10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Тәрбие сағаттар

Мейірімділік- бала игілігі үшін

Опубликовал Zamzagul в 23 Апрель 2012 – 22:28Пікір жоқ
Бұл мақала 102 рет оқылды, 3 рет бүгін

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектебі. Өткізген: әлеуметтік педагог Динара Ажимадинова, Ә. Бердалина

«Мейірімділік – бала игілігі үшін»
( «Мектепке жол» акциясына үлес қосқан кәсіпкерлермен кездесу кеші)

2012о/ж

І-жүргізуші: ( 11 а сынып оқушысы Мажитова Әсемхан)

Елбасының жас жеткіншіктерді мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Мектепке жол» акциясы жарияланды.
Біздің мектепте 3 жыл қатарынан өткізілуде. Бұл акцияға өзгенің тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз үлестерін қаржылай да, заттай да көмек беріп отырған ағайларымыз бен апайларымыз келіп отыр.
ІІ-жүргізуші (Айтжанов Ғалым)
Сіздерді осы келіп отырған қоңақтарымызбен таныстыра кетейін
1 Қаламызлағы «Нұр-ай» сауда орталығының басшысы Кемеров Дәуоен Баянұлы
2. «Нұрхан» тіс шеберханасының меңгерушісі Нұртаев Еркін Ырзағазыұлы
3. «Қаршыға» шаруа қожалығының иесі Рысмағанбетов Ерлан Орақұлы
4. «Жанар-гүл» шаруа қожалығыеың иесі Әжімадинов Әбдіразақ Әжімадинұлы
5.Темір жол кафесіеің меңгерушісі Боранқұлова бибігүл Қапақызы
І-жүргізуші:
Өз үлестерін қосқан мектебіміздің ұстаздарымызбен таныстыра кетейік
1.Ағылшын пәнінің мұғалімі Мұхамбетжанова Ғалия Мақсатқызы
2. Еңбек пәнінің мұғалімі Жакупова Сәнімгүл Әбдірашидқызы
3. Қазақ тілінің пәнінің мұғалімі Алиманова Роза Төремұратқызы
4.Ұйымдастырушы педагог Төлегенова Гүлжанар Өтеғұлқызы
5.Көркемөнерпаз жетекшісі Әбжатирова Света Хаттарқызы
6. Информатика пәнінің мұғалімі Түсібекова Лида Алпысқызы
7. Бастауыш сынып мұғалімі Машакова Шынар Алдамжарқызы және 4 а сынып оқушылары
ІІ-жүргізуші:
Бүгінгі «Мейірімділік – бала игілігі үшін» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
І-жүргізуші:
Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Бұхарбаев Қамбар Бүркітұлына беріледі
ІІ-жүргізуші:
Келесі сөз кезегін қадірменді қонақтарымызға береміз.
Ән: «Балалық шақ» Орындайтын : Дүйсенбин Нүрбек

І-жүргізуші:
Балдәурен –балалықтың балғын күні
Балдәурен-қуаныш пен шаттық үйі
Алдәурен бақыт кешкен балалардың
Жайқалып,қырда ашылған қызыл гүлі дей келе келесі кезекті әнге береміз Ән: «Бал балалық» Орындайтын Панабекова Гүлім
ІІ-жүргізуші:
Бойында бар сұлулық жиылғандай
Мүсіні ақ мәрмәрдан құйылғандай
Жарқ етіп шыға кеген ел алдына
Билегені ғажап еді биі қандай
6а сынып оқушысы Алдабергенова Жұлдыздың орындауында «Цыған» биі
І-жүргізуші:
Бал-балалық, балалық ша сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Лтын бесік , ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
Ортаға 10б сынып оқушысы Тілеп Айжанның орындауында «Әлқиса» күйін қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізуші:
Келесі кезекте Аманғосова Мөлдірдің сіздерге арнаған өлеңін қабыл алыңыздар

Кәсіпкерлер

Мектебімізге демеушілік жасайтын
Кәсіпкерлер өздерің ғой осы айқын
Әлеуметтік жағдайы жоқ жандарды
Материалдық көмегімен қолдайтын

Жырымыз бар өздеріне жолдаған
Әніміз барақ тілекпен арнаған
Бізге жасаған қызметтерің әркезде
Кәсіпкерлер қайтсын жейміз Алладан

Биік тұрсын кәсіпкерлер беделі
Өздеріңе ел әрқашан сенеді
Алаңы жоқ біз сияқты жас ұрпақ
Бұл күндері гүлдей өсіп келеді

І-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім
Қуаныш құшағында бүгін елім
Бабалар аманатын алға тартар
Жас ұрпақ алдарыңда міне бүгін
Ән: «Егемен Қазақстан» орындайтын Дүйсенбин Нүрбек
ІІ-жүргізуші:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға Өтеуліқызына сөз кезегін береміз.
Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз
Арманның асқарына қанат қаққан
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз
Осымен ән кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Қош аман сау болыңыздар!!!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.