«Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі»
Гильманова Гүлжанар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Орал қаласы, Батыс Казакстан инженерлик - технологиялык колледжiнің окытушысы.
“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман тала-бына сай үйлестіре алу міндөті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Міне, қазіргі білім беруді дамыту.оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды
А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен.
Қазіргі танда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық. коммуникациялық желілерге шығу-XXI ғасырдың басты талабы.
“Педагогикалық технология” дегенімізді В.П Беспаленко “Слагаемое педагогической технологии” деген еңбегінде былай дейді: “Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы”. Технология-қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, ягни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді.
Оқушылардың рухани-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда пән мүғалімінің атқарар жүгі ауыр. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру ғылыми шыгармашылыққа баулу-білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады. Әсіресе, әдебиет пәнін терендетіп оқытуда оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу тәсілдері, әр түрлі ізденіс сипатындағы тапсыр-маларды жүйесімен нақты орындату.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы-Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы - асыл өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті проблемасының байланыстыра өту - балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.
Оқыту-арнайы танымдық іс-әрекет. Ол - негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын арттырады. Олай болса, “Білімдендіруді жүзеге асыратын-мұғалім”, - дейді Ж. Аймауытов.
Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.
/Қазақ және әлем әдебиеті. №5-6 (24) 2007 жыл/
Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
“Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
- Қызығушылықты ояту;
- Мағынаны тану;
- Ой - толғаныс.
Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:
оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
ең бастысы - оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс:
а) оқушылар поэманы оқып, мазмұнымен танысады
ә) Поэманың басты мақсатын ашады.
Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру:
- поэманың кейіпкерлерін атау;
- неліктен Баян інісі Ноянды өлтірді?
Талдау жұмыстарын, ең алдымен, оқушыларға поэмадағы басты оқиғаларды тапқызып, әрқайсысына тақырып бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. Оқушылардың өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жүмыс істеуін көздеп, “осы оқиғадағы кейіпкерлер қандай іс-әрекет жасады” деген сұрақ беріледі. Бұл сұраққа жауапты балалар өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады.
Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс
а) поэмадан кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі;
ә) сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз жан» деген тақырыпта «5 минуттық эссе» жазылып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі тандап алған кейіпкердің өзгешелігін айтады.
Балалар поэманын негізгі тақырыптарын айтады:
Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да өнегелі істерге үйрету.
Осы тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады.
Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады.
Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу:
1) Баян мен Ноянның жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер
едіндер?
2) М.Жұмабаев поэмасынан өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?
Үйге: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін анықтау.
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатыңдығын баяңдайды.
/Қазақ әдебиеті. 11 сынып Алматы «Мектеп 2007 жыл»/
Баяндамамды аяқтай келе, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден бастала-ды дегендей, кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, Елбасы Н. Назарбаевтың: “Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу”,- деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.
/Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл
Пайданалынған әдебиеті:
- Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 19-20-беттері.
- Қазақ тілімен әдебиеті орыс мектебінде №2 2009 жыл 18-19-20-22 беттері.
- Қазақ әдебиеті 11 сынып Алматы «Мектеп» 2007 жыл 100-111 беттері
- Қазақ және әлем әдебиеті №5-6 (24) 2007 жыл. 20 бет.
Ұқсас тақырыптар:
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- Баяндама: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін интерактивті құрылғылар көмегімен арттыру
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
- Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі»
- Баяндама: Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.
- Математика пәнін жаңаша оқытудың кейбір мәселелері.
- Абай және ислам (баяндама)
- Компьютермен оқыту. Шомбин У.С.
- Білім беруде ақпараттық технологияны қолдану