5-сынып. Технология. ст: Мата шығару
Рамашова Кенже, технология пэн мугалімі, №169 орта мектебі, Кызылорда облысы, Жанакорган ауданы
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, мата шығару туралы түсінік беру
Тәрбиелік: оқушылардың көркемдік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық көз-қарастарын қалыптастыру
Дамытушылық : мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі мата шығару және өңдеу сабақтары жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалау әдістерімен таныстыру
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту, сұрақ-жауап, тест әдісі
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс, компьютермен жұмыс
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу , химия, физика
Сабақтың көрнекілігі: Тірек- сызбалар, Компьютерлік слайдтар. Тапқырлық ойыны Суреттер
ІІІ. Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой толғау ойыны»
Мақта –неше жылдық өсімдік?
Мата –қандай талшықтан тұрады?
Мақтаның құрылымы?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару.
ІV. Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Тірек-сызбалармен жұмыс
2.Танымдық жұмыс
3.Өзара оқыту әдісі
Мата шығару
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы –талшықтардан жіп жасау. Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарады. Таспаны тегістеп, сәл айналдырады да, босаң жіп алады.
Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді дайын болған жіпті арнайы шөріктерге орайды.
Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлдеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды.матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін-матаның жиегі дейді.
Матаны алу процесін тоқу деп атайды.
Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады, cоның ішінде ең жай түрі- кездеме тоқу.
Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.
Матаның екі жақ беті бар: оң және теріс.
Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз
Ұқсас тақырыптар:
- Математика-6. Не? Қайда? Қашан?
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Математика, информатика, физика апталығына арналған қорытынды кеш.
- Баяндама: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- 10-сынып. Visual Basic программалау тілі бойынша практикалық жұмыстар (ЭО).
- §48 Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері. Қолданылуы.
- Информатикадан 7 - сыныпқа арналған электрондық оқулық
- 7- сынып, физика. Масса және күш тарауын қайталау.
- 7 сынып. Ағылшын тілі мен информатика. Disappearing world. Мәтінмен жұмыс. Сөздердің астын сызу
- Алгоритм үғымы. Информатика-9.