10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Паскаль тілінде енгізу-шығару операторын пайдаланып есептер шығару

Опубликовал в 6 Январь 2012 – 14:54Пікір жоқ
Бұл мақала 3010 рет оқылды, 2 рет бүгін

Жумабекова Альмира Аденбековна
Семей қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Сабақ тақырыбы: Енгізу-шығару операторын пайдаланып есептер шығару
Сабақ мақсаты:
Білім берушілік Паскаль тілінің қарапайым операторы арқылы  сызықтық құрылымды  алгоритмдердің программасын жазуды үйрену
Дамытушылық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік пәнге қызығушылығын тәрбиелеу

Сабақ түрі: практикалық
Сабақ  өткізу әдісі: іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың жабдықталуы: ДК, Турбо Паскаль бағдарламалау ортасы
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастырушылық кезен Аудитория әзірлігін тексеру, оқушыларды түгендеу

2. Тақырып бойынша негізгі білім өзектілігі

  1. Оператор деген не?
  2. Енгізу-шығару операторы не үшін қолданылады?
  3. Жазылу үлгісі қандай?

3. Практикалық жұмыс

Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар:

Нұсқа Тапсырмалар
1 Трапецияның а,в қабырғалары және һ биіктігі берілген. Трапецияның ауданын анықтау қажет. S=
2 Тіктөртбұрыштың а,в қабырғалары берілген. Үшбұрыштың ауданын табу керек. S=a*b
3 Массалары m1,m2,m3 және координаталары (х1,у1),(х2,у2),(х3,у3) материалдық нүктелердің ауырлық центрлерінің  координаттарын табу керек
4 Берілген АВ кесіндісіндегі n1:n2 қатынасы арқылы бөлінетін нүктенің координаттарын есептеу керек.
5 Қабырғалары а,в,с үшбұрыштың медианаларын табу керек
6 F=g(x-y) функциясының t=7 болғандағы мәнін табу керек, мұндағы g=5*x+sin2*y, y=x2+5*x+lnx,  x=0.02t3-25
7 Функциялардың x=3.2 болғандағы мәнін табу керек.
G=cosx-tgx
W=lg(5+x3+2*x2)
E=sin(x-5)2
T=cos(2*x-5)3
8 Табан дөңгелегінің радиусы R,  биіктігі h болатын цилиндрдің толық беті мен көлемін табу керек.

s=2*pr(r+h);

9 Шаршының қабырғалары берілген. Оның ауданы S=a2 және периметрін P=4*a табу керек.
10 Шеңбердің радиусы берілген. Оның ауданын табу керек. S=PR2

Әдістемелік нұсқаулар

Алгоритм-есепті шешу үшін орындаушыға біртіндеп,рет-ретімен берілетін нұсқаулар жиынтығы. Алгоритм құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:сызықтық,тармақталу,қайталану(циклдік). Сызықтық алгоритм-бұл алгоритм құрылымдағы нұсқаулар жазылу реті бойынша бірінен кейін бірі сызықты түрде орындалады. Осы сызықтық алгоритмді Паскаль тілінде программалау қалай жүргізілетінін қарастырайық.

Кез келген программаны құруда программалаудың төмендегідей кезендерін ескеріп,жұмыс жасаған ынғайлы.
Программаны құру кезендері:
Есептің математикалық қойылымын (математикалық моделі) жасау;
Есепті шешу алгоритмін жазу;
Алгоритмге сәйкес программа құру,компьютер жадысына енгізу;
Программаның қатесін тексеру;
Программа нәтижесін алу;

1. Есептің математикалық қойылымын (математикалық моделін) жасау.

Бұл кезенде берілген есепті шешуге қажетті аргументтер және нәтиже алынатын теңдеулер анықталынады. Мысалы:  Үшбұрыштың ауданын анықтау керек болсын. Үшбұрыштың ауданын есептеуге Геронның формуласын қолданамыз.

Мұндағы: a,b,c- үшбұрыштың үш қабырғасының өлшемі пернетақтадан енгізіледі.

Ал,үшбұрыштың жарты периметрі мына теңдумен анықталады p=(а+в+с)/2

2. Есепті шешу алгоритмін жазу

Программалаудың бұл кезеңінде берілген есепті шешудің алгоритмі жазылады, яғни қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын нұсқаулар рет-ретімен жазылады.

3. Алгоритмге сәйкес программа құру:

Program esep1;
Var a,b,c,p,s:real;
Begin
Writeln(‘a,b,c-енгіз’);
Readln(a,b,c);
P:=(a+b+c)/2;
S:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
Writeln(‘s=’,s);
End.

4. Бекіту Берілген тапсырмаларды тексеру, оқушыларды бағалау
5. Үй тапсырмасы қайталау

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.