіру
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Информатика пәні бойынша программалау тілін оқытудың модулдік-жоспары. (9 немесе 10 сынып. КАЗ/РУС). Паскаль. Программный модуль.
- Информатика. Программалау жүйесінің мүмкіндіктерін үйрену.
- Ашық сабақ: Таңдау командасы
- Информатика - 9. Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы §1.15
- Информатика. Модельдеу кезеңдері
- Электрондық оқулық. Информатика-9-10.
- Информтаика-9. Таңдау операторы
- «Квадрат теңдеулер» тарауын қорытындылау
мына сабақ Кембридж бағдарламасына сәйкес құрылған екен.Маған өте ұнады.Барлық параметрлер сақталған.