10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Таңдаулы, Физика

8″а” класс. Шай үстіндегі физика.

Опубликовал inust в 22 Февраль 2012 – 11:33Пікір жоқ
Бұл мақала 530 рет оқылды, 6 рет бүгін

Қалампыр Айназарова. физика-информатика  пәні  мұғалімі Ақтөбе  қаласы №34 орта мектеп.

“Облыс жыл мұғалімі-2011″  грантына иегері,   ” Жыл мұғалімі-2010″ қалалық  сайысында  ”Әдіскер мұғалім”  номинациясы бойынша марапатталған, Үш кітаптың : “9 класс физика  оқулығына арналған әдістемелік құрал”, “10 класс физика  оқулығына  арналған  әдістемелік  құрал” және  ”Физика курсындағы  есептерді  компьютерлік технологияны  пайдаланып  шығару”. (ISBN- дері бар кітаптардың) соавторы.

Сабақ түрі : Дәстүрлі емес.

Сабақ типі : Қайталау сабағы

Жылу құбылыстары тарауын, конвекция, диффузия құбылыстары, меншікті жылу сыйымдылық, қайнау, булану, кебу, капиллярлық құбылыстар, қысым тарауын қайталау сабағы болып табылады.

Шай үстінде кездесетін физикалық құбылыстарға тоқталу, олардың анықтамасын беру, тәжірибе жасау.

Викторина немесе сұраққа жауап беру ойыны арқылы өтілетін сабақ түрі оқушыларды қызықтырады және ынталандырады. Осы мақсатпен 8 сынып оқушылары арасында «Шай үстіндегі физика» атты викториналық ойын өткізілді. Ол үшін алдын ала бір сынып бөлмесі даярланды. Бөлме ортасында үлкен үстел, ал үстел үстінде ортада қайнап тұрған үлкен самаурын. Самаурынның жан жағында стакан, табақ, қасық, пышақ, қант, кесілген нан қойылған. Әр затқа сұрақ жазылған, кеспе қағаз байланған. Мысалы, самаурынның құлағына «неге самаурын шуылдайды?» деген қағаз байланған, сол сияқты барлық заттарға да карточка байланған.

Оқушыларды үстел басына шақырып, орналасқаннан кейін әңгіме жалғасады.

Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Сабақтың толық нұсқасын көшіріп аылңыз!

Шай ішуге арналған ыдыс-аяқ, пышақ, қайрақ, ас үйге арналған сүлгі, алжапқыш, су, самаурын немесе шайнек, аққұман, компьютер, тоңазытқыштың схемасы, заттардың жылу сыйымдылығы туралы кесте.

Мұғалім: Сабақтың мақсаты туралы, түрі туралы айиып өтеді.

Алдымен алдын-ала ізденіп дайындалуға берілген тапсырма бойынша 8 класс оқушысы Базарбаев Азамат Шайдың шығу тарихы туралы айтады.

Шайдың Отаны – Қытай болып есептеледі. Тарихи мәліметтер бойынша ең алғаш шай шөптері Қытайда ашылып, осы елде қолданған. Қытай еліне саяхатқа барған туристер Ұлы қытай қабырғасынан күннің шығу құбылысын ғана тамашалап қоймайды, сонымен қатар шай өсіру алаңдарын аралап, шай дайындаудың ежелгі әдістерімен танысып, қытай шайынан дәм татады.Қытайдың оңтүстік батысында орналасқан Сычуан провинцисы орталығы Чэндуден батысқа қарай 130 км. жүріп өтсе табиғи сұлулық шыңын көруге болады. Бұл Қытайдағы шай өндірісімен әйгілі - Мэншан тауы болып табылады. Мэншандағы шай өсірудің екі мың жылдан астам тарихы бар. Аңыз бойынша Мэншан тауына жақын жерде тұратын У.Личжэнь деген бір кісі жабайы шайдың дәрілік және сергектік қасиеті бар екенін анықтайды. Сөйтіп ол осы шай өсімдіктерін өсіре бастайды. Мэншан тауында ауа райы ылғалды, тұман болып келеді, табиғаттың осы күйі шай өсіруге өте ыңғайллы екен. Қытайлықтар: Әлемде шай отаны болып –Қытай табылады, ал Қытайда шай отаны болып Мэншан тауы табылады.

Қытайлықтар шайды өте жақыс көреді, әсіресе көк шайды. Шай ішу- әрбір қытайлық адамның өмірлік өзгермес режимі. Бұл сусын шаршауды, әлсіреуді азайтады, адамды сергітеді. Көк шайды қатерлі ісік ауруының алдын алуға пайдаланады.

Мэншан тұрғындары келген туристерге шай туралы көбірек айтуға, шай дайындаудың ерекшеліктерін, шай әзірлеу кезіндегі шеберліктерін көрсетуге тырысады. Шай дайындаудың құпияларын өз көздерімен көріп, үйренеді. Шай өндірісі өте күрделі процесс.Бұл жерде негізінен жұмыс қолмен атқарылады. Дәм тату поцесі (дегустация) кезінде қытайлықтар шай шығарудың ережелерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Судың температурасына аса мән беріледі. Ол шамамен 85С болу керек.

Мұғалім: Біз әр түрлі заттармен күнделікті өмірде жиі кездесеміз, бірақ олар туралы, олардың қасиеттері туралы толық біле білмейміз, сондықтанда осы қасиеттермен қазір жақсылап танысайық. Алдарыңыздағы қағаздарды алып, өз ойларыңды айтуға болады.

Дайын болған оқушылар: Қол көтеріп, рұқсатпен кезектесіп жауап береді.Әрбір тиянақты дұрыс жауапқа 3 ұпай, ал жартылай, толық емес жауапқа 2 ұпай, ал әрбір жауапты толықтыру-1ұпай. Ойынның соңында кім көп ұпай жинады, сол жеңген болып саналады.

Осы викториналық сұрақтардың түрлері мынадай:

1.Қайнар алдында шайнек неге шуылдайды?

(Судың температурасы жоғарылай бастағанда судың ішінде кішкене көпіршіктер пайда болады, бұлар судың ішіндегі еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шыға бастайды, ауа көпіршіктерінің ішінде су буы бар екенін білеміз, температура артқанда, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейеді. Оларға сұйық тарапынан әрекет ететін Архимед күші де артады. Сөйтіп көпіршіктер жоғары қарай көтеріледі, тап осы кезден шу, ызыл пайда болады. Осылайша көпіршіктер ұлғайып, судың бетіне шығып жарылады, яғни су қайнайды.)

2.Орта самаурынға қарағанда, неліктен толық самаурыннан тез толтыруға болады?

(Себебі: сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы сұйықтың биіктігіне байланысты, p=

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп аылңыз!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.