10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Сыныптан тыс жұмыстар

«Білім биржасы» зияткерлік ойыны

Опубликовал Almira14 в 6 Январь 2012 – 14:04Пікір жоқ
Бұл мақала 909 рет оқылды, 6 рет бүгін

Жумабекова Альмира Аденбековна. Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып 2 «А» 2 «В»

Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
Өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген трейдерлерді қалыптастыру.
Міндеті:
- оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар:
әртүрлі купюрадағы «эвролар» («эврика» сөзінен шыққан зияткерлік ақша бірлігі)
Техникалық құрал:
компьютер, проектор, ИТ.
Бағдарламалық жабдық:
презентация, Excel-де жасалған бағалау парағы
Ойын шарты:
Ойынға 10 оқушыдан тұратын топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ
қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді
білу бойынша сайысады.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ – тур. Сыйлықтар аукционы. жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген білімді оқушылар. Ендеше кезек оқушыларда.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 эвро. Топ бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға №1 лот – Қазақ тілі пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 эвро. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына эвро қосады.

Сұрағы: Тұңғыш “Әліппе”оқулығын жазған кім?
Жауабы: Ахмет Байтұрсынұлы

№2 лот. Аукционға математика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Төртбұрыштың периметрі деген не?
Жауабы: Төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қоcындысы

№3 лот. Аукционға информатика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Ақпараттың қандай түрлері бар?
Жауабы: Мәтіндік,дыбыстық,сандық,графикалық

№4 лот. Аукционға орыс тілі пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Отгадайте загадку

Любопытный красный нос
По макушку в землю врос,
Лишь торчат на грядке
Зеленые пятки.
Жауабы: (морковь)

№5 лот. Аукционға информатика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Компьютердің негізгі құрылғылары қандай
Жауабы: Пернетақта, МониторЖүйелік қорап

№6 лот. Аукционға ағылшын тілі пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: I have got a red pen.Қазақ тіліне аудару керек
Жауабы: Менде қызыл қалам бар

Осымен І – тур аяқталды. Қорытындысын экраннан көре аласыздар. Жоғары капитал жинаған топ.

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше,

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!

ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.

Сұрақтар

  • 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10 см)
  • Часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы Кто? Что? (Имя существительное)
  • Изменяемая часть слова, которая служит для связи слов в предложении – это … (окончание)
  • Бес асыл іс және бес дұшпаныңды ата.
  • 892 мен 92 сандарының айырмасы нешеге тең?(800)
  • Ақиқат және жалған пікір деген не? (ақиқат-шындық, жалған-өтірік пікір)
  • Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай? (бит)
  • 1,2,3,4,5 сандарын ағылшын тілінде айт. Five plus seven is …(12)

ІІ – тур қорытындысын экраннан көре аласыздар.

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

ІІІ – тур «Таңдау табыс» деп аталады. Әр топ ұсынылған пәндерден біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

Математика
3,8,13… сандар қатарын жалғастыр
Жауабы: 18,23,28,33,38…

Қазақ тілі
Туған жер, Отан туралы мақал айт

Ағылшын тілі
Foоrteen minus eight is …
Жауабы: Six

Орыс тілі
Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?

Мягкий знак и твердый знак
Разговаривают так:
Сколько я пирожных съем?
Мягкий знак ответил: «Семь!»
Ответ: съем – 4 буквы, 3 звука
семь – 4 буквы, 3 звука

Информатика

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!
Жауабы: Тышқан

Енді топтардың жауаптарын тыңдайық. Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70-ке дейін/

№1 лот.
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/

№2 лот.
Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/

№3 лот.
Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты
/өшіргіш/

№4 лот.
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді./қалам/

№5 лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/

№6 лот.
Дүниеге тұмсызсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/

№7 лот.
Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/

№8 лот.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
/күнделік/

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», - деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.