10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Басқа пәндер

Іскерлік ойын:«Менің бизнес жоспарым»

Опубликовал в 12 Май 2012 – 23:01Пікір жоқ
Бұл мақала 1583 рет оқылды, 5 рет бүгін

Г.Ж . Саябаева технология пәні мұғалімі, КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақша, ҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы.

Іскерлік ойын: «Менің бизнес жоспарым»
Сабақтың мақсаты: «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» арқылы кәсіпкер мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау.
Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту.Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып,бизнес жоспарын жасау,түйіндеме жазу,жарнамалау жолдарын үйрету;
Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын,жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелігі: жеке бас қүндылықтары,мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп,ұйымдастырушылық,ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: бизнес ойын сабағы.
Кәсіби бағдар беру: кәсіпкерлікке баулу
Сабақтың әдісі: әңгімелесу.топтық жарнамалау,жобалау технологиясы,
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,бизнес жоспарының үлгісі.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта,компьютер.
Пәнаралық байланыс: сурет,математика,қазақ тілі,өзін-өзі тану, қаржылық сауаттылық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,қонақтар және оқушылар!
Бүгінгі экономика пәні бойынша «Менің бизнес жоспарым» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020»арқылы кәсіпкер мамандығын таңдауға,бизнес жоспарын жасау жолдарын үйрену.

Ендеше, іскерлік ойынымызға қатысушы бизнес топтарын ортаға шақырамыз.
1. «Ақ ниет» бизнес тобы.
2.  «Үржар-алма» бизнес тобы.
3. Көрермендер тобы.
Сонымен қатар «Тәуелсіз сарапшылармен»таныс болыңыздар.
1. Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Б.А.Галиев мырза
2. Үржар аудандық «Уақыт тынысы»газетінің тілшісі З.Н.Турапова ханым
Сіздер бүгінгі іскерлік ойынға қатысушылардың бизнес жоспарына баға бересіздер.
2012ж 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын арнады.
«Әлеуметтік-Экономикалық жаңғырту –Қазақстан Дамуының Басты Бағыты» жолдауында 10 бағыттан тұратын даму жоспарын белгіледі.

Бейне фильм: Елбасы Қазақстан халқына жолдауын арнады.

Бірінші бағыты бойынша Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы бағдарламасын бекітті.
1. Оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау
а)жұмыспен қамту бағдарламасы-2020
б)техникалық және кәсіптік білім беру жағдайы
2. Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау
3. Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын арттыру
Бағдарламаның соңына қарай 2020 жылға қарасты 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруы керек.
Қазіргі кезде кәсіпкер болуы үшін алдымен оқып,өз бизнес жоспарын құру қажет.

Бизнес жоспардың мазмұны:
1. Түйін
2. Кәсіпорынның жалпы сипаты.
3. Ұйымдастыру жоспары.
4. Маркетингтік жоспар.
5. Өндірістік жоспар.
6. Қаржылық жоспар.
7. Жоспарды заң жүзінде пысықтау.

Сонымен іскерлік ойынымыз «Менің бизнес жоспарым» ІІ бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Болашақ табыстарды алдын ала жоспарлау керек»

1. Таныстыру
2. Кәсіпорынның жалпы сипаты
3. Жарнама

ІІ бөлім: «Жеті рет өлшеп,бір рет кес»

1. Ұйымдастыру жоспары
2. Маркетингілік жоспар
3. Өндірістік жоспар.
4. Қаржылық жоспар.
5. Жоспарды заң жүзінде пысықтау

Қорытынды.
Барлық бизнес жоспар өте қызықты болды.Әрине, осындай бизнес жоспарды біздің Үржар ауданымызға керек деп ойлаймыз.Тәуелсіз сарапшыларымыз бүгінгі іскерлік ойынымыздың қорытындысын дайындағанша көрермендерге сұрақ.
Үржар ауданын көркейту үшін қандай бизнес жоспар құруға болады? (көрермендердің жауабы)

Көрермендер Ақ ниет,Үржар алма бизнес жоспарын ұсынған кәсіпкерлерге сұрақ.
Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
Қандай әсер алдыңдар?
Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасының пайдасы
Енді тәуелсіз сарапшыларымызға қорытынды сөз берейік
Жақсы кәсіпкер болу үшін бүгінгі «Менің бизнес жоспарым» іскерлік ойынымызда айтылған мәселелердің барлығы маңызды.
Соның ішінде есте сақтайтын ең басты қағиданың негізгісі:еңбек пен білім.Қазақстанның бизнесін әлемге паш етер кәсіпкер болатындарыңызға сенімдімін.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.