Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектебінің әлеуметтік педагогі Динара Ажимадинова
Жүргізуші: Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Ұсынсақ жүрек жылуын» атты кешімізге қош келдіңіздер. Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға Өтеуліқызына берейік.
.
Жүргізуші: Ән шырқалар бақытымен, бағымен
Ән айтылса үйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы Нұрбек ұлдарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен.
Жүргізуші: Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып.
Биімен көрерменді тәнті ететін,
Бишілер келді міне толқып, тасып.
4а сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Келесі кезекті мектеп психологі Сағиталин Сейілхан ағайымызға береміз.
Жүргізуші:
Балдаурен-балалықтың балғын күні,
Балдаурен – қуаныш пен шаттық үйі.
Алдәурен бақыт кешкен балалардың,
Жайқалып, қырда ашылған қызыл гүлдей
келе келесі әнге береміз.Ән «Бал балалық» орындайтын Панабекова Гүлім.
Осымен «Ұсынсақ жүрек жылуын» атты кешіміз аяқталды, көріп тамашалағаныңызға көп-көп рахмет.
Ұқсас тақырыптар:
- Тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
- Информтаика. «Информатика және махаббат» кеші.
- Кітап – рухани сарқылмас қазына (библиографиялық сабақ).
- Физикалық кеш «Бір кесе шай және физика» (сценарий)
- Мейірімділік- бала игілігі үшін
- 5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді… (тәрбие сағаты).
- Мен және менің отбасым
- Сайыстың тақырыбы: «Сырласайық, жеңеше!»
- Білгір. Интеллектуалдық ойын. 3-сынып.
- Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар /2-3 жасар /