10 Август 2011 – 18:58 | 54 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

КІРІККЕН АШЫҚ САБАҚ (Информатика және қазақ тілі) Тақырыбы: «Компьютерлік вирустар және оның түрлері»

Опубликовал в 22 Май 2012 – 15:18Пікір жоқ
Бұл мақала 2750 рет оқылды, 3 рет бүгін

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындғы Семей мемлекеттік университеті колледжі Қалымжанова Алуа Бақытхановна -информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: “Компьютерлік вирустар және оның түрлері”
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: компьютерлік вирустар және олардың түрлерін игерту,
етістікті қайталау арқылы жаттықтыру.
2. Дамытушылык: Студенттердің компьютерлік вирустар туралы логикалық ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасау, сабақ үрдсінде студенттердің программалау тілінде сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: техника саласында кездесетін компьютерлік вирустарды тауып, күнделікті өмірлерінде пайдалана білу.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Пәнаралық байланыс: программалау,кәсіптік қазақ тілі, қазақ тілі грамматикасы
Көрнекілік: компьютер, үнтаспа.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын сұрау
І деңгей: Windows типті операциялық жүйе
ІІ деңгей: Жыр жолдары «Қарағандыда»
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Компьютерлік вирус.
2. Компьютерлік вирус түрлері.
3. Сөздік минимумы мен сөйлесім түрлері.
4. Кәсіптік сана
5. Жағдаят
6. Студент әзілі
IV. Сабақты бекіту.
V. Бағалау .
VI. Үйге тапсырма.
І деңгей: «Компьютерлік вирустар» мәтінін мазмұндау
ІІ деңгей: «Өлең сөздің патшасы» өлеңін жаттау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Хабарламашы сөзі (1-2 минут).
А) Сабақтың тақырыбы , мақсаты
Б) Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» өлеңін үнтаспадан тыңдау.
II. Жаңа сабак.
Компьютерлік вирус
Компьютерлік вирус - әдетте өлшемі бойынша шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа оның программаларда “көбейтілетін” және “жұғатын “мүмкіндігі бар (яғни бірнеше қайтара өз кодын көшіреді және оны басқа программалардың кодына біріктіреді). Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз ” зақымдалған” дискет арқылы немесе “зақымдалған” файлмен бірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа “зақымдалған ” деп аталады. “Зақымдалған” программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған информацияларды бүлдіреді, оперативті жадты “ластайды” және т.с.с Вирус бір компыотерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін.
Вирус қайдан пайда болады? Оларды білікті программалаушылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатыңда жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде атақты программалаушылар: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. болатын.
Мәтінге тапсырма:
1) Мәтін бойынша 4-5 сұрак әзірлеңіздер де, оған жауап табыңыздар.
2) Етістік (10) теріп көшіріңіздер.
1-жаттығу. Мәтінге тақырып қойыңыздар. Етістікті кұрамына қарай талдаңыздар.
Барлық алуан түрлі вирустар арасынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық.
1. Жүктеулік вирустар - дискеттің немесе винчестердің жүктелу
секторында сақталатын компьютерді алғашқы іске қосу программасын
закымдайды.
2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері ехе және соm болатын
файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады.
3.Жүктеулік-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды.
4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді.
5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды.
Сөздік минимумы. Компьютерлік вирус, “көбейтілетін”, “жұғатын”, бақылауынсыз, “зақымдалған”, дискет, программаларды табады, зақымдайды, бүлдіреді, “ластайды”, қызғаныш, кектену, мансапқорлық, бәсекелес, зиян, антивирустық программалар, сату, ақша табу, зерттейтін мамандар, программалаушылар, жүктеулік вирустар, винчестер, файлдық вирус, ехе және соm болатын файлдар, жүктеулік-файлдық, сектор, драйверлік вирустар, желілік вирустар, желі, тарайды.
Сөйлесім үлгілері:
- Компьютерлік вирус деген не?
- Өлшемі де шағын, арнайы компьютерлік программа.
- Кодты не істеуге болады?
- Кодты көшіру немесе басқа программалар кодына біріктіруге болады.
- Ол компьютерге қалай кіреді?
- Зақымдалған” дискет арқылы немесе “зақымдалған” файлмен бірге кіруі мүмкін.
- Вирус әрекетін айтыңыздар.
- Қалыпты жұмысқа кедергі жасайды, дискідегі файлды бұзады информацияны бүлдіреді, оперативті жадты “ластайды”.
- Вирус қайдан пайда болады?
- Білікті программалаушылар қызғаныш, кектену, мансапқорлық
мақсатында, бәсекелес, ақша табу мақсатында пайда болады.
2-жаттығу. Мәтінен қатынастық зат есімімен тіркеп етістіктерді теріп жазыңыздар.

Үлгі:
көбейтіледі
Компьютерлік вирус
жұғады
дискет зақымдалады.
файл зақымдалады.

Етістік

Дара күрделі

Мысалы: Вирус басқа программаларды табады.
Вирус кандай да бір зиянды амалдарды орындайды

Кәсіптік сана
Қай халықтың өмір сүру тарихына үңілсеңіз, көбінесе теңізшінің баласы да теңізші, балықшының баласы да балықшы, етікшінің баласы етікші, жылқышының баласы жылқышы, суретшінің баласы суретші (тізе берсек жалғаса береді) болып шығатыны жалған емес. Бұл ата ананың кәсібі не болса, сен де сол кәсіптің иесі болып шығуың керек деген қағида емес. Алайда “икеміңе қарай еңбек ет” — деп В.Шекспир айткаңдай, адам табиғатьна жақьн, қаныңда бар, ес кіріп, етек жапқаннан бері көзге таныс, көңілге жақын кәсіпке бүйрегің бұрып тұру табиғи зандылық емес пе?
Қазақ халқындағы “ата кәсіп” ұғымы осыдан туса керек. Кәсіби сана да - адамның азамат болып қалыптасу кезеңінде бірге келетін қасиеті.
Кәсіби сана саған “ата кәсіп” арқылы атадан балаға мирас болып жалғасады. Көңілің қалаған кәсіпке бар ықыласыңды, білімің, білігің, дағдыңды ұштастыра отырып жетуіңе болады.
Заман талабына сай болу үшін, біздер - кәсіп иелері, кәсіби санамызды жетілдіретін қайнарлардың бәрінен сусындауға тиіспіз.

Мәтінге тапсырма.
1. Мәтіннен етістікті тауып жазыңыздар.
2. Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, жоспар құрыңыздар.
3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіздер.

сөздерді меңгеріңіздер:
үңілу- пристально смотреть
қағида - закономерность
икем - присгюсобленность, умение, склонность
есею - взрослеть, умнеть
ата кәсіп - народное ремесло
ұғым - понятие
мирас - наследие
жалғау - соединять
ықылас - внимание
дағды - навык
ұштастыру - смычка, смыкать
қайнар - родник

Тапсырма. Жоғарыдағы жаңа сөздермен бірнеше сұрақ дайындаңыздар.

1- жаттығу. В. Шекспирдің «Икеміңе карай еңбек ет» деген ойын қалай түсінесіз? Жазбаша баяндаңыздар.

2 -жаттығу. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Көңілге жақын кәсіп, кәсіпкерлік сана, балаға мирас, кәсіби сана.

3 -жаттығу « Компьютерлік вирус» мәтінінен қатыстық зат есіммен тіркескен етістіктерді теріп жазыңыздар.
4 Жағдаят:
Ата-анасы студент баласынан компьютерлік вирус туралы білгісі келді.

Ата-анасы: - “Вирус” деген термин компьютерде де бар екен ғой.
Студент: - Оны компьютерлік вирус дейді.
Ата-анасы: - Ол қанша болуы мүмкін?
Студент: - Өлшем бойынша 200-ден 5000 байтқа дейін болады.
Ата-анасы: - Ол қалай компьютерге кіреді?
Студент: - Қолданушының бақылауынсыз “зақымдалған” дискет
аркылы немесе “зақымдалған” файлмен бірге кіруі мүмкін.
Ата-анасы: - Компьютерлік вирустармен күресуге бола ма?
Студент: - Әрине, антивирустық программаларды жазатын және
компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар.
Ата-анасы: - Олар кімдер?
Студент: - Ресейдің атақты программалаушылары: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков т.б.

Студент әзілі:
- Талғат не жазып отырсың?
- Ауылдағы досым Шоқанға хат жазып отырмын.
- Өте баяу жазатының не?
- Ол бәрібір сыдыртып тез оқи алмайды.

Үнтаспадан Абай Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы» өлеңін тыңдайық.

Жұмбақ шешейік:

1.Із қалдырып үнемі, 2. Кішкентай ғана сандықтан,
Тұмсығымен жүреді. Әңгіме, өлең ән шыққан.
(Қ…) (Р…)
3. Көрсетеді, сөйлейді
Өзі ешкімді көрмейді. (Т…)
IV. Сабақты бекіту.
Сұрақтар:
1. Вирустың неше түрі бар?
2. Оларды атаңыздар.
3. Драйверлік және желілік вирустар деген не?
4. Етістік дегеніміз не?
5. Етістік құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма:
I деңгей: ”Компьютерлік вирустар” мәтінін мазмұндау.
II деңгей: Абай Құнанбаевтың «Өлең сөздің патшасы» өлеңін жаттау.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.