10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Сыныптан тыс жұмыстар

Информатика-7. Әлемнің жеті кереметіне саяхат (саяхат сабақ).

Опубликовал inust в 19 Ноябрь 2011 – 14:181 пікір
Бұл мақала 2598 рет оқылды, 1 рет бүгін

Кулбасова Рая Серікқызы. Алматы қаласы  Алмалы ауданы Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия.  Информатика пәні мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Саяхат сабақ (І тоқсан өткен бойынша қайталау)
Білімділік: Ақпарат, компьютердің құрылысы, даму тарихы тақырыптарынан алған білімдерін толықтыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, тарих, математика.

Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Үйге тапсырма беру

Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, үйткені біз әлемнің жеті кереметіне саяхатқа шығамыз. Алдымен Хеопс пирамидасынан бастап Галикарнас кесенесіне тапсырмаларды орындау арқылы жетеміз. Алдымен Хеопс пирамидасы на баруымыз үшін уй тапсырмасын тексерейік.

Хеопс пирамидасы (Үй тапсырмасы)

Нағыз керемет саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған. Ол суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан, сәулетшісі – Имхотеп.

1 тапсырма
Есепті шешу барысында қандай әрекеттер орындайсыңдар?
Ақпаратқа әртүрлі тұрғыда анықтама беріңіз

2 тапсырма
Ақпарат жеткізу мысалдарын келтіріңдер,ондағы қабылдаушыны, жеткізушіні және ортаны бөліп көрсетіңдер.

3 тапсырма
Ақпаратты қабылдау түрлерін атаңыз?
“Ақпараттық қоғам” дегеніміз не?

Семирамида аспалы бағы

Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

Семирамида аспалы бағы Тигр және Ефрат – жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамияда біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасыр шамасында Вавилон шаһарында салынған.

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

Электронды оқулықпен жұмыс

Артемиданың гибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемиданың құрметінеб.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған.

Жарайсыңдар балалар енді Зевс мүсінін көру үшін тақтадағы ребусты шешейік. Сонымен іске сәт!

Ребус

Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған.

Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салынған екен. Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты. Мүсінді көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда, Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазылып, дертіне шипа табады деген сенім болған. Зевс мүсіні ІV ғасыр шамасында Константинопольдағы орталық ипподромға көшіріліп, үлкен бір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамал бар.

Электронды оқулықпен жұмыс

ДК БӨЛІКТЕРІ

1.Қайсысы ДК-дің енгізу құрылғыларына жатады?
2. Қайсысы ДК-дің шығару құрылғыларына жатады?
3. Қағазға басып шығару құрылғысы?
4. Жүйелік блокта орналасқан есте сақтау құрылғысы?
5.Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?
6. Телефон желісі арқылы Интернетке шығу құрылғысы?
7. Компьютердегі жад түрлері?

ЖАУАБЫ:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – досар алында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып жібереді

Енді балалар тест тапсырмаларын шешу арқылы Александрия маяғына барайық барайық.

Тест сұрақтарына жауап бер:
1. Латын сөзінен аударғанда « ақпарат » ұғымы нені білдіреді?
А) Түсіндіру, баяндау
Б) Ойлау, қабілет
С) Құрастыру, жинау
Д) Бейімдеу, салыстыру

2. Ақпарат алмасу үшін не болуы керек?
А) Ақпарат көзі
Б) Оны жеткізуші
С) Оны беруші және қабылдаушы
Д) Әр түрлі жадылар

3. Хабар жеткізуде пайдаланылатын құралдарды не деп атайды?
А) Ақпарат сақтау арнасы
Б) Ақпарат жинақтау арнасы
С) Ақпарат жеткізу арнасы
Д) Ақпарат өңдеу арнасы

4. Ақпараттың мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды не деп атайды?
А) Ақпаратты сақтау
Б) Ақпаратты өңдеу
С) Ақпаратты жинау
Д) Ақпаратты жеткізу

5. Сыртқы ақпарат тасушыларға мыналардың қайсысы жатады?
А) Қағаз, дискілер
Б) Монитор
С) Желілер
Д) сыртқы жады

6. Компьютердің негізгі құрылғылары ата:
А) Монитор, жүйелік блок, пернетақта
Б) Монитор, принтер, жүйелік блок
С) Модем, тышқан, колонкалар
Д) Сканер, пернетақта, процессор

7. Сыртқы құрылғылар компьютерге не арқылы жалғасады?
А) Жады
Б) Контроллер немесе адаптер
С) Аналық тақша
Д) Дискіжетек

8. Есепші перфорациялық машинаны кім құрастырды?
А) П.Л. Чебышев
Б) Г. Холерит
С) Г.В. Лейбниц
Д) В.Т. Однер

9. Компьютердің ішкі жадының неше түрі бар?
А) 2
Б) 4
С) 3
Д) 5

10. Шығару құрылғысы:
А) Тышқан
Б) Пернетақта
С) Жүйелік блок
Д) Монитор

Жауап парағы:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А С С Б А А Б Б А Д

Александрия маяғы

Техникалық диктант
Диктанттағы бос сөздің орнын тез толтыру керек. Не жазу керек екенін өздері біліп жазып, үлгеріп отыруға тиіс. Ол мына төмендегідей формада.

Л О Г И К А

1. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
1) 4 2) 10 3) 12 4) 16

2. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?
Дұрыс жауабы: 5 тауық, 10 қоян.

3. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді?

Компьютерлік диктант

ЭЕМ даму тарихы ……. буын тұрады. Ең алғаш компьютер …….. жылы шыққан. Ең алғашқы ДК…….фирмасы………жылы ойлап тапты. Оның элементтік базасы …… Микропроцессордың сапасын…… Анықтайды. Оның

өлшем бірлігі ретінде….. алынған. Бір кристалдан тұратын үлкен интегралды схеманы ……. дейді. Ең алғаш шыққан микропроцессорлар……… Қазіргі компьютердің микропроцессорының аты…….

Жауабы.

ЭЕМ даму тарихы …4…. буыннан тұрады. Ең алғаш компьютер ..1946 жылы шыққан. Ең алғашқы ДК IBM……фирмасы..1981жылы ойлап тапты. Оның элементтік базасы микропроцессор.Микропроцессордың сапасын тактілік жиілігін анықтайды. Оның өлшем бірлігі ретінде МГц мегагерц алынған. Бір кристалдан тұратын үлкен интегралды схеманы микропроцессор дейді. Ең алғаш шыққан микропроцессорлар INTEL88 286, INTEL 88 386, INTEL 88486 т.б.

Қазіргі компьютердің микропроцессорының аты Pentium I,II,III,IV,V.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.