Операциялық жүйелер және олардың дамуы
Мерген Жұман. Алматы облысы, Талдықорған қаласы.
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаттары:
1. Білімділік. Операциялық жүйелер және олардың дамуы туралы жан-жақтылы түсіндіру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау, басқару қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды дербес өмір сүруге, қажырлы, қарапайым, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Берілген уақыт: 45 минут
Көрнекіліктер және қосымша әдебиеттер:
1. Интербелсенді тақта, компьютер.
2. Е. Қ. Балапанов, А. Б. Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ». Оқу құралы-ЖТИ, Алматы 2005.
3. Н. Ермеков, В. Криворучко, С. Ноғайбаланова, Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы, Жазушы 2006.
4. Ермеков Н. Т, т.б, Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы, Жазушы 2007.
Пәнаралық байланыс: Өндірістік оқыту, информатика, сурет.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
• Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі;
• Балаларды түгендеу;
• Сынып тазалығына, реттілігіне көңіл бөлу;
• Оқушылардың сабаққа дайындығын (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері) тексеру;
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау (тексеру).
1) Техника қауіпсіздік ережесінің жалпы ережесі туралы не білесіз?
2) ДК-мен жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары қандай?
III Жаңа сабақты түсіндіру.
IV Сабақты бекіту: Операциялық жүйелер және олардың дамуы туралы оқушылардың өз ойларын ортаға салу.
V Сабақты қорытындылау:
1) Операциялық жүйелер қаншаға бөлінеді?
2) Операциялық жүйелердің қандай қызмет атқаратынын айтыңдар.
3) Операциялық жүйелердің даму жолдарын айтыңдар.
VI Бағалау: Оқушыларды бағалап, журналға баға қою.
VII Үйге тапсырма: Өтілген сабақты қайталап келу.
Сабақ жоспарын құрған М. Жуман
Операциялық жүйелер және олардың дамуы
Қазіргі заманғы ОЖ- ге мынандай талаптар қойылады:
• Сыйымдылық – ОЖ басқа ОЖ- лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс;
• Көшірушілік – ОЖ- бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көщіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• Сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі – ОЖ- ны ішкі жане сыртқы қателіктерден, іркілістерден жане бас тартулардан қорғауды ойластырады;
• Қауіпсіздік – ОЖ- де бір пайдаланушының ресурстарын екінші пайдаланушының қорғау құралдары болуы тиіс;
• Ұлғайтылымдылығы – ОЖ келесі өзгерістер мен толық тыруларды енгізудің қолайлығын қамтамасыз етуге тиіс;
• өнімділігі- жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс.
• Windows 2000-ның басты артықшылығы:
• Жұмысты орнықты істейді, себебі қолданбалы программалар ОЖ-нің өзінің жұмысына араласа алмайды;
• Жұмыстың көп пайдаланушылық режимі бар;
• Ресурстарды бөлудің жетілдірілген механизмі бар,
• Себебі ол топтық жұмысқа, желідегі бірлескен жұмысқа арнайы есептелген.
• Windows 2000-ның ОЖ-сі:
• Пайдаланушыға қолайлы әрі түсінікті интерфейс береді;
• Компьютерлерде көбінесе оңтайлы пішіндемелер жұмыс
• Істейді;
• Одан әрі дамыту үшін ашық архетектурасымен 32-разрядты файл жүйесі бар;
• Дыбыспен, бейне және жинақтаушы-дискілермен жұмыс істеуге арналып қоса орнатылған құралдары (CD-ROM) бар;
• Пайдаланушыға қарапайым тапсырмалар беру арқылы операцияларды орындау процесін автоматтандыратын шеңбердің (Wizards) саймандарын береді;
• Қателіктерді анықтаудың, оңтайландырудың және түзетудің қоса орнатылған құралдарын қосады, олар құрылғылар арасындағы келеғарлықтарды жоюға көмектеседі және бүкіл жүйенің қызмет атқару тиімділігін арттырады;
• Кәдімгі және шағын компьютерлердің файлдарын алыстан басқару мен ілестіру режиміндегі жүұмысын қамтамасыз етеді.
• Көн есептік жүйе.Бұл ол бір мезгілде көптеген есептермен (құжаттармен) жұмыс істей алады дегенді білдіред.Әрбір құжаттың өзінің қолданбалы программасымен (мәтіндік редактор, электрондық кесте және т.б.) өңделіне алады.Сонымен қатар бір программаның бір неше көшірмесімен жұмыс істеуе болады. Бірнеше бағдарламамен жұмыс істеген кезде есте болатын ержелер бар:
• әрбір бағдарлама өзінің терезесінде жұмыс істейді;
• уақыттың әр сәтінде бір ғана бағдарлама пәрменді;
• пәрменді бағдарламаның тақырыбы ерекшеленген,
• пәрменді емес бағдарламамен жұмыс істеу үшін
• оның терезесін пәрменді ету керек;
• бағдарламалардың ашық терезелерінің барлығының
• міндеттер панелінде өздерінің батырмалары (кнопкалары) болады.
Ұқсас тақырыптар:
- Операциялык жуйе (ашық сабақ).
- И-7. Windows-тың негізгі обьектілері (ашық сабақ).
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Үздік информатик (стс).
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Информатика. Операциялық жүйе түрлері.
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- И-7. Терезелер. Терезе элементтері.