Қазақ тілі - 3. Тақырыбы: Сөз таптары
Ибашева Қаламқас Есенқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек Жолы» мектеп-лицейі.
Мерзімі: 04.04.2022
Мақсаты: Cын есім,сан есім,зат есім,етістік – сөз таптары екенін дәлелдей отырып түсіндіру
Міндеттері:
А) білімділігі:Сөз таптарын ажырата білуге,оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету;
Ә) дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тілін,сөздік қорын байыту,дамыту.
Б) тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,тапқырлыққа,шапшаң ойлауға,өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдері:репродуктивті,эвристикалық /сұрақ қою,табу,іздену/,топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс:ана тілі,дүниетану,музыка,өзін-өзі тану
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайдтар,ойын тапсырмалар,электрондық оқулық
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық..
- Қонақтармен сәлемдесу
2. Е.Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» өлеңі /музыка ойнап тұрады/ /слайд1/
Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам –
Егеспе.
Оқу деген – «Инемен құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда-
Өмірдегі үлесің
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып
Қолдан келіп тұрғанда
«Кел,балалар,оқылық!»
3.Ұранымыз:
Оқы,үйрен,талаптан
Күліп,ойлан,шаттан.
Осы ұранымызды ұрандатып бүгінгі сабақта өз білімімізді одан әрі тереңдете түсеміз.Ол үшін көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ол үшін бізге көтеріңкі көңіл-күй керек.
4. Көңіл-күйін анықтап оны басқару
Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді білдіретін түсті жүрекшелеріңді көтеріңдер. Сабақта әр дұрыс жауапқа менің жүрек жылуымды /кішкене жүрекшелер/ аласыңдар, соңыңда жылу саны бойынша тиісті бағаларыңды алып, көңіл-күйлерің одан әрі көтеріледі деген үміттемін. /Слайд 2/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /слайд4/
- 3- жаттығу; 142-бет
Мақсатымыз: Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
- Бейне сұрақ /3 сұрақ «Сөйлем» тақырыбына байланысты/
- «Сөз және оның құрамы» тақырыбын қайталауға арналған тест тапсырмалары.
- Қорытындылап, жалпы сабаққа мақсат қою.
V. Көркем жазу.
1. Экранда не көріп тұрмыз? Бұл қандай бұлттар? /әріпті бұлттар/
Қазақ тілінде неше әріп бар?Көк аспанда қандай қалықтап ұшып жүр? /көгершін/
Ендеше көгершін туралы электродық оқулықтағы тапсырмаларға назар аударайық .
- «Ка» әрпін, «К» дыбысын көркем етіп жазайық../электр.оқулық/
2. Балалар аспанда әріпті бұлттар үйірілгенде табиғатта қандай құбылыстар болады?
- Жауынның қандай түрлерін білесіңдер?
Слайдтағы бұлтты әріптерімізден не жауып тұр? /буынды жаңбыр/
- Жаңбыр жауғанда жер бетінде,табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ендеше табиғатта гүлдер,ағаштар жайқалып өссе, қазақ тілінде буыннан не құрлады? /сөз/
- Олай болса осы сөздерді көркем етіп жазамыз. /көбелек,кірпі, күн,көгершін,кілт,күрек/
V. Жаңа білімді меңгерту.
1. Тірек сызбамен жұмыс
Сөз деген не?
Сөз- заттың атауы- зат есім- Сөз табы
Сөз- сапаның атуы-сан есім- Сөз табы
Сөз-қимыл атауы – етістік- Сөз табы
Сөз- санның атауы-сан есім-Сөз табы
/түсіндіре отырып жаңам сабақты ашу,түсіндіру,оқушылардан түсігенін айтқызу/
2. Меңгергенін тексеру
А) Тілдік-грамматикалық 3-жаттығу: Сөздерді оқып,оларға сұрақ қойып,мағыналарына қарай кестеге орналастыр.
Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім |
Жұлдыз
Тау Ата Ақын Адам құс |
Оқыды
Жуынды жүзді |
Көк
Үлкен Биік жасыл
|
Екі
Жеті отыз |
ә) Танымдық 4-жаттығу:Сөздерді оқып,қайсысы заттың атын,қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.
Қайық,бала,бақа,доп,құс,ұшақ,ағаш,балақай.
Жүзеді,секіреді,ұшады,өседі,жүреді.
- Сергіту сәті
Б) 5-жаттығу: Жаңылтпашты оқып,жатқа айт./ауызша/
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
В) Тілдік-грамматикалық 7-жаттығу: Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.
Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім аққу,емен,оқулық,уа
Сан еім биледі,өсті,тазалады,ұшты
Г/ Қосымша тапсырма:
- VII. Бекіту кезеңі.
А) «Сөзден сөйлем» ойыны
1-ші сұрақ: Заттың аты
2-ші сұрақ: Заттың түрі, түсі.
3-ші сұрақ: Заттың қимылы
ә) Қорытынды сұрақ-жауап.
- Бүгінгі сабақта не білдік? Сөз деген не?
VIII. Үйге тапсырма беру
6-жаттығу; 145-бет
Тапсырмасы: Мәтінді оқып, мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.
Борсық- Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.
Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талда.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
- Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:
«5» - 5-6жылу
«4» - 3-4 жылу
«3» - 1-2 жылу
Ризасыңдар ма?
Ендеше «Ризамын» өлеңін айту.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Алгебра 7 класс. Екі өрнектің айырымы мен қосындысының көбейтіндісі.
- Математика-6. Сан аралықтары
- Бастауыш: Тақырыбы: 1 саб. Етістік. 2 саб. Білімді тиянақтау.
- КОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ
- Менің Қазақстаным – менің болашағым. Тәрбие сағаты.
- Қош келдің,Наурыз!
- Математика. Көрсеткіштік теңдеулерді және жүйелерді шешу.
- Ана тілі. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.
- 92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.
- Тақырыбы: “Математика және біз” - кеш.