10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып

Конференция сабағы. «Әлемді білегінде ойнатқан палуан».

Опубликовал inust в 5 Апрель 2012 – 18:30Пікір жоқ
Бұл мақала 254 рет оқылды, 2 рет бүгін

Жүргізген: А. У. Мұқыжанова. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебі

Сыныбы: 4. 2011-2012 оқу жылы.    Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Дамыту мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деркетермен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу.
Көрнекілігі:
1. «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» (суреттер жиынтығы слайд арқылы)
2. Қажымұқан өнер көрсеткен жерлерінің сызба – картасы
3. Қалқаман Әбдіқадіров «Қажымұқан» кітабы

Сабақтың әдісі: Оқушылар өздері жинақтаған дерекетерді ортаға сап, қорғау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгін біз ана тілі пәнінен конференцияны бастамас бұрын Дильназға сөз кезегін берейік.
Дильназ:
- Қайырлы таң, құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар. Бүгін біз сіздерге биыл 140 жасқа толған қазақ палуаны Қ. Мұңайтпасовтың өмірімен толық таныстырамыз. Себебі, оқулықта палуанның бір сайыстағы өнерімен танысу мәтіні берілсе, біз ізденіс жұмысымен айналысып тапқан деректерімізді ортаға салмақшымыз. Сіздерді жоспармен таныстырып өтейін.

Конференция тақырыбы: Әлемді білегінде ойнатқан палуан.

Жоспары:
І. Кіріспе. Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қазақтың Қажымұқаны қандай ғұмыр кешкен?
2. Қажымұқан Мұңайтпасов кім?
3. Батырға бағынған белестер.
4. Балуанның Абаймен өзін салыстыруы.
5. Өзін көргісі келгендерге жауабы.
6. Қажымұқанның май жегіштігі.
7. «Мен бақсы – балгер емеспін» деп ашулануы.
8. Қорытынды бөлім

ІІІ. Суреттер сыр шертеді
І. Кіріспе бөлімі.
Үйге қандай тапсырма беріліп еді? «Жиб – жица күресі». Мәтінді оқып келгендіктерінді тексеру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып шығайық.
1. Қажымұқанның Харбин қаласына күреске келуі.
2. Жапон балуаны – Сар – Кек – Ки.
3. Сар – Кек – Кидің талабы.
4. Күреске ешкімнің шықпауы.
5. Күреске Қажымұқанның шығып, екі палуанның кілемге келуі.
6. Екі палуанның күресі.
7. Басқарушының елді тәртіпке шақыруы.
8. Қажымұқанның Сар – Кек – Киді жеңуі.
9. Қажымұқанның емделуі.

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Танирбердин Қ.А. – на сөз берейік.
- Жапонның Жиб – жица күресіне ұқсас қазір «Бой без правил» немесе «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяқ – қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір – бірінің денелеріне зақым келтірсе де жазаланбайды.

Енді Қажымұқан мен Сар – Кек – Киге байланысты Венн шеңберін толтырып өтейік.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.