Қызықты физика. Физикалық кеш. Сценарий.
Айнағұлова Кемчат Сақанқызы, Еңбек өтілі – 14 жыл, жоғарғы санатты 1994 жылы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтты физика, информатика және еңбек мамандығы бойынша бітірген. Талдықорған қаласындағы №19 кәсіптік лицейдің физика пәнінің оқытушысы.
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді ІІ курстың 222, 223, 224 - топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
222- топтан құралған «Күш», 223 «Заряд», 224 «Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
- Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
- Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
- Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
- Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)
- Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)
- Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру
Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші
І кезеңімізді бастайық.
Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші-көркемдеуші» мамандығы)
222- топтың ұл-қызы
Жанса деймін жұлдызы, суреттейтін даланы,
Көркемдейтін қаланы, мамандықтың киесі
Суретшілер-Жасасын!
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал үшін -Арнұр бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Ұлжан бар,бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Құрмет -деген нұсқа бар
Күндей сұлу –Айдана Әлішер бар, Ұлтай бар
Міне, бізде бәрі бар…Болат та бар, Алтын бар
Жер бетінен табылар!
Біздің ұран:
-Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!-Біз күшпіз,сондықтан да жеңеміз!
2. «Заряд» тобының таныстыруы:
Біздің топта 8 оң заряд(ұл) пен 17теріс заряд(қыз) бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:
Салтанат-+ зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты:
«Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»
Ботагөз-бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Айдана-ұзындығы 1м 70 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Нурлан-шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.
3 «Атом» тобының таныстыруы:
Біздің топ: Атом
Атом- оң зарядталған протондар мен теріс зарядталған электрондардан тұрады.
Бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады
Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.
Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?
ІІ кезең жорға кезеңі.
Жорға, жорға жорғалашы, жорға, жорға жорғала …
222 - топ «Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз
10 сұраққа жауап беруге дайынбыз ба?
- Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)
- Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)
- Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)
- Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)
- Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)
- Жылдамдықтың өлшем бірлігі – (м/с)
- Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
- Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с)
- Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)
- Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? – (толқын)
223 - топ «Заряд» тобына сұрақтар:
- Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)
- Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
- Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
- Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)
- Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
- Зарядтың, тоқ күшінің периодты өзгерістері не деп аталады – (электромагниттік тербелістер)
- Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
- Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)
- Ньютонның І-заңы не деп аталады – (Инерция)
- Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді – (ω)
224 - топ «Атомдар» тобына сұрақтар:
- Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)
- Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
- Катушкадан, конденсатордан тарайтын тербелмелі жүйе не деп аталады – (тербелмелі контур)
- Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)
- Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім – (Попов)
- Толқын түрлері – (қума және көлденең)
- Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
- Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы – (Ньютонның ІІ-заңы)
- Тербелістің ең үлкен ығысуы не деп аталады – (Амплитуда)
- Қазақстанда ең алғаш телевидение қай жылы пайда болды –(1958 ж)
ІІІ – кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.
Бұл үй тапсырмасы. Топтар өздері дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
- 222 – «Күштер» (стакандағы су, қағаз )
- 223 – «Зарядтар»( стакан, жылы су, тұз, жұмыртқа, қасық )
- 224 – «Атомдар» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Бутылкаға жұмыртқаны салу )
ІV – кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (пән туралы әзілдер)
Көрермендерге сұрақтар:
- Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
- Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
- Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
- Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
- Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))
V – кезең. Капитандар сайысы.
3 – капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.
1- тапсырма. Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту.
2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)
3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)
VІ – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.
- Зарядтардың бірін – бірі тарту және тебу құбылыстары.
- Деформация (созылу, иілу, бұралу).
- Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).
Сайыс өз мәресіне жетті.
Сөз кезегі әділ қазыларда. . .
Ұқсас тақырыптар:
- Физика-7. «Қысымның қатты денелер,сұйықтар,газдар арқылы берілуі Паскаль заңы.»
- Операциялык жуйе (ашық сабақ).
- Информатика 5-7. Paint графикалық редакторы.
- Рационал сандарға амалдар қолдану. 6 класс, математика.
- Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. 6-сынып.
- «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» 5-сынып.
- ІІ-тур. Информатикадан 2011-2012 жылғы аудандық олимпиадасы, 2-этап.
- Информатикадан мектеп олимпиадасы 2011-2012
- И7-8. Таңғажайып «Интел» планетасына саяхат.
- Паскаль программалау тілінде сызықтық программалар құру.