«Ондық бөлшектерді қосу және азайту» 5-сынып.
Айшуақов Марлен. Родник негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі.
Ұстаздың әрбір сабақтарын әр түрлі өткізу оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады.
Мұғалімнің басқа да жұмыстары:
1. Информатика 5-7 сынып. Иілгіш диск…
2. І-тоқсанға арналған билет пен бақылау жұмысы. 5-сынып.
3. Айнымалысы бар өрнек. Өрнектің сандық мәні (Ашық сабақ ) 6 -сынып.
4. «Математикалық жарыс» 6а,б кл. – сабақтан тыс.
5. Математикалық ребустар.
6. “Білгенім 9, білмегенім 99″ Сыныптан тыс сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерге қосу, азайту амалдарын жүргізуді үйрету.
Міндеттері:
1) білімділігі: Ондық бөлшектерді қосудың, азайтудың ережелерін білуге;
2) тәрбиелігі: Білімділікке, ұлтжандылыққа,сауаттылыққа;
3) дамытушылығы: ақыл-ойларын, екі түрлі ондық бөлшектерді қосқанда соңында 0 саны болатындығын;
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, деңгейлік тапсырмалар, киіз үй, плакат, кестелер.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі : іздендіру сабағы
Оқытудың әдісі: түсіндірмелі және практикалық, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану;
Сабақтың барысы: Сабақтың барысы 4 кезеңнен тұрады:
1.Ұйымдастыру кезеңі;
2.Үй тапсырмасын тексеру;
3.Есептер шығару;
4.Қорытынды сабақ(үйге тапсырма, бағалау).
Сабақтың құрылымы: Сабақ 4 деңгейлік бөлімнен тұрады:
І.Оқушылық деңгей(ауызша сұрақтар);
ІІ.Алгоритмдік деңгей(Тест жұмысы);
ІІІ. Шығармашылық деңгей(Оқулықпен жұмыс);
ІV. Эвристикалық деңгей(Математикалық лото).
1.І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлематсыздар ма оқушылар, отырыңыздар!
-Бүгін кім кезекші, сабақта кім жоқ.
Ауызша сұрақтар:
1.Бөлшек нешеге бөлінеді? (1.Жай, 2.Ондық);
2.Жай бөлшек нешеге бөлінеді?(1.Дұрыс бөлшек,2.Бұрыс бөлшек,3.Аралас сан);
3.Аралас сан дегеніміз не? (бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан);
4.Ондық бөлшек дегеніміз не? (Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан);
5.Ондық таңбалар дегеніміз не? (Ондық бөлшектің бөлігінің цифрларын айтамыз);
6.Санның бөлігін қалай табамыз?(Сол санды бөлігіне көбейтеміз);
7.Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?(Берілген санды бөлігіне бөлеміз).
2.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (С тобындағы №1020)
1) 2,3+4,5+0,6+0,5+1,7+0,4=10; Жауабы: 10
2)8,01+9,08+5,13+1,99+0,87+4,92=30; Жауабы: 30
3)6,091+7,083+3,127+0,373+2,117+0,209=19. Жауабы: 19
Тест тапсырмалары:
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз
Ұқсас тақырыптар:
- Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. 6-сынып.
- ІІ-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап.
- Информатикадан мектеп олимпиадасы 2011-2012
- И7-8. Таңғажайып «Интел» планетасына саяхат.
- Паскаль программалау тілінде сызықтық программалар құру.
- Информатика-7. “Ақпараттандырылған адам, әлемді игереді” (стс).
- Информатикадан факультативтік сабақ: Графикалық көмекшi программалар.
- Информатика-7. Әлемнің жеті кереметіне саяхат (саяхат сабақ).
- И-7. Windows-тың негізгі обьектілері (ашық сабақ).
- И-7. Терезелер. Терезе элементтері.