10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Таңдаулы

Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы

Опубликовал aibekkamil в 12 Декабрь 2011 – 03:04Пікір жоқ
Бұл мақала 750 рет оқылды, 5 рет бүгін

Назгүл Талғатқызы Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. Пысықтау сабағы.     жүктеу

Сабақтың мақсаты:
1.оқушыларға  сұраулы сөйлем жасайтын көмекші сөздер туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, таным белсенділігін дамыту.
3.Халқына, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке-дара
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, практикалық жаттығулар
Қолданатын технология: деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: көшіріп алыңыз

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кіріспе. Амандасу.
ә) Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң құрбым
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.

Мұғалімнің сұрағы:                         Оқушылар жауабы:
Әрбір адам?                                         Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ?                                         Үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің?                                             Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?                                           Шындық, бірлік, адалдық

-Балалар қазір қай ай? Желтоқсан айы.
-Бұл айда қандай мейрам бар?  16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
-Не себептен Тәуелсіздік күні Желтоқсан айында аталып өтеді? Жауап жазу.
-Желтоқсан оқиғасына қатысқан кімдерді білесіңдер? (Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхаметжанова, Лаззат Асанова)
Ендеше, бүгінгі сабағымызды Сабира Мұхаметжанованың рухына арнаймыз.

Суретін тақтаға шығару.

ІІ. Өткенді пысықтау. Бүгінгі сабағымыз оқулықтағы жаттығулармен қоса, қосымша 1,2,3,4 деңгейлік тапсырмалармен өтеді.

Балалар сендер келесі деңгейге көтерулерін үшін әр деңгейдегі тапсырманы дұрыс орындап отырыңдар. Балалар сендердің білімдеріңді бүгінгі қонаққа келген мұғалімдер бағалайды. Сондықтан да сабаққа алғырт, ұжымдық танытып, жақсы қатысайық.

І-деңгей.
А) Үй тапсырмасын тексеру. «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны. Қазір мен сөйлемді бастаймын сендер жалғастырасыңдар.

1. Сөйлем  аяқталған ………………  . (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден …………………..   . (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер  …………….   . (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші ……………..   . (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5.  Сөйлемнің соңына ……………..  . (нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін …… . (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін …..  . (сұрақ белгісі қойылады).

ІІІ. Жаңа сабақ. Пысықтау сабағы.

1.Күн ретін жазу.
2. Көркем жазу. (С с әрпін дәптерлеріңе әдемі  жазу).
Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтаға сурет арқылы көрсетілген мысал жазу.

Жануарларды  атпа.                                                 Анау ат па?
Жазылуы басқа, бірақ естілуі бірдей сөздер бар ма? (атпа, ат па?)
Қай сөйлемде  па бірге жазылып тұр? (Бірінші сөйлемде).
Осы сөйлем қалай аталушы еді? (Хабарлы сөйлем)
Бірінші сөйлемде  па бірге жазылып тұр, онда па жұрнақ болады, атпа сөзі қимылды білдіріп тұр.

Қай сөйлемде па бөлек жазылып тұр? (Екінші сөйлемде). Бұл сөйлем сұраулы сөйлем болады. Сұраулы сөйлемде па жеке жазылады. Ол көмекші сөз болады.

Па көмекші сөзін алып тастасақ, сұраулы сөйлем бола  ма? (Болмайды).

Сөйлемдерің оқылуын дауыс ырғағымен де келтіруге болады. Мысалы, сабақ басталды ма? Жауап алу мақсатында айтылып тұр.

ІІ-деңгей. «Салыстыр».
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.

Балалар, оқулықтың 99- бетін ашып, 1-жаттығуға қараймыз. Ауызша орындай-мыз.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқиды. Оқушылар кезекпен орындарынан тұрып түсіндіріп айтады.

Бүгін киноға барма.                    Сенде қарындаш бар ма?
Ініңнің қасынан кетпе.                 Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме.                Бүгін досың келе ме?

Бірінші бағандағы  сөздердегі ма, пе, ме  жұрнақтар болады, бірге жазылады, қимылды білдіріп тұр. Екінші бағандағы  сөздердегі  ма, пе, ме көмекші сөздер деп аталынады, сұраулы сөйлем жасайды, сондықтан да олар бөлек жазылады.

Ережені бір оқушыға дауыстап оқытамын: «Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады».

ІІІ-деңгей. «Не қажет?» ойыны.
а)Сурет арқылы не қажет екенін табу. Тақтадағы сурет арқылы әр суретке хабарлы және сұраулы сөйлем құрау.

ма, па, ба.                                                    ме?  ба?  ме?
Ағашты сындырма.                                   Ит үрді ме?
Оқулықты жыртпа.                                    Кітапты  алдың ба?
Ұяны бұзба.                                                    Ағаш кесті ме?

ә) Дәптермен жұмыс. 2-жаттығудың берілгені оқылады. Сөйлем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма? Жақшаны ашып, дұрысын жаз.

Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқаңды түсіндің бе? Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа қалды ма?

Сергіту сәті. «Бақа, бақа, балпақ». Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлініп айтады.

Қыздар: Ұлдар:
-  Бақа, бақа, балпақ,                        -Темір телпек көп киіп,
Басың неге жалпақ?                         Басым содан жалпақ.

- Бақа , бақа, балпақ,                       -Көрінгенге көп қарап,
Көзің неден тостақ?                        Көзім содан тостақ.

- Бақа, бақа, балпақ,                        -Су ішінде көп жүзіп,
Бұтың неге талтақ?                         Бұтым содан талтақ.

б) 3-жаттығу.

Карточкамен жұмыс. Оқушыларға сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.

1-карточка: Таң атты. Күн шықты.
2-карточка: Қанат ерте тұрды. Мектепке барды.
3-карточка. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді.
4-карточка. Сабақ басталды. Сабақ қызықты өтті.
5-карточка. Балалар үйлеріне көңілді қайтты.
6-карточка. Қыс келді. Күн суытты.
7-карточка. Қанат  аққала жасады.

ІҮ-деңгей. «Шығармашылық жұмыс».

Қар жауады қалай?
Кімдер? жүр шапалақтап,
Балалар не? киеді
Не? беттен сүйеді.

Ү. Сабақты бекіту. «Қандай сөйлемдер?» ойыны.

Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар  сөйлемге қандай тыныс белгісін қоя керек екенін анықтап, қолдарындағы таңбаны көрсетеді. (.   ?   ! ).

  1. 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні ме?
  2. Алақай! Ауылдан әжем келді!
  3. Қыста аю не істейді?
  4. Анам дүкеннен келді.
  5. Мереке құтты болсын!
  6. Күн суытты ма?

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,па,пе көмекші сөздер бөлек жазылатынын білдік.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. «Ашық журналдағы» бағаларын есептеп, сабаққа қатысу белсенділіктерін талдай келе, оқушылардың білімін бағалау.

«Ашық журнал»

р/с Оқушының аты-жөні І-деңгей.
Үй тапсырма-сын тексеру. «Мен бастай-мын сен жал-ғастыр» ойыны
ІІ-деңгей. «Салыстыр». ІІІ-деңгей. «Не қажет?» ойыны 2,3-жаттығу ІҮ-деңгей. «Шығармашылық жұмыс». Қорытын-ды баға
а ә б
1
2
3
4
5
6

Бағалау - «5», «4», «3», «2».

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.